Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс № 12



Дәріс тақырыбы: Этникалық мәдениет теориясы.

Дәріс жоспары:

1. Этнологиядағы "мәдениет" ұғымының қолдану мәндері.

2. Этнографиядағы мәдениетті жүйелеу принциптері.

3. Мәдени феномендер.

Дәріс мақсаты: Этнологиялық мектептердің негізгі териялары мен көрнекті өкілдерінің негізгі тұжырымдарымен таныстыру.

Негізгі түсініктер: функционализм, әлеуметтанулық мектеп, қоғамдық институттар, стуктурализм және т.б.

Дәріс сабағына арналған әдістемелік нұсқау: Дәріс сабақтарында тақырыпқа сай негізгі түсініктерді талдап, әдебиеттермен жұмыс жасай білуге дағдылану қажет. Тақырып бойынша оқытушы тарапынан берілген негізгі түсініктерді ғана емес, қосымша өз бетінше ізденіп, категориялық ғылыми аппаратты кеңейту ісімен айналысуы шарт.

Латын сөзінен шыққан "мәдениет" термині әуелде жерді өңдеу, күту деген ұғымды білдірген. XVIII ғасырда неміс философтары адам еңбегімен жасалатын игіліктердің барлығын мәдениет деп түсінген. Кеңес энциклопедиялық сездігінде мәдениет туралы мынандай анықтама берілген: "Қоғамның, шығармашылық күштердің және адам қабілеттерінің белгілі тарихи дәрежеде дамуы, адамдардың өмірі мен қызметін ұйымдастыру типтері мен формалары". Жалпы "мәдениет" ұғымы жөнінде түрлі авторлар еңбектерінце 400–ден аса анықтама кездесетінін айтуға болады. Этностың бізге белгілі компоненттері – сана–сезім, мәдениет және психика. Сана–сезім туралы жоғарыда сөз еттік, енді психика, мәдениет және оның құрылымы туралы еңгімелейік,

Жалпы мәдениет үш маңызды құбылыс тұрғысынан қарастырылады. Тарихи–әлеуметтік. Мұнда ең алдымен мәдениеттің қоғамдық Функцияларына ерекше кеңіл бөлініп, оның ішкі мазмұны мен Құрылымы екінші кезекке ығыстырылады. Философиялық–антропологиялық. Зерттеушінің назары адамның мәдениет жасағыш қызметіне аударылады. Феноменологиялык. Мәдениет біздің күнделікті өмірлік тәжірибеміз ретінде қаралады.

Мәдениеттің ішкі құрылымы әрқилы: қоғамдық сананың түрлеріне сәйкес мәдениеттің өнегелік, құқықтық, саяси, діни, эстетикалық және басқа салаларын бөліп керсетуге болады. Мәдениеттің ішкі құрылымының моделі оның қызмет құрылымының, соның ішінде өндіріс және түтыну салаларына бөлінуі негізіңде жасалуы мүмкін. Сонысын, әдетте, орысша "тұрмыс мәдениеті" деп атаса, шет елдерде "өндіріс сыртыңдағы мәдениет" дейді. Десек те, көбінесе мәдениеттің ішкі құрылымын, оның объективті формаларын анықтауда мәдениет те материалдық және рухани салаларға бөлінеді. Мәдениеттің материалдық саласына еңбек құралдары, қатынас құралдары, тұрғын үй және басқа құрылыстар, киім, тамақ, мәдени өсімдіктер және үй жануарлары жатады. Денені бояу, татуировка (денені өшекейлеу) түсіру, косметика (бет–ауызды опалап, сәндеу) және парфюмерия (хош иісті заттар) мәдениеттің айрықша түрі саналады. Рухани мәдениет: білім, әдет–ғұрып, мінез, құқықтық нормаларын, өнердің және халық шығармашылығының туындыларын, діни сенімдерді қамтиды.

Рухани мәдениеттің кез келген компоненті өмірде жазу, сез, мүсін, музыкалық әуеңдер... түрінде көрініс табуға тиіс, ал мұның адамның дене еңбегінсіз іске асуы мүмкін емес екендігі түсінікгі.

Жуырда ғана адамдардың әр түрлі әлеуметтік қажеттілігін етеудегі мәдениеттің негізгі 4 өрісін бөліп керсету ұсынылды:

– өндірістік;,

– өмірді қамтамасыз ететін;

– саяси нормативті;

– танымдық.

Мәдениеттің орындайтын көптеген функцияларының ішінде оның этникалық функциясын ерекше атаған жөн. Лдамдар қоғамында этномәдениеттік ақпараттар басқа кез келген ақпараттар сияқты, әр түрлі формада беріледі: материалдық және рухани мәдениет шығармалары арқылы, ым–ишараттар төсілімен және т.б.

Мәдениет – өзінің дамуында көп қабатты сипатқа ие. Мәдениеттің ең тұрақты компоненттері оның негізгі қанқасы, тірегі іспетті, негізгі этникалық жүгін кетереді. Мәдениеттің мұндай компоненттерін белгілеу үшін "дәстүрлер" (латынша – "передача", "предание") термині кеңінен пайдалаяылады.

Бүкіл тарихи үрдісте мәдени дәстүрлерге өте маңызды рөл бөледі. Мәдениеттік дәстүрлерде адам қызметінің бағдармалары белгіленіп отырады. Оларда әртүрлі тарихи ортақтықтардың шоғырланған, жинақталған тарихи тәжірибесі көрсетілген.

Дәстүрлердің мирасқорлық сипаты, тұрақтылығы оларды қоғамның дамуында тек кертартпалы консервативті бастау деп қарауға негіз бермейді. Біріншіден, әдетте, ескіліктің қалдықтары деп аталатын теріс дәстүрлермен қатар, жағымды және біршама бейтарап дәстүрлер өмір сүреді. Екіншіден, ұрпақтан ұрпаққа дәстүрлерді, мәдениет элементтерін тарату көзінде олар өздері жаңа жағдайларға бейімделеді және сондықтан өзгеріссіз қала алмайды. Үшіншіден, қоғамда әрқашан бүрынғы ұрпақтардан қалған дәстүрлерден басқа, жаңалардың пайда болуы жүріп жатады.

"Дәстүр" ұғымы "әдет–ғұрып" ұғымымен өте тығыз байланысты. Кейде тіпті оларды бірдей деп те санайды. Алайда, біріншісінің ауқымы екіншісінен кеңірек: әдет–ғұрыптарды дәстүрлер деп санауға болады, ал барлық дестүрлер бірдей әдет–ғұрып емес. Әдет–ғұрып – этникалық ортада белгіленген. Әдетте, ол тұрмыс жүйесінде немесе отбасы–тұрмыстық қатынастарда қолданылатын төртіп ережелері. Ырым – салт жоралары компоненттерінің бірі болып саналады. Бұл – көпшілік қарым–қатынасының тарихи қалыптасқан немесе арнайы белгіленген стереотипті формалары. Әдетте, ол бір үлгіге салынған (стандартталған) іс–қимылдың қайталануын білдіреді.

Ырым–жоралар мынадай функцияларды атқарады:

1. Ішкі этникалық байланыстарды реттеу:

– этнос мүшелердің әрекетін оларды әлеуметтік институттар жүйесіне еңгізу арқыны бірлестіру;

– жеке адамның топтық нормаларды және қүндылықтарды меңгеріп алуы;

– топтық ниеттестікті, тілектестікті орнату;

– адамдардың күнделікті қарын–қатынасында пайда болатын эмоционалды (қызуқандылық) зорлануды жою, кеңіл–күйді қалпына келтіру;

– өмірлік жағдайлардың елеуметтік маңызын бекіту (туу, жыныстық жетілу, некеге тұру, үйлену, өлім).

2. Этностың мәдени тәжірибесін жинау және тапсыру этнос мәдениетінің дәл сол қабатын көбінесе дәстүрлерге, әдет–ғұрыптарға, салт–жораларға жоне ескінің қалдықтарына бай "дәстүрлі-тұрмыстық" мәдениет – "өндіріс сыртындағы" деп атап кеткен оны кесіптік (көпшіл, жекеленген) түрінен айырып қараған.

Жалпы, мәдениеттің жұмыс істеу диалектикасы мынандай: бір мезгілде адамдармен қарым–қатынас жасау құралы да, адамдардың арасын ашу құралы да бола алады. Мәдениеттің дәл осы қасиеті оның этникалық функцияларының негізінде жатыр.

Егер біз этностарда қоғамдық сана болатыны туралы айтсақ, онца этникалық мәдениет пен психиканың бірлігі туралы да айтуға құқымыз бар. Егер мәдениеті тек объективті қызметке жатқызсақ, онда бір жағында оның практикалық (іс жүзіндегі) қызметі, екінші жағында психикалық қызметі тұрады. Алайда психикалық қызметтің іс жүзінде бөрі бірдей болмауына байланысты оларды ажырату үлкен меселеге айналады. Сонымен қатар этникалық және оған жақын топтық және саяси психологияның көптеген мәселелері жете зерттелмеген.

Этностың психикалық қисыны деген не? Әдетте, оны екі компоненттерімен бірдей санайды. Біріншісі жөнінен зерттеушілерде пікір–талас аз, ол қайрат, ерік–жігер ретінде анықталады. Екінші талас характердің бағыттанушылығы, негізгі өмірлік мақсаттары, болмысқа кезқарасы жөнінде.

Жеке этностық ортақтықтың сипатын (характерін) абсолютті етуге болмайды. Өйткені, сипаттың анықтаушы қырларының көпшілігі (еңбексүйгіппік, патриотизм, ерлік, мақсатқа үмтылушылық) жалпы адамзатқа тән. Басқаша айтсақ, әлеуметтік–экономикалық, географиялық және, өмір сүру қалпының ерекшелігіне қарай, еңбексүйгіштік қасиет әр-халықта тіпті де бірдей емес екені байқалады.

Сол сияқты жинақылық және дәлдік қасиеттер де әр халықта әр түрлі бой кврсетеді. Мысалы, дәлдікті немістер немесе голландықтар жоғары бағаласа, Испанияда оған салыстырмалы түрде аз мән беріледі, ал Латын Америкасы елдерінде оның бағасы бұдан да кем. Тіпті батылдықты әр халық әр түрлі білдіреді. Юмор–дың (әзіл–оспақ) да қайталанбас түрлері бар. Яғни, жалпы алғанда, әрбір этникалық орталықтың сипаты жалпы мен ерекшенің табиғи бірлігін көрсетеді.

XVIII ғасырдың басында Еуропада көпшілік жұрт ағылшыңдарды төңкеріске, өзгеріске құштар, ал француздар – кертартпа халық деп санады. Жүз жылдан кейін олардың пікірлері мүлде өзгерді. XIX ғасырдың басында барлығы немістерді құнтсыз халық, философияға, музыкаға бейім, техникаға және кәсіпшілікке қабілеттілігі шамалы халык деп санаған еді. Қабілеттілік тұрғысынан алғанда этностар арасындағы айырмашылықтар мәселесі өте күрделі проблема. Бұл нәсілшілдіктен, ұлтшылдықтан алыс емес. Кеңес галымдарының пікірінше, "Ақыл шамасы" туралы ("коэффициент ума") түсінік беретін тестер жиынтығының көмегімен жүргізілген тексерістерге сүйену негізсіз.

Кейбір мамандар этникалық характердің болатынын қарапайым сананың, ондағы есепсіз стихиялық қалыптасқан қабаттың болуымен түсіндіредіү Бұл адам меңгерген, тәрбиемен енгізілген және осы этникалық жүйеде тараған көріністер, пікірлер, дағдылар және тәртіп нормалары, ақылмен (оймен) аз бақыланатын немесе мүлде бақыланбайтын қабат.

Бақылау сұрақтары:

  1. Мәдениет құбылыстары
  2. Ырым жоралардың функциясы
  3. Рухани мәдениет функциясы

Әдебиеттер:

1. Садохин А.П., Грушевицкая Т.Г. Этнология. М., 2001.

2. Лурье С.В. Историческая этнология. М., 1997.

3. Чеснов Я.В. Лекции по исторической этнологии. М., 1998.

4. Этнология за рубежом: проблемы, поиски, решения. М., 1991.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 862 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...