Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс тақырыбы: Этникалық жанжалдардың типологиясы мен динамикасы



Жоспар:

Дәріс мақсаты: Этнологиялық мектептердің негізгі териялары мен көрнекті өкілдерінің негізгі тұжырымдарымен таныстыру.

Негізгі түсініктер: функционализм, әлеуметтанулық мектеп, қоғамдық институттар, стуктурализм және т.б.

Дәріс сабағына арналған әдістемелік нұсқау: Дәріс сабақтарында тақырыпқа сай негізгі түсініктерді талдап, әдебиеттермен жұмыс жасай білуге дағдылану қажет. Тақырып бойынша оқытушы тарапынан берілген негізгі түсініктерді ғана емес, қосымша өз бетінше ізденіп, категориялық ғылыми аппаратты кеңейту ісімен айналысуы шарт.

Бүгінгі таңда әлемде этникалық және этносаралық процестердің күрделенуі байқалуда. Кез келген саяси, экономикалық, мәдени немесе дінге қатысты оқиғалар этникалық сипат алуда.

Этностың әртүрлі компоненттерінің өзгеруі (рухани және материалдық мәдениеттің жеке элементтері, тіл, әлеуметтік құрылымдар, сана және т.б.), тарихи даму барысында этникалық процестер атауына ие болған. Этникалық қоғамның өзгеруі немесе этникалық процестер адамзаттың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуымен бірге жүріп бір-бірімен тығыз байланысты болады. Бұл өзгерістерді тудыратын процестер этникалық қауымдастықтың жақтарына әсер етуі әр түрлі. Алғашқы қауымдық құрлыстан қазіргі кезеңге дейінгі қоғамдық тарихи формацияның ауысып отыруына байланысты олардың ішінде ең әуелі әлеуметтік-экономикалық процестерді бөліп алуымыз қажет. [1, 176 б.]

Мәнді өзгерістерге алып келетін этностардың өзара әрекетін этникалық процесс деп атайды. Оның эволюциялық және трансформациялық бағыттары болады. Эволюциялық бағыты этностың негізгі элементерінің, ең алдымен тіл мен мәдениеттің сапалы өзгерісін білдіреді. Трансформациялық этникалық процесс ұлттық тиесілікті алмастыруға алып келетін өзгерістерді қамтиды, оның негізгі этапы этникалық өзіндік сананың алмасуы болып табылады. Трансформациялық біріктіруші процестер консолидация, ассимиляция және интеграция түрінде жүзеге асады.

Консолидация тіл мен мәдениеті жағынан бір-біріне жақын бірнеше дербес халықтардың біртұтас ірі этносқа бірігуі. Мысалы, XV ғасырда түрік тілдес тайпалардың қазақ этносына бірігуі.

Ассимиляция көбіне саны аз халықтың өзге ірі этностың құрамына сіңіп кетуі, нәтижесіне өзінің этникалық қасиеттерін жоюы. Мысалы, монғол тілдес тайпалардың Алтын Орда заманы тұсында қыпшақтармен ассимиляцияланылуы.

Интеграция тілі мен мәдениеті әртүрлі бірнеше халықтардың ортақ белгілері пайда болуына байланысты бірігуі, бірақ олардың тұрақтылығы мен беріктілігі шамалы, ұзақ өмір сүрмейді. Мысалы, Австро-Венгрия, Осман империясы, КСРО, Югославия және т.б. [2, 26-25 б.]

Қазіргі мемлекеттер көп этносты болуына байланысты мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлуді талап ететін этносаралық қатынастар әр алуандығымен ерекшеленеді. Көп ұлтты мемлекеттің маңызды міндеті — ұлтаралық қатынастарды оптимизациялау. Халықаралық қатынастар субъектілерінің өзара әрекет етуінің ең қолайлы нұсқаларын іздестіру және жүзеге асыру болып табылады. Қазақстан Кеңес Одағынан кейінгі кеңістікте ғана емес, дүниежүзілік деңгейде де көп этносты және көп конфессиялы елдер қатарына жатады.

Тәуелсіз Қазақстанның реформаторлық практикалық дәуірінің кезеңі 90-жылдардың ортасынан бастап мемлекеттік саясаттың ұлтаралық ынтымақтастық пен ішкі тұрақтылыққа қарай бағдар ұстауға көшумен сипатталады.

Үкіметтің мәдени саясаты 1996 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тиесілігін қалыптастыру концепциясын ұсынды. 1995 жылдың наурыз айында ҚР Президентінің жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Осыған байланысты тіл мен білім, мәдени мұраларды сақтау, бұқаралық ақпарат құралдарымен үйлесімділік, миграция мәселелері мен сыртқы байланыстар, ұлттық саясат концепцияларын дайындау, сонымен қатар, ұлттық мәдени орталықтар мен кіші ассамблеялар істері мен мәселелері жөнінде комиссиялар құрылды. Елімізде біртұтас әлеуметтік мәдени кеңістік қалыптастыру азаматтық идентификация мәселесін күн тәртібіне қойды.

Бұл мәселенің туындау буыны қатпаған жас мемлекетіміздің геосаяси және ішкі этномәдени мәселелерімен байланысты болды. Белгілі американдық ғалым С.Хантингтон болашақтағы өркениеттер қақтығысы барысында ыдырайтын мемлекеттер қатарына — Түркия, Мексика және Ресейді жатқызады. Бұл дезинтеграцияның себебі ретінде геосаяси жағдайымен қатар ішкі мәдени өртектілігі айтылады.

Бұл теорияға сүйенер болсақ американдықтың назарынан тыс қалған Қазақстан бұл қақтығыстың ең қауіпті аймағында тұр. Егер біз қазақтарды ресми түрде түрік өркениетінің құрамдас бөлігі деп қарастырар болсақ, оның территориясын оңтүстіктен ислам әлемі, оңтүстік-шығысынан конфуциандық және солтүстік-батысынан православиелік суперөркениеттер қоршап жатыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының I сессиясында ұлттық мәселенің шешімін халықтар арасындағы татулық пен сенімді нығайту арқылы табуға болатынын, біздің басты бағытымыз ымыраға келтіретін жолдарды іздестіру және біріктіретін бастамаларды нығайту арқылы барлық ұлттық топтарды дамыту ісіне негізделуге тиіс екенін атап көрсетті.

Ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығы ең алдымен түрлі ұлттық топтар мүддесін ескеруге байланысты. Ең бастысы — осы мүдделердің үйлесімді іс-қимылын қамтамасыз ету. Қазақстан тұрғындарының ұлттық құрамы өте күрделі. Ол өз тарапынан саяси жағдайға ықпалын тигізбей қоймайды.

Бүгінгі танда республикадағы этносаяси жағдай көптеген көрсеткіштер бойынша біршама тұрақты болып саналады. Алайда, этностар арасындағы қарым-қатынастар өзгеріп отырады, этникалық саясатты жүзеге асыру барысында осы жағдайды ескерген жөн. Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу процесінде өзгеру ерекшелігін осы қатынастардың эволюциясынан айқын көруге болды. Егер еліміздің егемендікке ие болған алғашқы кезенінде ұлтаралық қарым-қатынасты шиеленістіруге қайтсе де әсері болатын этникалық сана-сезімнің өсуі байқалса, ұлтшыл және империялық көзқарастар пайда болып, нығая түссе, мемлекетті этнизациялау тенденциясы пайда болса, кейінгі кезеңдерде, мысалы Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылып, 1995 жылы Мемлекеттің Негізгі Заңы — Конституциясы қабылданғаннан кейін, этностар қарым-қатынастары мәселесінде оң өзгерістер айқындала бастады.

Қазақстандағы тұрақтылықтың сенімді кепілі-барлық қазақстандықтарға тән қасиет: төзімділік пен сыйласымдық сезімін одан әрі тереңдету және олардың заңды бірінші орынға қойып, кез-келген топтық шамшылдықтан жоғары тұрулары.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазіргі этникалық даму
  2. Қазіргі этникалық процестердің ерекшелігі
  3. этносаяси процестердің ішкі саяси жағдайға ықпалы

Әдебиеттер:

1. Садохин А.П., Грушевицкая Т.Г. Этнология. М., 2001.

2. Лурье С.В. Историческая этнология. М., 1997.

3. Чеснов Я.В. Лекции по исторической этнологии. М., 1998.

4. Этнология за рубежом: проблемы, поиски, решения. М., 1991.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 954 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...