Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс № 11



Дәріс тақырыбы: Л.Н.Гумилевтің этногенез теориясы түсініктері

Дәріс жоспары:

  1. Этнологиядағы бейімделу
  2. Этнос және биосфера
  3. Субэтнос, суперэтнос, этникалық дәстүр

Дәріс мақсаты: Этнологиялық мектептердің негізгі териялары мен көрнекті өкілдерінің негізгі тұжырымдарымен таныстыру.

Негізгі түсініктер: функционализм, әлеуметтанулық мектеп, қоғамдық институттар, стуктурализм және т.б.

Дәріс сабағына арналған әдістемелік нұсқау: Дәріс сабақтарында тақырыпқа сай негізгі түсініктерді талдап, әдебиеттермен жұмыс жасай білуге дағдылану қажет. Тақырып бойынша оқытушы тарапынан берілген негізгі түсініктерді ғана емес, қосымша өз бетінше ізденіп, категориялық ғылыми аппаратты кеңейту ісімен айналысуы шарт.

Этникалық жүйенің динамикалық жағдайы (статикалық жағдайға немесе этникалық гомеостазға қарама-қарсы) бұл жағдай тұтастай алғанда былайша сипатталады:

а) демографиялық және миграциялық белсенділіктің жоғарылауы, аумақты кеңейтуге ұмтылу;

б) қалыптасқан мінез-құлықтың өзгермелілігі (әрбір соңғы ұрпақ қандай да бір деңгейде алдыңғыларына ұқсамайды, яғни, «әке мен бала тартысы»);

в) ландшафт ортасының қайта өзгеруі, оның өз қажеттілігіне ыңғайлануы;

г) қоғамдық мінез-құлық императивтерінің ауысымы;

д) әлеуметтік-саяси институттардың құрылуы;

е) бөтен идеяларды белсенді игеру және өз идеясын насихаттау;

ж) қандай да бір шынайы немесе мифтік оқиғадан уақыт желісін алып тастау.

Э.ж.д.ж. ондағы пассионарлық дүмпудың нәтижесінде пайда болып, табиғи сұрыптау популяциясынан жойылатын белсенді тұлға ‑ пассионарларды тудырады.

Этникалық жүйенің қарапайымдануы – этникалық жүйедегі жүйе байланысы тығыздығының, ішкі әр түрліліктің төмендеуі. Этникалық жүйе күрделілігінің шарты берілген жүйенің санымен, бастапқы мөлшерімен салыстыру арқылы анықталады (мысалы, этностағы субэтнос саны этникалық субстрат санымен салыстырғанда, пассионарлық дүмпу тимеген және гомеостазда болатын) тарихи материалдарда э.ж.қ. үнемі пссионарлықтың түсуімен және керісінше, күрделену пассионарлықтың көтерілуімен байланысты болады. Э.Ж.Қ. егер жүйеге қарқынды сыртқы әсер болса, жасанды сипат иеленуі мүмкін (геноцид, антижүйенің құрылуы).

Қарапайымдану тек берілген этникалы жүйедегі жүйеішілік мөлшердің төмендеуімен, бірақ нормадан ауытқу, бірегей оқиғаларға толы уақыт түрінде тіркелген жүйе байланысының үзілуімен ғана байланысты емес. Шындығында, ауыр жағдай этникалық жүйенің қарапайымдануына әкеледі; мәселен, сынудан кейін акматикалық фаза толықтай қалпына келе алмайды.

Э.ж.қ. шегі оның өмір сүру циклін аяқтайды. Мәселен, б.д. IV ғасырында Рим империясындағы көне римдіктер шағын субэтнос түрінде өмір сүрді. Мұны Византиялық гректер туралы айтуға болады. Шеткі қарапайымданған жүйе персистенттер сияқты өмір сүре береді немесе сыртқы әсерден күйрейді.

Этникалық жүйенің қартаюы – этникалық жүйеде пассионарлық дүмпу қарқынының жоғалуы нәтижесінде табиғи сұрыпталу арқылы популяциядан пассионарлық белгілердің бірте-бірте алшақтау үдерісі. Бұдан кейін жүйе жоғары пассионарлық өрлеу фазасынан өткен соң, пассионарлық толқыныстың ұзақ әрі біркелкі емес төмендеу үдерісі басталады. Бұл ретте бай мәдени дәстүр, орасан үлкен аумақ және мемлекеттік құрылым сақталуы мүмкін. Алайда әрекет қуатының жоғалуы жүйені этниканың қартаю жағдайына – обскурацияға әкеледі де, одан соң ол тарих сахнасынан түседі. Бұл Рим империясында, Византияда, Ежелгі Қытайда (Хань) және басқа да өркениетте кездесіп, қандай да этникалық жүйе тірі ағза секілді жастық (өсу және экспансия), кемелдену (аса белсенділік) және қартаю (төмендеу және өлу) сатыларынан өтеді деген қорытынды шығаруға мүмкіндік береді. Этностардың қартаю үдерісін жан-жақты зерттеген Л.Н. Гумилевті этногенез фазасын неғұрлым толық түрде сипаттауға әкелді.

Этникалық жүйенің күрделенуі – этникалық жүйедегі жүйе байланысы тығыздығының ұлғаюы, ішкі түрліліктің өсуі. (Жүйе күрделілігінің шарты, қараңыз (Этникалық жүйенің қарапайымдануы). Жүйенің күрделенуінің жарқын мысалы көтерілу фазасы болып табылады. Бұл фазадан өту кезінде этникалық жүйе қарапайым, алғашқы консорциядан, орасан үлкен және көпқырлы этникалық «галактика» – суперэтносқа айналады. Мәселен, б.д. VI-VIII ғасырларда арабмұсылмандармен, б.д. I-IV ғасырларда христиандармен осындай жағдай болған. Бұл неғұрлым төмен деңгейдегі субэтностар мен консорцияларға да тән үдеріс, яғни бұл ең қарапайым «тамырдан» бастау алып, әрі қарай күрделеніп, соңында құлдырайды (қарапайымдалып, жоғаладығ не сол деңгейде бірнеше жүйеге жіктеліп кетеді).

Этникалық иерархия – ландшафтпен тепе-теңдігін және басқа да этникалық жүйеге тән белгілерді онша мақсатты бағытта сақтауға ұмтылмайтын ұрпақтан ұрпаққа аса өзгеріссіз жететін этникалық жүйеге қоса бағыну. Мұның бәрі жүйедегі пассионарлық ұмтылушылық деңгейінің аса төмендігін білдіреді де, ол деңгейді нөлмен теңеуге апарады. Э.и. жағдайындағы этнос негізінен тұтастай өзара үйлесімді – өздері мен ұрпақтарын қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету үшін еңбекке берілген, алайда өмірді өзгертуге қабілетсіз адамдардан құралады. Статикалық этностарда пассионарлық сирек кездеседі, олар өз елдерінде күш-қуат жұмсайтын мүмкіндік таппай, эмиграцияға кетеді. Мұнда субпассионарлық та сирек: олар толық бейімделу мен еңбексүйгіштікке қабілеттіліктен айырылған, ал бұл қасиеттер Э.и. кезінде аса қажет.

Бақылау сұрақтары:

  1. Этногнез түсініктері
  2. Этникалық жүйе түсініктері
  3. Этнос, этногнеез түсініктері
  4. Субэтнос және суперэтнос түсініктері

Әдебиеттер:





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 815 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...