Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Глоссарий. Жыныс талқандаушы аспап – ұңғыны тереңдету және ұңғы түбін талқандау үшін



Бұрғылау ұңғысы – ұзындығына қарағанда диаметрі әлденеше аз өлшеммен сипатталатын жер қыртысындағы цилиндрлі тау-кен қазбасы.

Жыныс талқандаушы аспап – ұңғыны тереңдету және ұңғы түбін талқандау үшін арналған аспап.

Қашау – ұңғы түбінің барлық алаңы бойынша талқандау үшін арналған тау жынысын талқандаушы аспап.

Технологиялық аспаптар – бұрғылау кезінде негізгі жұмыстар операциясын орындау үшін арналған аспап.

Бұрғы снаряды – бұрғы қондырғысының ұңғыны бұрғылау үшін керекті энергияны жыныс талқандаушы қашауға жеткізуге арналған бір-бірімен белгілі жүйеде жалғасқан бұрғы құбырларының әр түрлі құрылғылар мен аспаптарының жиынтығы.

Бұрғылау кезіндегі жұмыстың негізгі операциялары – ұңғы түбінің талқандалуы; талқандалған тау жыныстарын ұңғы түбінен жер бетіне шығару; ұңғы оқпанының опырылғыш аралығын бекіту.

Бұрғылау режимі – ұңғының түбін тереңдету үрдісінде бір қалыпта бұрғылау көрсеткіштеріне әсер ететін факторлар жиынтығы.

Бұрғыланғыштық – тау жыныстарын бұрғыланған кезде өзіне талқандағыш аспаптардың енуіне кедергі келтіретін қасиет.

Талқандау – тау жыныс бөлшектерінің талқандалуы.

Деформация – бөлшектер көлемінің немесе түрінің өзгеруі.

Беріктік – тау жыныстарының өзін құрастыратын түйіршіктерінің арасындағы байланысты күйретуге арналған күштерге қарсы кедергілік қасиеті.

Қаттылық – тау жыныстарының өзіне кіретін басқа берік денелерге қарсы кедергі көрсету қасиеті.

Қажағыштық – тау жыныстарын талқандаушы аспаптарды, бұрғы құбырларын және басқаларды бұрғылау үрдістерінде жыныстардың қажап тоздыру қасиеті.

Тазалау жүйесі – қабылдау қамбасынан, тұндырғыштан және ағыс науасынан тұратын жуу сұйықтарын тазалауға және сақтауға арналған жүйе.

Шөгінді таужыныстар – бұрын пайда болған таужыныстарының үгіліп ыдырыған қалдықтарынан құралған таужыныстары.

Пайдалы қазбалар – бір минералдан немесе бірнеше минералдардың агрегатгары жиынтығынан тұратын металдық, бейметалдық кен көздері.

Алмаз қашау – алмаспен армировкаланған матрицасы тұрық пен қосылған кескіш типті қашау. Тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттеріне байланысты түрі мен дүмінің пішіндері әр түрлі алмас қашаулар қолданылады.

Вертлюг-сальник – бұрғылау құбырларының тізбегін іліп, оған еркімен айналуға және ішімен жуу сұйығын немесе газ жіберуге мүмкіншілік тудыратын құрылғы.

Дірілдек елеуіш – дірілдету әсерімен жуу сұйықтарын тазалауға арналған құрылғы.

Вискозиметр – калибрленген тесігімен өлшегіш аумағы бар коронка тәрізді жуу сұйығының шартты тұтқырлығын анықтайтын прибор.

Анизотроптік – тау жыныстарының әртүрлі криссталлографиялық бағыттарында физика-механикалық қасиеттерінің бірдей болмауы.

Ареометр – сұйықтардың тығыздығын анықтайтын қалқыма түрлі аспап, арнайы жасалған түрі жуу сұйықтарының тығыздығын анықтауға қолданылады.

Ұңғыны бұрғылау – негізінде жер қыртысында ұңғы болатын операциялар комплексін орындау.

Гидроциклон – конус тәрізді құралдың ішінде жанама қозғалушы сұйық ағысының сыртқы тепкіш күшін пайдаланып, жуу сұықтарын тазартуға арналған құрылғы.

Жуу сұйықтарының көрсеткіштері – жуу сұйығының белгілі қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер. Оған тығыздық, шартты тұтқырлық, ығысудың статикалық кернеуі, су бергіштік, сүзбе қабыршағының қалыңдығы, тұрақтылық, тұнбалық, рН, газ мөлшері, температура т.б. жатады.

Жуу сұйығы – ұңғыны жууға арналған түрлі құрамды сұйық.

Морттық – сыртқы күштердің әсерінен тау жыныстарының шытынай сынып кету қасиеті.

Ірімтіктік – бір заттың екіншісінің ішінде шашырап таралуы.

Ісіну – тау жынысына су әсер еткенде көлемінін ұлғаюын айтады.

Дифференциальді қысым – ұңғы түбінде жуу сұйығы мен қабат қысым арасындағы айырмашылық.

Машина – бір түрлі энергияны екінші түрге айналдыру үшін арналған аспап.

Механизм – бір түрлі энергияны тасымалдау үшін арналған қондырғы.

Гидросоққы – сұйық ағынының энергиясын соққы энергиясына айналдыратын машина.

Пневмосоққы – сығылған ауа энергиясын соққы энергиясына айналдыратын машина.

Сорап – механикалық (электрлік) энергияны сұйық ағынының энергиясына (құбыр тізбегіндегі кинематикалыққа немесе резервуардағы потенциалдыққа) айналдыру үшін арналған машина.

Компрессор – механикалық энергияны сығылған ауа (газ) энергиясына айналдыру үшін арналған машина.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 1376 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...