Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | ||
|
Алмаз қашаулар қалақшалыға ұқсас, корпустан және отырғызылған алмаз ұштардан тұрады. Қашаудың ортадан ауытқымауы үшін алмаз қашаудың матрицаларын иілген шоқылы етіп жасайды. Матрицаны ұнтақ прессті материалдардан жасайды, оларға техникалық алмаз түйіршіктерін орнатады.
Ереже бойынша қашаудың ортаңғы бөлігінде бір немесе бірнеше жуу тесіктері болады, ал ұшының денесінің жуу арналары секторларға бөлінген.
Алмаз қашаулардың жұмысы өте тез айналу жылдамдығы кезінде тиімді (минутына 2-3 мың айналым қалыпты). Сонымен бірге өте жылдам айналу кезінде түйіршіктердің қозғалысы түпке қатысты қашаудың жақсылап салқындатуын талап етеді. Ең тиімді 300 сағаттан аса уақытта тереңдігі 3500-4500м-ге өтімділігі 500м-ге жететін, А.Д. ерекше берік абразивті тау жыныстарын бұрғылауда қолданылады.
Қашау жылдамдығы қашау шектік мәнге дейін тозып, ары қарай бұрғылауға жарамсыз болып қалғанға дейінгі уақыт аралығымен анықталады. Қашау жылдамдығына бұрғыланушы тау жыныстарының қасиеттері мен бұрғылау процессінің (жуу сұйығының) техникалық параметрлері әсер етеді.
Бұрғылау қашаулары БҚ-ның басқа механизмдерімен салыстырғанда өте қолайсыз шарттарда жұмыс істейді. Оларға абразивті тозу, соққылы, статикалық жүктемелер, коррозия және т.б. әсер етеді. Сондықтан қашау жылдамдығы БҚ-ның өнімділігін анықтаушы маңызды факторлардың бірі болып табылады.
Қашау өтімділігі оның түсірілу сәтінен бастап тозуының салдарынан көтерілуіне дейінгі бұрғыланған ұңғы метрімен өлшенеді.
Бұрғылау өнімділігіне механикалық жылдамдық үлкен әсерін тигізеді.
Бұрғылаудың механикалық жылдамдығы
V= (1)
мұнда: h – қашау өтімділігі, м;
t – қашаудың жұмыс істеу уақытының ұзақтылығы, сағ.
Бұрғылаудың механикалық жылдамдығы мен қашау өтімділігін арттыру, бұрғылаудың кезекті жылдамдығын сипаттаушы ұңғының тереңдеу қарқынын арттырумен сәйкестеледі,
(2)
мұнда: tкто – көтеріп-түсіру операциясының уақыты, сағ.
Яғни бұрғылаудың механикалық жылдамдығы жер үстіндегі барлық механизмдердің жұмысына әсер етеді: бұрғылау сораптарына, тәл жүйесіне, ұршыққа, роторға және т.б.
Әдебиет: ҚОС 8 [30-70]
Бақылау сұрақтары:
1. Сақиналы тізбекте қандай жынысты талқандау әдісі бар?
2. Шарошкалы қашауда қандай жынысты талқандау әдісі бар?
3. Бұрғы басын қандай мәліметтер сипаттайды?
4. Қалақшалы қашаулар дегеніміз не?
5. Бір шарошкалы қашаулар бар ма?
6. Армирленген қашау дегеніміз не?
Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 2063 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!