Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бұрғылау қондырғысының (БҚ) көрсеткіштері мен жіктелуі



1959 жылы бұрғылау қондырғысының негізгі көрсеткіштерін құраушы алғашқы салалық нормаль Н900-59 игерілді. Онда бұрғылау қондырғысының жүк көтергіштігі бойынша ерекшелінетін 5 классы қарастырылады (50, 75, 125, 200 және 300 т). Келесі нормаль 1966 жылы МЕСТ-16293-70 бойынша игерілді.

Стандартқа енгізілген негізгі көрсеткіштер ретінде БҚ жүк көтергіштігі қабылданды. Мысалға, БУ 80 БрД, БУ 125 және т.б.

МЕСТ-16293-70 бойынша ілмекке түсетін жүк және 1 м бұрғылау тізбегінің салмағы 30 кг болатын бұрғылаудың шартты тереңдігіне байланысты БҚ 9 классы ұсынылған. Кейін бұл МЕСТ өзгертіліп жүк көтергіштіктің орнына шартты бұрғылау тереңдігі енгізілді (мысалға, БУ 2500 ДГУ немесе БУ 3000 БД).

МЕСТ-16293-82 бойынша БҚ 12 классы енгізілген, олардың негізгі параметрлері ілмекке түсетін мүмкін жүтеме мен шартты бұрғылау тереңдігі болып табылады. Сәйкесінше БУ шифрында ілмекке түсетін мүмкін жүтеме мен шартты бұрғылау тереңдігі көрсетіледі (мысалға, БУ 1600/100 ЭУ).

Маңызды ерекшелінетін белгілер қатарына күштік жетегінің типі жатады: Д-дизелді, ДГ-гидравликалық дизель, ДЭР-реттелетін электрлі-дизель, Э- электрлі ауыспалы ток, ЭП-электрлі тұрақты ток. Сонымен бірге монтаждауға қабілеттілігі көрсетіледі – У-(универсаль) әмбебап.

БУ-2500 ДГУ және БУ-2500-ЭУ негізгі және көмекші жабдықтары шынжыр табанды тележкалы ауыр жүк тасмалдағыштарға монтаждалынады. Мұнаралы блокта мұнара, бұрғылау шығыры, ротор, АКБ-3м кілті, көмекші шығыр, консульді-бұрылау кілтінің басқару пулті орналасады.

БУ-3000 ЭУК – шоғырлама бұрғылауға арналған.

БУ – 4000 ДГУ Т – тропикті жерлерде шартты бұрғылауға арналған.

Уралмаш 6000 ПЭМ – жүзбелі бұрғылау қондырғыларына арналған.

Уралмаш 6000/60 ПБУ – теңізде тереңдігі 60 м дейінгі жүзбелі бұрғылау қондырғыларына арналған.

Уралмаш 6000/200 ППЭМ – теңізде тереңдігі 20 0м дейінгі жүзбелі жартылай жүктелген БҚ арналған.

БУ 6500 ДГ-СП – тұрақты теңіз платформасы.

БУ 15000 - өте терең барлау ұңғыларын бұрғылауға арналған қондырғы.

МЕСТ-7959-74 стандарты бойынша қатты пайдалы қазбаларға барлау ұңғыларын бұрғылау үшін арналған 8 түрлі (125-3000 м) бұрғылау агрегаттары 1 кестеде келтірілген.

1 кесте. МЕСТ-7959-74 стандарты

Негізгі көрсеткіштер Класстар үшін нормалар
               
Бұрғылау тереңдігі, м:  
қатты қорытпалы 12,5              
алмазды                
Ұңғының басты диаметрі, мм 93; 59* 132; 93* 151; 112*      
Ұңғының соңғы диаметрі, мм бұрғылау кезінде:  
қатты қорытпалы    
алмазды      
Крюк жүк көтергіші, 10-2 МН, артық емес  
номинальді 0,12 0,63 2,0 3,20 5,0 8,0 12,5 20,0
максимальді 0,25 1,20 3,20 5,0 8,0 12,0 20,0 32,0
Электр қозғалтқыштың қуаты, кВт 3*              
Бұрғылау снарядының айналу жиілігі, об/мин:  
айналмалы бұрғылауда:
минимальді              
максимальді      
соққы-айналмалы бұрғылауда:  
минимальді - -        
максимальді - -            
Айналдырғыштың бұрышы, градус 70-90 (0-360)* 70-90 75-90  
Бұрғылау снарядының көтеру жылдамдығы, м/с:  
минимальді - 0,80 0,55 0,45 0,40 0,32 0,30 0,25
максимальді - 1,6 2,0
Бұрғылау свечасының ұзындығы, м 1,6 4,7 9,5 9,5 14,0 14,0; 18,6 18,6 18,7; 24,0
* – жер асты шарттарында бұрғылау үшін.

Әдебиет: НЕГ 1 [3-5], ҚОС 8 [308-321]

Бақылау сұрақтары:

1. Бұрғылау ұңғысы дегеніміз не?

2. Ұңғының қай элементін түбі деп атайды?

3. «Карталық ұңғы» сөзін түсіндіріп беріңіз?

4. «Сейсмикалық ұңғы» сөзін түсіндіріп беріңіз?

5. «Барлау ұңғы» сөзін түсіндіріп беріңіз?

6. «Байқау ұңғы» сөзін түсіндіріп беріңіз?

7. «Құрылымдық ұңғы» сөзін түсіндіріп беріңіз?

8. «Пайдалану ұңғы» сөзін түсіндіріп беріңіз?

9. «Техникалық ұңғы» сөзін түсіндіріп беріңіз?

10. Өте терең ұңғы қай жерде бұрғыланған?





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 1791 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...