![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
|
Темір мен марганец кендерінің бос жынысымен және отын күлімен балқу температурасы төмен қож түзу үшін шиқіқұрамдық материалға флюс қосылады.
Кен бос жынысының негізгі құраушысы SiO2 болғандықтан, флюс ретінде негізді материал - әк тас CaCO3 (сирегірек CaCO3 × MgCO3) қолданылады. Флюс құрамында зиянды элементтер (S, P) және SiO2 мөлшері төмен болғаны жөн.
Отын
Домна пешінде шойын қорыту жоғары температуралық үрдіс болғандықтан, жылу көзі ретінде отын пайдаланылады.
Отын табиғи және жасанды болып бөлінсе, агрегатты күйі бойынша қатты, сұйық және газ күйінде болады. Домна үрдісінде отынның үш түрі де қолданыс тапқанымен, негізгісі қатты отын.
Қатты отынға қойылатын талаптар мыналар:
1) жылу шығарғыштығы жоғары;
2) механикалық беріктігі жоғары;
3) кеуектілігі;
4) зиянды элементтердің төмендігі;
5) күлі аз;
6) экономикалық арзандығы және т.б.
Қатты отынға қойылатын талаптардың жоғарылығынан, қазіргі кезде жасанды қатты отын кокс қолданыс тапты.
Кокстелетін тас көмірді кокс пешінде 1000-1200 0С-да ауасыз қыздыруда алынатын өнім кокс деп аталады. Кокстеу уақыты 14,5-16 сағат. Кокс құрамында 80-88 % С; 8-12 % күл; 2-5 % ылғал; 0,7-1,2 % ұшпалы зат; 0,5-1,8 % S және 0,02-0,2 % Р болады.
1 т шикіқұрамдық материалдан 750-800 кг кокс және 320-330 м3 кокс газы алынады. Кокс газының құрамы: 57 % Н2, 20-23 % СН4, ~ 8 % N2. Сонымен қатар бензол, фенол, нафталин, көмір шайыры, сульфат аммониі және т.б. алынады.
Кокстың жылу шығарғыштығы 27,2-31,4 МДж/кг, кокс газының – 17,5-18,5 МДж/м3. Кокс қымбат болғандықтан, оны басқа отын түрлерімен алмастыру шаралары қарастырылады.
Қазіргі кезде кокстің бір бөлігін табиғи газ, мазут немесе тозаң көмір суспензиясымен алмастырады.
Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1262 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!
