Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азақстан Республикасының конституциясы



Қазақстан Республикасының Конституциясы Республикалық референдумда 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Конституция тоғыз бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім – “Жалпы ережелер”, екінші бөлім – “Адам және азамат”, үшінші бөлім – “Президент”, төртінші бөлім – “Парламент”, бесінші бөлім – “Үкімет”, алтыншы бөлім – “Конституциялық кеңес”, жетінші бөлім – “Соттар және сот төрелігі”, сегізінші бөлім – “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару”, тоғызыншы бөлім – “Қорытынды және өтпелі ережелер”деп аталады. Конституцияның 98 бабы бар.

Ең бірінші болып Қазақ Конституциясының Жобасын жазған адам – Барлыбек Сыртанов. Ол 1890 жылы Санкт-Петербург университетінің шығыстану факультетін үздік бітірген. Ол өте білімді адам болған. Құқықтық мемлекет құруға атсалысқан. Қолжазбада “конституция” деген терминнің орнына “устав” деген термин қолданылған. Уставтың мазмұнды идеялары қазіргі Қазақстан Республикасының Конституциясында пайдаланылған.

Конституцияның үшінші бөлімі, 40 – бабы «Президент»деп аталады.

Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президенті – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.

7-тапсырма

Мәтінді оқыңыз, сұрақтар құрастырыңыз және ол арқылы сұхбаттасыңыз:





Дата публикования: 2014-10-25; Прочитано: 735 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...