Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН



Ой тастау сұрақтары:

· Қазақстан қандай мемлекет?

· Тұңғыш Президенті кім?

· Конституциясы қашан қабылданды?

· Ұлттық ақшасы қандай? Қашан айналымға енген?

· Қандай мемлекеттік рәміздері бар?

· Халқының саны қанша?

· Қазақстанның қай жерінде туып-өстіңіз?

· Қай жерінде болдыңыз

1-тапсырма

Сөз тіркестерінің аудармасын жазыңыз:

жер көлемі плошадь земли

жергілікті халық _______ ______________

пайдалы кендер _________ _____________

көпұлтты мемлекет__________ _________

нарықтық экономика________ __________

шаршы шақырым__________ ____________

мемлекеттік рәміздер___________ ___________

өзге ұлттар өкілдері _________ ________ _______

тұңғыш президент_____________ ___________

мәдениетті елге айналу________ ________ ______

түсті және асыл металдар_______ ______ _______ ______

егеменді тәуелсіз мемлекет________ ________ _________

халықаралық қатынастар _________ _____________

2-тапсырма

Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз.

Қазақстан Республикасы

Біздің Отанымыз, туып-өскен жеріміз – Қазақстан Республикасы. Еуропа мен Азияның картасын қарасақ, біздің мемлекет ұлан-байтақ жерді алып жатыр. Солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа созылып жатқан кең өлке.

1991 Қазақстан халқы 98,7% өз Президентін сайлап алды. Ал 1991 жылдың 10-ыншы желтоқсанында Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясы республикамызды Қазақстан Республикасы етіп атау туралы шешім қабылдады. 16-ыншы желтоқсанда Жоғарғы Кеңес салтанатты түрде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Бұдан былай Республикамыз тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет болып табылады. Қазақстан мемлекеті Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі.

Қазақстан өте әдемі жер. Біздің еліміздің табиғаты ерекше әсем де бай. Қазақстанда бәрі де бар: өзен, көл, орман, тау. Қазақстан адам ресурстарымен және пайдалы қазбаларымен бай мемлекет.Қарағандыда көмір, Ақтауда мұнай, Өскеменде мырыш өндіріледі.

Қазақстанның жер көлемі 2 миллион 700 шақырым. Қазақстан солтүстікте Ресеймен, оңтүстікте - Өзбекстанмен, Қырғызстанмен, шығыста – Қытаймен шектеседі.

Біздің республикамызда ұлтаралық, халықаралық қарым-қатынастар жоғарғы деңгейде дамыған. Қазақстанда 112 ұлт өкілдері бейбіт тұрып жатыр. Қазақстан көптеген мемлекеттермен мысалы, Ресеймен, Қытаймен, Америка Құрама Штаттарымен тағы басқа мемлекеттермен достық қарым-қатынаста.

Қазақстан экономикасы нарық жағдайда дамуда. Президент, Үкімет қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайына көп мән береді.

1997 жылы Президенттің Республика халқына арналған «Қазақстан 2030» Жолдауы жарияланды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – Қазақстан халқының тұрмысын өркендету, тыныштығын қорғау. Қазіргі кезеңде қазақстандықтар осы бағдарламаны орындауда.

Қазір еліміз қарыштап дамып келеді. Болашақта Қазақстан мәдениеті жоғары, білімді елге айналады.

Біз Қазақстанда тұратынымызды мақтан етеміз. Туған Отанымызды, халқымызды кұрметтейміз.

1. Еліміз тәуелсіздігін қай жылы жариялады?

2. Қазақстан Республикасы деп қай жылы аталды?

3. Қазақстанды бай мемлекет дегенге келісесіз бе? Өз ойыңызды дәлелдеңіз.

4. Қазақстандағы ұлтаралық қарым-қатынас жөнінде не білесіз?

5. Қазақстанның сыртқы саясаты туралы не айта аласыз?

6. Президенттің «Қазақстан 2030» Жолдауының негізгі мақсаты қандай?

3-тапсырма

Берілген сөйлемдерден мәтін құрастырыңыз.

«Астана-Бәйтерек»

1. Біздің мемлекетіміздің бас қаласы - Астана.

2. Қалада бұл тарихи датаны айғақтап тұрған ғажайып бір ғимарат бар.

3. Ол «Астана-Бәйтерек» кешені.

4. Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі.

5. Бәйтерек дегеніміз, біріншіден, терек туысына тән ең биік ағаш - бәйтерек сияқты биік, ірі дегенді білдірсе, екіншіден, ауыспалы мағынасы – тірек, таяныш, сүйеніш дегенді білдіреді.

6. «Астана-Бәйтерек» – Астананың символы.

7. Астананың болашағы үлкен қала.

8. Бұл биіктік қаламызды бүкіл Республика астанасы болған кезін паш етіп тұру үшін таңдап алынған.

9. 1997 жылы Астана қаласы елордалық мәртебеге ие болды.

10. «Астана-Бәйтерек» - металл конструкция.

11. Биіктігі 97 м.

4-тапсырма

Сұхбатты рөлдерге бөліп оқып, не жайында екенін пайымдаңыз:

- Асан, сен қай жылы дүниеге келдің?

- Әйгерім, мен - Қазақстан тәуелсіздігінің құрдасымын. Биыл елімізбен қатар жиырма жылдық мерейтойымызды атап өтемін.

- Иә, бұл айтулы күн де жақындап қалды. Мен еліміздің осындай аз уақытта қарыштап дамуына қатты қуанамын. Қазір Қазақстан көптеген елдермен терезесі тең дәрежеде.

- Қазақстанның осындай дәрежеге жетуіне Елбасымыздың сіңірген еңбегі зор.

- Мен де сол пікіріңе келісемін. Қазір Қазақстанның жетістігін Астананың келбетінен де көруге болады.

- Иә, Астанаға келген қонақтар таң қалмай қайтпайды. Қазақстанның болашағы зор және ол біздің, жастардың рухани, кәсіби дамуына және адал еңбегіне байланысты деп ойлаймын.

- Асан, дұрыс айтасың. Елімізде білімді, білікті жастардың көп болуы - елдің де танымал болуына жол ашады.

5-тапсырма

Мәтінді тыңдаңыз, сұрақтарға жауап беріңіз:





Дата публикования: 2014-10-25; Прочитано: 1162 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...