Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сөздерді есімізде сақтаймыз



Халықаралық – международный жоғары оқу орны - ВУЗ қаулы - постановление негізінде - на основе, на основании шығын – затраты, расходы үміткер - кандидат басты өлшемі – главный критерий нақты табыстары - ескеру – учитывать ғылыми-зерттеу - научно- исследовательский   шет ел сарапшылары – зарубежные эксперты кепілдік хаттары – гарантийные письма нәтиже - результат үш сатылы - трехступенчатый білікті - квалифицированный іріктеу туры – отборочный тур сарапшы - эксперт дарынды – одаренный  

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

2 –тапсырма. Түбірлес сөздердің жасалуын айтыңыз, аударыңыз.

Білу –білімді –білімсіз – білімділік.

Ниет – ниеттену.

Қажет – қажеттілік - қажетсіз.

Икем – икемділік – икемсіз.

Кәсіп –кәсіби –кәсіпсіз.

Сана – саналық – санасыз.

3 –тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыз.

1. Уақытысында білімге көңіл бөлсең, онда болашағыңның ірге тасын қалайсың.

2. Жастар біздің болашағымыз, сондықтан олар мемлекеттің негізін қалайды.

3. Арнаулы кәсіби мамандық шеберлікті талап етеді.

4. Білімді, саналы азамат болу үшін көп оқу керек.

5. Әрбір адамның өсіп дамуында білімнің атқаратын рөлі зор.

6. Оқығаңды іске асыра білуің керек.

4- тапсырма. Мақал- мәтелдерді пайдаланып, жағдаят құрыңыз.

Білімді мыңды жығады, Білімсіз бірді жығады. Білім дегеніміз – күш. Білімде дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп.

5 –тапсырма. Білімнің өмірдегі пайдасы туралы әңгімелеңіз. Мына нақыл сөзді тірек етіп алыңыз.

Білім –бақтың жібермейтін қазығы,

Білімсіз бақ әлдекімнің азығы. (М.Әуезов)

6- тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.

Университетте оқу

өзекті мәселе

жаппай білім алу

ақылы оқу

қамтамасыз ету–

кәсіби мамандыру

білікті мамандар дайындау

7 –тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.

1. Жоғары білім алу үшін.... түсу керек.

2. Студенттер.... 4-5 жыл оқиды.

3. Олар жыл сайын...,.... тапсырады.

4. Бесінші немесе төртінші курста.... қорғайды.

5. Жоғары оқу орнын бітірген соң... оқуларын жалғастыра алады.






Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 792 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...