Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бурабай- жер жаннаты. Шығарма жазыңыз



6-сабақ Біздің университетіміз. Мәтінді мазмұндаңыз.

Біздің Қазақ қаржы, экономика және халықаралық сауда университетің студенттер контингентін 3 мыңға жуық адам құрайды. Күндізгі оқу бөлімінде 1013 студент, ал сырттай бөлімде 1722 студент оқып жатыр. Оқыту үрдісі қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Университетте 10 кафедра бар.

Университет құрамында 2 факультет жұмыс істейді:

«Экономика және бизнес» факультеті;

«Есеп және қаржы» факультеті.

Университеттің оқу үрдісі екі ғимаратта жүргізіледі. Ол барлық талаптарға сай келеді.

Осы ғимаратта қазіргі заманғы зертханалық база, лингафондық кабинеттер, аудио және видеотехникалар, Интернет жүйесіне қосылған компьютерлік сыныптар қызмет көрсетеді.

Екі оқу ғимаратында 50 дәрісхана, 7 компьютерлік сынып, 240 орындық акт залы, конференц зал, кітапханада 80 орындық оқу залы, соңғы үлгімен жабдықталған студенттер асханасы бар. Студенттерге арналған 100 орындық жатақхана бар.

Біздің университетіміз Қазақстан экономикасының қажеттілігіне сай нарықтық қатынас, менеджмент және маркетинг, бизнес және экономика, бухгалтерлік есеп және аудит, халықаралық экономикалық қатынас бойынша білімді мамандар дайындайды.

1-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап әзірлеңіз.

1. Университетте қандай факультеттер жұмыс істейді?

2. Ғимарат қайда орналасқан?

3. Ғимаратты сипаттап беріңіз.

4. Университеттің ғылыми бағыты туралы мәлімдеңіз.

2-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, бірнеше сөйлеммен негізгі ойды білдіріңіз.

Сөздерді есімізде сақтаймыз (1)

сала - сфера, отрасль жоғары білімді - с высшим образованием маман - специалист біздің заманымыздан бұрынғы – до н.э. өз дәуірі үшін - для своей эпохи нағыз - настоящий төңкеріс – переворот, революция ұсыныс – предложение іргесі қаланды - основан халық ағарту – народное просвещение жарлық - указ ерекше мәртебе – особый статус даярлау - готовить  




Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 1096 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...