Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ОсӨж) 5-сабақ rixos Президенттік қонақ үй



1-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

Президенттік қонақ үйінің ашылу салтанатына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Жаңа нысанды аралап көріп, ризашылық білдірген Президент журналистермен баспасөз маслихатын өткізді: «Астана ел ордасы болғаннан кейін мұнда жоғары дәрежелі меймандар көп келетіні белгілі, - деді Президент. Енді олардың барлығын – ТМД-ның, шет мемлекеттердің басшыларын осында қабылдайтын боламыз. Мұнда кездесулер, қабылдаулар жасауға, конференциялар өткізуге қолайлы жағдай жасалған».

Тоғыз қабатты, аумағы үлкен, ішкі-сыртқы безендірілуі көздің жауын алатын мұндай ғаламат ғимаратты осыншалықты қысқа мерзімде (8 ай) әрі сапалы салып шығу нағыз шеберлердің қолынан келетін шаруа.

Қонақ үйге кірген бойда түрлі пальма ағаштарымен, оңтүстіктің папоротниктерімен, сан алуан гүл шоқтарымен безендірілген, пейіштің бағындай әсер ететін жасыл алаңды көргенде Семирамиданың аспалы бағы осындай-ақ болған шығар деген ойға қаласың. Әлемнің әр шалғайынан келетін қонақтар бұл тамаша бақты көргенде-ақ көтеріңкі көңіл-күйге енетіні сөзсіз. Алғашқы әсердің қашанда маңызы зор. Бұдан кейінгі холдар, арнайы жабдықталған түрлі қызмет бөлмелері, жоғары класты нөмірлер, залдар меймандардың жақсы тынығуына, кездесулер өткізуіне әбден қолайлы.

Еліміздің әлеуетінің артуымен байланысты әлемдік деңгейдегі нысандар қатары молайып келеді. Бұған дейін мұндай бес жұлдызды қонақ үйлер Алматыда, Атырауда бой көтерген болса енді, міне, елордада да ел игілігіне қызмет көрсете бастады.

Тоғыз қабатты қонақ үйде 168 нөмір бар. Әрбір нөмірде кондиционер, сателитті теледидар, теледидар арқылы радио, телефон мини бар, сейф орнатылған. Интернетке қосылу мүмкіндігі жасалған. Қызметтің барлық түрі тәулік бойы көрсетіледі. Екі мейрамханада қазақтың, түріктің, басқа елдердің ұлттық тағамдары дайындалады.

Астанада түрлі форумдарға жиналған қонақтар осындағы 175 орындық мәжіліс залында және 50-100 орындық екі залда кездесулер өткізе алады. Олардың біреуі «шаңырақ» деп аталады. Оның іші киіз үй сияқты ұлттық талғаммен өрнектелген. Ал 500 адамдық би залы мерекелік шараларға арналған. («Астана» журналы, 2005 жыл).

Сұрақтар:

1. Бұл қонақ үйде қандай меймандар келіп тоқталады?

2. Қонақ үйде неше нөмір бар?.

5-сабақ





Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 828 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...