Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сабақ Лексикалық тақырып. Мамандық әлемінде



Дүниеде түрлі өнер көп,

Өнерді тапқан шебер көп.

С. Дөнентаев

Мен Қазақ қаржы, экономика және халықаралық сауда университетінің 1 курсында оқимын. Болашақ мамандығым – экономист. Бұл оқуды бітіргеннен кейін елімізге елеулі, халқымызға қалаулы азамат болып, ел экономикасына өз үлесімді қоссам деймін. Бүгінгі таңда біздің елімізде шетел тілдерін еркін меңгерген және үздік оқитын студенттер өзге мемлекеттерде білімін жалғастыра алады. Сол себепті мен ағылшын тілін меңгеруге талаптанып жүрмін. Біздің оқу орнымызда тиянақты білім алу үшін маркетинг негіздері, халықаралық маркетинг, тауарлар маркетингі, биржалық істер сабақтары тереңдетіліп жүргізіледі. Болашақта жақсы маман болуым үшін қазірден бастап сапалы білім, саналы тәрбие алуым керек.

1 –тапсырма. Сұраққа жауап беріңіздер.

1. Мамандықты таңдау себебіңіз?

2. Бүгінде еліміз қандай мамандықтарға зәру?

3. Мектеп түлектерінің көпшілігі қандай мамандықтарды таңдайды?

4. Сіздің ойыңызша, мамандық таңдауға не әсер етеді?

2 –тапсырма. Өз пікіріңіз.

1. Егер сізге өз мамандығыңыз ұнамаса не істер едіңіз?

2. Сіздің ойыңызша, қызықсыз, қажетсіз мамандықтар бар ма?

3. Егер сіздің өз басыңызда жоғарыда айтылғандай жағдай болса, не істер едіңіз?

3- тапсырма. Жағдаят тақырыпт арымен сұхбат құрыңыз.

1. Жақсы маман болу жолы – оқу.

2. Алдымда толған мақсат, толған таңдау.

3. Кім болсам...

Сөздік:

Болашақ мамандығым – будущий специальность өз үлес – своя доля қалаулы – выбранный меңгерген – владеющий еркін – свободно жалғастыра – продолжая талаптанып – стремивщий, предприимчевый тиянақты – опора, устойчевый, постоянный, стабильный, тиянақты білім – твердое знание негіздер – основа тереңдетіліп – углубленный сапалы – качественный саналы – сознательный




Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 863 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...