Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Отбасы экономикасы. Аудару, мазмұндау



Отбасы экономикасы жанұяның әр мүшесінің еңбекпен тапқан табысы олардың отбасындағы ортақ игілігіне, тамағына, рухани мүдделеріне, жол және пәтер ақысына т.б. тіршілікке қажетті мұқтажына жұмсалатын қаржысына айналады. Тапқан табысты қажетіне қарай қанша жұмсау - әркімнің өз ықтияры. Алайда кімнің де болсын табан ақы, маңдай терімен келген табысын орынды жеріне үнемдеп жұмсау отбасының күнделікті қажетін толық қамтамасыз етіп отбасының береке-бірлігі мен бала тәрбиесіне де зор ықпал ететінін ескермеуге болмайды.

Айталық, үйдегі ересек адамдардың, әсіресе, ата-ананың ақшаға, дүние-мүлікке көзқарасы мен қатынасының ыңғайына қарай баланың да көзқарасы, мінез-құлық әдеттері, тәртібі қалыптасатыны бекер емес.

Ата-ана отбасында күніне, аптасына, айына қанша қаржы жұмсалатынын, үйге қанша кіріс кіретінін, не сатып алу керектігі жөнінде баланы қатыстыра ақылдасып, тіршілікке баулып өсіргені жөн.

6-тапсырма. “ Отбасы экономикасы” тақырыпына жатпайтын сөздерді сызып тастаңыз.

Шаруашылық, тіршілік, бюджет, мемлекет;

қаржы, ақша, тиын, теңге, қаржыландыру;

халық, ата-ана, балалар.

7-тапсырма. Төмендегі сөздермен сөйлем құраңыздар.

Тапқан табысын, адамдар, материалдық, рухани, жұмсайды, мүдделерге;

Тәрбиесіне, балалардың, бюджеті, отбасы, жұмсау, әсер етеді, дұрыс;

Жөн, балаларды, бюджеті, отбасы, қатыстырған, бөлгенде.

8-тапсырма. –лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнақтардың мағыналық ерекшеліктерін түсіндіріңіздер. Аударыңыздар.

(қандай?)

компьютерлік есеп, экономикалық ситуация;

делдалдық қызмет, кедендік күн;

ұлттық, мемлекеттік экономика.

9-тапсырма. Төмендегі сөздермен сөз тіркестерін құраңыз.

Экономикасы, табысы, үнемдеп жұмсау, ықпал ету, әдеттері, тәрбиесіне, баулы, қамтамасыз етіп, кіріс, айналады, мүдделеріне





Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 3986 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...