Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сабақ Лексикалық тақырып. Қазақстанның экологиясы



Мәтінді аударыңыз және мазмұндаңыз

Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі. Қазақстан территориясы кең-байтақ жерді алып жатыр, Батыстан Шығысқа қарай- 2,925 шақырым. Солтүстіктен Онтүстікке қарай 1,600 шақырым. Батыс Сібір жазығы мен Орал тауларының жоталарынан Тянь-Шань таулары мен Қызылқұм шөліне дейін.

Қазақстанның жалпы ауданы (2,7 млн. шаршы шақырым) Франциядан бес есе артық. Бірнеше ландшафтық белдеулер мен белдеу тармақтары бір-бірін алмастырады: орманды дала -6 %, дала 28%, шөлейт 18%, шөлді – 40%.

Қазақстанның Оңтүстік және Шығыс шекараларын биік таулар көмкеріп жатыр. Қазақстан халқы 16 млн.-нан астам адамды құрайды. Қазақстандағы қалыптасқан экологиялық жағдайды қанағаттанарлық деп айта алмаймыз. Қазақстандағы қазіргі кездегі экологиялық мәселелерге байланысты бірнеше экологиялық аймақтарын көрсетуге болады.

А аймағы – Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына маманданған облыстар кіреді. Бұл аймақтағы приоритетті мәселе – табиғи ортаның мұнаймен ластануы.

В аймағына еліміздің шығыс облыстары жатады. ҚР-ның өнеркәсібі жоғары дамыған аймағы. Ірі түсті және қара металлургия, энергетикалық кешен.

Республикамыздағы көптеген қалаларда ластаушы заттардың мөлшері белгіленген нормадан артық.Әсіресе Өскемен, Риддер, Алматы, Шымкент қалаларында бірнеше есе артық. Бұлардың барлығы болашаққа жасап отырған болжау. Адамзат болашаққа бейбітшілікте және таза ғаламшаларда өмір сүруі тиіс.

Сөздік

кең-байтақ- обширна жоталарынан- до Хребтов шөліне- до пустыни орманды дала- лесостепь шөлейт- полупустыня пустыня- пустыня алмастырады- сменяют құрайды- составляют жағдай- состояние аймақтар-регион кешен- комплекс

2- тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Экология нені зерттейді?

2. Өздерінің тұратын елді мекендердің қоршаған ортасын ластайтын ошақтарды атаңыздар.

3. Судың, ауаның, топырақтың ластануының зардабы қандай болмақ? Мысал келтіріңдер.

3- тапсырма. Қазақстандағы экология жайлы шығарма жазыңыздар.





Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 1075 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...