Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Лексикалық тақырып: Қазақстандағы туризм. Мәтінді мазмұндаңыз



Қазақстандағы туризмнің тарихы біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта қалыптаса бастаған Ұлы Жібек жолының қалыптасуы мен дамуынан басталады.

Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін еліміздің бірқатар сәулет, археологиялық, мәдени ескерткіштері мен табиғи көрнекті жерлеріне іс жүзінде жарнама жасалмады және сұраныс болмады.

Қазақстанда туризм өндірісінің дамымай қалуының бір себебі экономика саласы ретінде мемлекеттік деңгейде тікелей айналыспады.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын қайта өркендету үшін негіз қаланды.

Туризм саласындағы халықаралық қатынастарды дамытуға жасалған қадамдардың бірі – Қазақстанның 1993 жылы толығымен ДТҰ-ға (Дүниежүзілік Туристік Ұйым) толық мүше болып қабылдануы, туризм саласындағы ынтымақтастық (сотрудничество) туралы халықаралық келісімдер жасауы болды.

Туризм дамуындағы маңызды мәселенің бірі туристік кадрлар даярлау болып табылады. Қазіргі уақытта елімізде туризм менеджерлерін даярлайтын 28 жоғары оқу орны бар.

1 тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Туризм саласында қандай келісімдер жасалды?

2. Қай жылытолығымен Дүниежүзілік Туристік Ұйымға толық мүше болып қабылданды?

3. Қазақстандағы туризмнің тарихы қай кезден басталады?

4. «Жібек жолы» туралы не білесің?





Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 921 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...