Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс. Білім берудегі инновациялық үдерістер және мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық технологиялар



Жоспары:

1. Технологиялар туралы ұғым, педагогикалық технологиялардың сипаттамасы.

2. Оқытудың дәстүрлі технологиясы.

3. Жаңа педагогикалық технологиялар.

4. Педагогикалық процесте жаңа технологиялардың жүзеге асырылуы.

Негізгі әдебиеттер:

1. Селевко Г.К. Современное образовательные технологии. – М.: 1998.

2. Педагогика. Оқулық, Алматы: Print-S, 2005.-364 б.

3. Пидкасистый П.И. Педагогика. – М.: 2001

4. Подласый И.П. Педагогика. – Минск, 2006

5. Оконь В. Введение в общую дидактику. – М.: Высшая школа, 1990

Қосымша әдебиеттер:

1. Безрукова В.С. Педагогика. Проективная педагогика. Уч.пособие для инженерно-пед.институтов. Екатеринбург, 1996. – 344 с.

2. Бордовская Н.В., РеанА.А. Педагогика. «Серия учебник нового века», Санкт-Петербург, 2000.

3. Каракулов К.Ж. Школоведение. – Алматы

4. Конаржевский Ю.К. Анализ урока. /М.: Центр «Педагогичнский поиск», 2000

5. Коркина В.И. Дидактика в схемах и таблицах: Уч.пособие. – КарГУ. Караганда: Изд.ВО КарГУ, 2004

Технологиялар туралы ұғым, педагогикалық технологиялардың сипаттамасы. Алғашқыда педагогтар «педагогикалық технология», «оқу-оқыту технологиясы» жəне «тəрбиелеу технологиясы» ұғымдарының өзіндік мəн-мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу жəне тəрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-əрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» мəні «оқу технологиясы», «тəрбие технологиясы» ұғымдары мəндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау. Педагогикалық технология – бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы. Я.А.Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз əрекеттегі механизмге сəйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқу технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып отырды. Əсіресе, техникалық прогрестің əрқилы теориялық жəне практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, Ю.К.Бабанский жəне т.б.).

Осы заманғы дидактикада əрқилы оқу технологиялары көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі - əр автор мен орындаушының педагогикалық процеске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс ендіріп баруымен байланысты. Дидактикада оқу технологиялары төмендегідей сипаттарымен жіктеліп, топтастырылады:

- қолдану деңгейі: жалпы педагогикалық, пəн əдістемелік, бөлімдік (модульдік);

- философиялық негізі: ғылыми жəне діни, гуманистік жəне əміршіл- əкімшіл (авторитарлы);

- тəжірибе меңгерудің ғылыми негіздемесі (концепция): байланыс-жауапты (ассоциатив-рефлекторлы); іс-əрекетті (бихевиористік), іштей ұғу (интериоризаторлы), дамытушы;

- тұлғалық құрылымға бағдарлануы: ақпараттық (білім, ептілік жəне дағдылар қалыптастыру), нақты қимыл-əрекеттік (оперативті- ақыл-ой əрекеттері əдістерін қалыптастыру), шығармашыл (эвристикалы-дарын қабілеттерін дамыту), қолданбалы (тұрмыс-тəжірибелік əрекеттер қалыптастыру).

- Дəстүрлі оқу жүйесін жаңалау бағыты (модернизация): оқушы іс-əрекетінің белсенділігін көтеру жəне жеделдестіру технологиясы; мұғалім жəне оқушы арасындағы қатынастарды адамиластыру мен демократияластыру негізінде жасалған технология; оқу материалын дидактикалық қайта түзуге негізделген технология жəне т.б.

Оқытудың дәстүрлі технологиясы. Оқудың дəстүрлі (қайта жасау- репродуктивті) технологиясы білім, ептілік жəне дағдыларды ұсынуға бағытталған. Ол өтіліп жатқан материалдың игерілуін, қайта жасау деңгейіндегі білім сапасының бағалануын қамтамасыз етеді. Бұл технологияның ежелгі түрі. Ол бүгінгі таңда да кең таралған (əсіресе орта мектепте). Оның мəні: жаңаны игерту–бекіту–қадағалау–бағалау сұлбасы (схема) бойынша оқу процесін жүргізу. Технология негізіне табысты өмір тіршілігін қамтамасыз ететіндей білім ауқымын анықтауға мүмкіндік беретін жəне оны оқушыға жеткізу жолын көрсететін білімдік бағыт-бағдарлама (парадигма) алынады. Осыған орай оқу- оқытудың басты əдістері ретінде 1) көрнекілік жəне онымен бірге жүретін түсіндіру, 2) оқушының жетекші іс-əрекеттері түрлеріне – тыңдау мен есте қалдыру, 3) басты талап жəне тиімділіктің негізгі көрсеткішіне – игерілгенді қалтқысыз қайталап жаңғырту ептілігі алынады. Мұғалім қызметтері – түсіндіру, əрекеттерді көрсету, оқушылар орындағандарды бағалау жəне реттеу, түзету. Бағдарламаластырылған оқу технологиясының (БОТ) негізгі мақсаты оқу процесінің басқару жүйесін жақсарту (П.Я.Гальперин, Л.Н. Ланда, А.М. Матюшкин жəне т.б.). БОТ бастауын берген американдық психологтар мен дидакттар (Н.Краудер, Б.Скиннер, С.Пресси). БОТ – бұл арнайы жабдықтар, бағдарламаластырылған оқулық, ерекше оқу-машинасы, ЭВМ жəне т.б. көмегімен күні ілгері дайындалған бағдарлама бойынша орындалатын өзіндік жеке-дара оқу технологиясы. Бұл технология əрбір оқушыға өзіндік сапа-қасиеттеріне орай (оқу қарқыны, сауаттылық деңгейі жəне т.б.) оқуына мүмкіндік береді. Проблемді оқу технологиясы мұғалім басшылығында өтетін оқушылардың оқу міндеттерін шешуге орайластырылған өзіндік ізденіс іс-əрекеттерін ұйымдастыруға негізделеді. Оқу ізденістері барысында оқушыларда жаңа білім, ептілік жəне дағдылар қалыптасып, қабілеттері, танымдық белсенділігі, қызығуы, ой-өрісі, шығармашыл ойы жəне басқа да тұлғалық маңызды сапалары дамиды (Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин, М.И.Махмудов жəне т.б.).

Жаңа педагогикалық технологиялар және олардың педагогикалық процесте жүзеге асырылуы. Модульді оқу технологиясы АҚШ пен Батыс Еуропада 1960 жылдары дəстүрлі оқуға балама ретінде ұсынылған білім игеру жүйесі. Бұл технологияның мəні - оқушы модульмен жұмыс орындау барысындағы нақты мақсатқа өз бетінше (не белгілі шамада мұғалім жəрдемімен) жетеді (Т.И.Шамова). Модуль дегеніміз — мұғалім жасайтын оқушының оқу іс-әрекетінің жоспары. Оны баспа әрпімен теріп сыныптың әр оқушысына береді. Бұл әдістемелік құралда оқушының әр сабақтағы оқу іс-әрекетінің, мақсаты, оқу тапсырмалары, оларды орындау әдістері көрстілген. Модульдар арқылы мұғалім әрбір оқушымен жұмыс істейді. Модульдық сабақтан айырмашылығы жұмыс оқушының іс-әрекетінің мақсатын анықтаудан басталады. Мұғалім оқушы " Нені үйрену керек?"- деген сұраққа жауап береді. Келесі кезеңде оқушыны таңырыптың мазмұнын және оқу іс-әрекетін меңгеруге талаптандырады. Ол үшін графикалық диктант, шағын тест, интеллектуалдық сергітулер өткізіледі. Содан кейін ақпараттық блок: (мұғалім әңгімелеуі, дәріс, фильм, дипфильм, оқушылардың хабарламалары, оқулықтар оқу) беріледі. Материалмен жұмыс: зертханалық жұмыстар, есептер шығару, проблемаларды шешу, сұрақтарға жауап, тапсырмалар орындау, т.б. Модульдық сабақ мұғалімнің бақылаумен аяқталады, білім, дағдылар оқушының қатысуымен түзетіледі. Модульдық оқыту түрінің міндетті элементі рефлексия (өзін, өзәнің іс-әрекетін бағалау). Әрбір сабақ соңында оқушылар сабақ мақсатына қаншалықты деңгейде жеткенін, өз жұмысын бағалайды. Модульдық оқытуда оқушылардың білім іскерліктерінің бастапқы деңгейі анықталады, содан соң өткелі отырған тақырып бойынша ақпарат алады, материалдармен жұмыс істейді, білім, іскерлік бақыланады, түзетулер жүреді. Модуль – мақсатқа орайластырылған оқу мазмұны мен оны меңгеру жолдарын (технологиясын) біріктірген түйін, топ (узел). Шоғырластырылған (концентрлі) оқу технологиясы педагогикада ежелден танымал пəнге шомдыру əдісіне негізделген (П.Блонский, В.Ф.Шаталов, М.П.Щетинин жəне т.б.).

Қашықтан оқу технологиясы - бұл осы заманғы телебайланыс, электронды почта, теледидар жəне интернет жəрдемімен оқу мекемесіне қатыспай-ақ білімдену қызметтерін пайдалану. Қашықтан оқу қандай да себептермен білім иеленуге қол жеткізе алмай жүргендердің бəріне бірдей үйде отырып оқу мүмкіндіктерін ашады (əсіресе мүгедектерге, зағиптар мен есітуден қалғандарға, т.с.с.). Оқу технологияларының басқа да түрлері баршылық: əр деңгейлі оқу, толық меңгеру, ұжымдық ықпалдаса оқу, икемдесе оқу, жобалап оқу, авторлық оқу технологиясы (мысалы, В.Ф.Шаталов технологиясы) жəне т.б.

6. «Мектептану негіздері»

Дәріс. Тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару, мектеп шеңберінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды аттестациялау.

Жоспары:

1.«Педагогикалық менеджмент» ұғымы. Басқарудың мәні және оның негізгі қызметтері. Басқару қағидалары.

2.Мектеп туралы нормативті құжаттарға сипаттама.

3. Мектеп әкімшілігінің білім беру жүйесінде менеджер ретіндегі іс-әрекеттері: директор, тұтас педагогикалық үдерістің әртүрлі аспектісіндегі директордың орынбасарлары, менеджер.

4.Мектептегі педагогикалық үдерісті басқарудағы алқалық ұйымның қызметтері (педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес).

5. Мұғалімдердің біліктілігін арттырудың жаңа түрлері. Мұғалімдерді аттестациялау – олардың кәсіби шеберлігінің шынайы деңгейін айқындайтын құрал.

Негізгі әдебиеттер:

1. Государственная программа развития образования РК до 2010 г.

2. Педагогика. Оқулық, Алматы: Print-S, 2005.-364 б.

3. Пидкасистый П.И. Педагогика. – М.: 2001

4. Подласый И.П. Педагогика. – Минск, 2006

5. Харламов И.Ф. Педагогика. – Минск, 2002

6. Коянбаев Ж.Б., Коянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2002.

Қосымша әдебиеттер:

1. Безрукова В.С. Педагогика. Проективная педагогика. Уч.пособие для инженерно-пед.институтов. Екатеринбург, 1996. – 344 с.

2. Бордовская Н.В., РеанА.А. Педагогика. «Серия учебник нового века», Санкт-Петербург, 2000.

3. Краевский В.В. Ведение в научное исследование по педагогике: уч.пособие. М., 1999

Менеджменттің екі ұғымы бар: біріншіден, менеджмент – бұл басқару, басшылық ету органы, екіншіден, менеджмент – бұл адамдарды басқару (әрекеті).

Ю.К.Бабанский педагогикалық жүйедегі басқарудың құрамдас негізінің бірі болып табылатын оқушылар әрекетін ұйымдастыру әдістеріне және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыруға назар аударды. Тәрбие процесінде заңдылық бойынша «педагог операцияларды басқарудан әрекеттерді басқаруға, одан кейін оқушылардың қызметін басқаруға өтуі тиіс». «Педагогикалық менеджмент» ұғымының мәнін ашу барысында осы бағытта көптеген еңбектердің жазылғандығын айта кету орынды, олар: А.Н.Иванов, А.М.Лазарев, А.В.Лоренсов, Т.Ф.Лошакова, А.М.Моисеев, О.Моисеева, М.М.Поташник, О.Г.Хомерики, В.В.Хохлова, Т.И.Шамова. К.Я.Вазина оқу орнындағы педагогикалық менеджменттің екі деңгейін ұсынады. Бірінші деңгей оқу ұйымының басшысы және орынбасарлары. Екінші деңгей ұстаздар мен мұғалімдер. Т.Ф.Лошакованың зерттеуінде менеджмент ұғымына анықтама Оксфорд сөздігінен алынған: «Менеджмент – адамдармен қарым-қатынас мәнері мен әдісі, билік және басқару өнері, әкімшілік дағдылар мен ерекше іскерлік».Педагогикалық менеджмент анықтамасының бірқатар қырларын көрсетеді: адамдармен қатынас, басқару іскерлігі, басқару мәдениеті. М.Х.Мескон, М.Альберт, Ф.Хедоуридің «Менеджмент негіздері» атты кітабында менеджмент бірнеше мағынада қарастырылады: «өзге адамдардың қажеттіліктері, ақыл ойы, еңбегін қолдану арқылы қойылған мақсатқа қолжеткізу іскерлігі»; «әртүрлі мекемелердегі адамдарды басқару бойынша әрекет түрі, қызметі және басқару»; «басқару қызметін жүзеге асыруға көмек беретін адами білім саласы». Сонымен, менеджмент ұғымы ағылшын тілінен аударғанда «басқару» мағынасын береді, әрекет түрі, білім саласы мағынасында да қарастырылады. Мекеме мақсатына жету үшін менеджмент кадрлар ресурсымен (өзге адамдардың қажеттіліктері,еңбегі, ақыл ойы) қатар материалдық, қаржылық ресурстарды қолданады. Көптеген әдебиеттерде менеджмент тек басқару ғылымы (білім саласы) ғана емес, басқарушының (менеджердің) пәрменді ойы мен интуициясына, шешім қабылдаудағы жаңаша ойлауы мен әрекетті тез әрі ұтымды ұйымдастыруына негізделген басқару өнері ретінде қарастырылады. Қорыта айтқанда, менеджмент дегеніміз мекеменің тиімді әрі белсенді қызметін ұйымдастыру мақсатында ақыл-ой, материалдық, қаржылық ресурстарды ұтымды қолдануға бағытталған ғылым, өнер, қызмет түрі. Менеджментті түсінудің барлық аспектілерін ескере отырып, жеке-тұлғалық қатынасқа сүйене келе, педагогикалық менеджмент ұғымына анықтама береміз. Педагогикалық менеджмент – өмірдің жаңа әлеуметтік-педагогикалық жағдайларына дайын бала тұлғасын дамыту мақсатына бағытталған, класта жүзеге асатын мұғалімнің басқару қызметі. Педагогикалық менеджменттің құрылымы:

1. Әрекеттік жүйе ретінде педагогикалық менджменттің жүйеқұраушы элементтерінің мәні мен сипаттамасы.

2. Педагогикалық менеджменттің мақсаттары.

3. Білімдік үдерістің менеджері алдында тұрған негізгі міндеттер.

4. Педагогикалық менеджменттің принциптері.

4.1. Басқарудың жалпы принциптері.

4.2. Педагогикалық және басқару еңбегін ұйымдастырудың ғылыми принциптері.

4.3.Білім беру үдерісіндегі менеджердің талдау әрекетінің принциптері.

5. Педагогикалық менеджменттің қызметтері.

6. Басқару әдістері

7. Нәтижесі

7.1. Тиімділік - оқытушы мен оқушының біріккен әрекетінің сипаттамасы.

7.2.Сапа - қорытынды нәтиженің сипаттамасы.

В.А.Сухомлинский баланы басқару туралы айта келе, «басқару, бағындыру моральдық құқығына сүйеніп қана тәрбиеленушінің жанын билеуден» аулақ болуды қатаң ескертеді. «Бала өз арын басқарушы» болғанда ғана мұғалім басқару құқығын орындай алады. Ұжымның интеллектуалдық өмірі - үлкен күш, ол адамды өзін-өзі тәрбиелеуге бағыттайды. Мұғалімнің сыныптағы басқаруын Сухомлинский осылай түсінді.

К.Я Вазинаның пікірінше: “ Басқару – нақты бір мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін қалыптасуға жауап беретін жүйенің қызметі”. ХХ ғасырдың көрнекті менеджерлерінің бірі Ли Якокконың пікірінше: “Басқару – басқа адамдарды еңбекке бағыттау түрінде саналады”. Ежелгі Грецияда басқарушының әрекетін анықтай отырып, Сократ та осы тәріздес пікір айтқан: “ Негізгі міндет – қажетті адамды қажетті орынға қою және нұсқаулардың орындалуына қол жеткізу”. Басқарушы - басқарудың субьектісі, басқарылатын басқару обьектісі болып саналады. Басқарудың негізі – басқару шешімдерінің қабылдануы және орындалуы. Белгілі бір ұйымды басқару нәтижелі болу үшін ұйымда нәтижелі басқару жүйесі құрылуы тиіс.

Педагогикалық менеджменттің ұстанымдары мен әдістері.

Басқару әдістері төрт топқа бөлінеді: Бірінші топ - экономикалық әдістер немесе экономикалық ынталандыру әдістері. Бұл нақты шығындар мен нәтижелерді салыстыру арқылы орындаушыға әсер ететін тәсілдер мен әдістер жүйесі (материалдық ынталандыру, қаржыландыру мен несие беру, жалақы, пайда мен баға) Мұнда негізгі басқару әдістер есебінде ақы төлеу мен премиялар жүйесі болып табылады. Менеджердің жалақысы ұйымның жалпы нәтижесімен байланысты. Екінші топ – әкімшілік әдістер; бұл тікелей әсер ететін, міндетті түрде орындалатын, дерективтік әдістер. Олар тәртіпке, жауапкершілікке, билікке негізделген. Әкімшілік әдіске келесілер жатады; ұйымдастырушылық, жобалау, регламенттеу, нормалау. Әкімшілік әдістер келесі формалар арқылы атқарылады; бұйрық, ережелер, нұсқаулар, командалар.

Үшінші топ – педагогикалық-психологиялық әдістері: Мұнда басқару процесінде адамдарға, олардың қарым-қатынастарына көп назар аударылады. Бұған келесілер жатады: моральдық (өсиетік) көтермелеу, әлеуметтік жоспарлау, өз мысалы, адам арасындағы жеке және топтық қарым-қатынастарды реттеу, ұжымда өсиеттік климатты өңдеп ұстау. Төртінші топ – қоғамдық ықпал әдістері. Басқаруға жұмысшыларды кең көлемде тарту, білім беру үдерісіндегі негізгі мәселелерді шешуде және оларды болдырмау жолдарын қарастыруда ашық ұжымдық талдау арқылы демократиялық бастамаларды дамыту, ұжым мүшелерін әдістемелік оқумен қамту және салауатты шығармашылық бәсекелестікті дамыту. Бұл әдістер тұлғаның беделін, қызығушылығын арттыруға, әрбір оқушының, педагогтың еркіндігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Мектептегі әдістемелік жұмыс түрлері, әдістері. Мұғалімдер, тəрбиешілер, мектеп жетекшілерінің біліктілігін (квалификация) көтеруге басшылық – білім саласындағы басқару қызметі бағыттарының маңызды да мəнділерінің бірі. Бұл қызмет төмендегідей аса маңызды əрі қажетті бірліктерден құралады:

- мұғалімдер жəне тəрбиешілердің оқушылармен жүргізетін оқу-тəрбие жұмыстарының формалары мен əдістерін пайдалану жəне қолдану шеберлігін жетілдіру, үздіксіз күрделене дамудағы білім мазмұнын меңгеруін қамтамасыз ету;

- мектептегі оқу-тəрбие процесінің мүмкіндігінше жоғары деңгейде жабдықталуы мен барша деңгейдегі жаңашыл-жасампаз іс-əрекеттердің орындалуына жағдай жасау;

- мектептің даму бағытын айқындауға байланысты педагогикалық ұжым қызметіне дем беріп, оны жетілдіру;

Кəсіби қызметінің барысында барша мамандар өз педагогикалық шеберлігін арнайы курстарда, семинарларда, біліктілік көтеру мекемелерінде жетілдіріп баруы міндетті. Бұл мақсатта келесідей іс-шаралар ұйымдастырылуы мүмкін:

- негізгі жұмыс орнында үзіліссіз өткізілетін қысқа мерзімді тақырыптық оқулар (соңғы емтихан, сынақ не нақты кəсіби қызмет мəселесіне орай реферат қорғаумен бітеді);

- сала, ұйым, мекеме деңгейінде жүргізілетін тақырыптық не проблемді орташа мерзімді семинарлар (жұмыстан үзіліссіз);

- мамандардың кəсіби қызмет бағытында біліктілік көтеру мекемесінде ұзақ мерзімді оқуы.

Жаңа бағдарламалар бойынша қосымша білім жəне ептіліктер игеру жəне кəсіби қызметке орай жаңа мазмұн мен соны технологияларды меңгеру үшін кəсіби қайта дайындық (екінші мамандық алу) оқулары ұйымдастырылады.

Қайта дайындық нəтижелері бойынша кəсіби іс-əрекеттің белгілі саласында жұмыс алып бару құқығына кепіл мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

Мұғалімдерді аттестациялау және аттестациялауға қажетті құжаттар. Елде қабылданған мұғалімдердің кəсіби дайындығын жетілдіру жүйесі – сараптау (аттестация) – педагогтар мен мектеп басшыларының біліктілігін көтерудің аса маңызды да тиімді құралы есептеледі. Сараптау мақсаты- кəсібилік деңгейді көтеруге ынталандыру, оқу-тəрбие процесінің сапасын арттыру, шығармашыл ынта дамыту, сонымен бірге нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында жекеленген еңбек жалақысын беру жолымен педагогтардың əлеуметтік қорғанысын қамтамасыз ету. Бұл орайда мұғалім жұмысының сапасы мен оның еңбек ақысы арасындағы сəйкестікті ұстану көзделген. Мұғалімдерді сараптауда педагогикалық еңбектің бағамы- оның нəтижелілігі жəне оқу-тəрбие процесінің сапасы – есепке алынады. Ол əр бес жылда бір рет педагогтың өзі таңдаған біліктілік категориясы көрсетілген жеке өтінішіне орай өткізіледі. Біліктілік категориясын иемдеуге байланысты өз сараптау мүмкіндіктерін мұғалімдердің өздері анықтайды, олар сараптау формаларын таңдауға құқылы: дəрістер тобын көрсету, сыныптан тыс оқу жұмыстарымен таныстыру, белгілі бағдарлама бойынша «емтихан» (əңгімелесу) не шығармашылық есеп, ғылыми-əдістемелік немесе тəжірибе-эксперименттік жұмысты қорғау жəне т.б. Категория иемдену үшін сараптан өтуді қаламаған мұғалімдердің жалақысы тариф негізінде білімі жəне еңбек стажына орай белгіленеді. Кей жағдайда нақты мұғалімнің біліктілік деңгейі мен оның тағайындалған қызметіне сəйкестігін анықтау үшін сараптау жұмысы əкімшіліктің, мектеп кеңесі мен педагогикалық кеңес ұсынысымен де өткізілуі мүмкін. ҚР Білім жəне ғылым министрлігі бұйрығына орай қабылдаған «Мемлекеттік жəне жеке меншік білім мекемелерінің педагогикалық жəне басқару қызметкерлерін сараптау жөніндегі Ережелеріне» сəйкес үш түрлі сараптау комиссиясы түзіледі:

- бас сараптау комиссиясы – республикалық деңгейдегі басқару органы тарапынан ҚР, облыстар құрамында түзіледі;

- аудандық (аймақтық) не қалалық комиссия – жергілікті жердегі білім басқармасы тарапынан ұйымдастырылады;

- білім мекемесіндегі сараптау комиссиясы – оның педагогикалық кеңесі ұсынысымен құрылады. Əр комиссия өз құзырына сай мəселелерді шешеді. Сараптау комиссиясының қабылдайтын негізгі шешімі – біліктілік категориясын тағайындау. Қазіргі күнде əрекеттегі Ережелерге орай үш біліктілік категориясы белгіленген:

- ең жоғары, оны бас сараптау комиссиясы белгілейді;

- бірінші, оны аудандық (аймақтық) не қалалық комиссия тағайындайды;

- екішші категория мектептің сараптау комиссиясы тарапынан беріледі. Мұғалім не басшы қызметінің бағамы, екі кешенді көрсеткіштер бойынша іске асырылады: қызмет нəтижелерін қорытындылау (шығармашылық есеп, ғылыми-əдістемелік не тəжірибе-эксперимент жұмыс түрінде) жəне практикалық іс-əрекеттің эксперттік бағамы əртүрлі баламадағы психикалық –педагогикалық экспертиза). Категория құжаттық материалдар (стаж, мінездеме, мұғалімдердің біліктілігін көтеру курстарын өткені жөніндегі сертификат) негізінде беріледі. Сараптаудың табысты болуы оның ұйымдасуымен, қойылатын талаптар туралы қажетті ақпараттың нақтылығымен, қорғау жəне эксперттеу əрекеттерімен, іскерлік жəне көңілге қонымды жағдайлардың жасалуымен байланысты келеді. Мұғалімдерді сараптау қорытындысы мектеп жұмысының стратегиясы жəне тактикасын белгілеуде маңызды рөл атқарады.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 5814 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.015 с)...