Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс. Оқыту формалары, әдістері мен құралдары



Жоспары:

1. Оқыту әдістері, тәсілдері жайлы түсінік оларды жіктеу.

2. Оқыту әдістері мен тәсілдернің мәні мен мазмұны.

3. Оқыту әдістерін, тәсілерін таңдау.

Негізгі әдебиеттер:

1. Государственная программа развития образования РК до 2010 г.

2. Оконь В. Введение в общую дидактику. – М.: Высшая школа, 1990

3. Педагогика. Оқулық, Алматы: Print-S, 2005.-364 б.

4. Пидкасистый П.И. Педагогика. – М.: 2001

5. Подласый И.П. Педагогика. – Минск, 2006

6. Селевко Г.К. Современное образовательные технологии. – М.: 1998

7. Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогичнском процессе школы. – Алматы, 1997

8. Харламов И.Ф. Педагогика. – Минск, 2002

9. Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. – Алма-Ата: Мектеп, 1984

10. Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного педагогического процесса. – Алматы, 2005

Қосымша әдебиеттер:

1. Безрукова В.С. Педагогика. Проективная педагогика. Уч.пособие для инженерно-пед.институтов. Екатеринбург, 1996. – 344 с.

2. Бордовская Н.В., РеанА.А. Педагогика. «Серия учебник нового века», Санкт-Петербург, 2000.

3. Каракулов К.Ж. Школоведение. – Алматы

4. Конаржевский Ю.К. Анализ урока. /М.: Центр «Педагогичнский поиск», 2000

Оқыту әдістері, тәсілдері жайлы түсінік оларды жіктеу. Жалпы білім беретін орта мектепте оқыту әдістері кеңінен қолданылады, нақты түсінік беретін болсақ, педагогикалық энциклопедияда: «Оқыту әдістері мұғалім мен оқушылар жұмысыны тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды», - деп жазылған. Ал әдіс сөзінің этимологиясы («metodos» - грек сөзінен алынған, ол зерттеу немесе таным жолы) деген мағынаны береді. Яғни оқыту әдісі танымдылықты, оқыту іс-әрекетіне байланысты дидактикалық құбылыстың мәнін, олардың қозғалысын, сапалық көрсеткішін анықтаудағы таным үрдісі деп айтуға болады. Оқыту әдісінің жіктелуі бірнеше дидактикалық мәселелерді шешуге бағытталған. Ресей педагогы И.П.Пидкасистый оқыту әдістерін 5 топқа бөледі:

· практикалық (іс-тәжірибе, жаттығу, оқу-өндірістік еңбек, т.б.);

· көрнекілік (иллюстрация, демонстрация, т.б.);

· сөздік (түсіндіру, анықтау, әңгіме, сұхбат, инструктаж, лекция, пікірталас, т.б.);

· кітаппен жұмыс (оқу, жаттау, сілтеме алу, конспектілеу, мәнжазба, т.б.);

· бейнетаспа әдісі (көріп оқыту, «электронды мұғалім», бақылау, т.б.).

Сондай-ақ КСРО педагогы Ю.К.Бабанский оқыту әдісін 3 топқа бөліп қарастырады:

1-топ: ұйымдастыру және оқу-таным іс-әрекетін жүзеге асыру әдістері:

· оқытудың сөздік әдісі (әңгіме, сұхбат, оқыту лекциясы, т.б.)

· оқытудың көрнекілік әдісі (иллюстрация, демонстрация, т.б.)

· практикалық оқыту әдісі (жаттығу, саяхат, өндірістік оқу цехы, т.б.)

· индуктивтік және дедуктивтік оқыту әдісі

· репродуктивтік оқыту әдісі

2-топ: оқыту үрдісінде оқушылардың оқу іс-әрекетін қалыптастыру әдісі:

· танымдық ойындар

· оқыту дискуссиясы

· оқытудағы талап қою әдісі

· оқытуда мадақтау мен жазалау әдісі

3-топ: оқытудағы өздік бақылау және бақылау әдістері:

· жазба жұмыстарын бақылау әдісі

· лабораторяилық бақылау әдісі

· машинамен бақылау әдісі

· өзін-өзі бақылау әдісі

Бүгінгі күні жалпы білім беретін орта мектепте Г.И.Щукина, И.Т.Огородников, М.А.Данилов, М.Н.Скаткин, Н.А.Сорокин, т.б. ғалымдардың жіктеулері педагогикалық үрдісте қолданылып жүр.

Оқыту әдістері мен тәсілдернің мәні мен мазмұны. Оқыту әдісінің мазмұндық ерекшелігі негізінен оқушылардың пәнді оқу ақпаратын сапалы игеруіне және психо-педагогикалық даралық ерекшеліктеріне бағытталады. Ұлт мектебінде жиі қолданылатын әдістер: баяндау, әңгіме, лекция, кітаппен жұмыс, демонстрация, жаттығу, лабораториялық әдіс, программалық оқыту әдісі, білім беруді бақылау әдісі, ситуациялық әдіс, т.б. түрлері кездеседі.

Жоғарыда аталған әдістің бәріне тоқталмай-ақ, нақты біреуіне түсінік бергенді жөн деп білеміз.

Практикалық әдіс – 5 заттан тұрады, мұнда оқушылардың танымдық іс-әрекеті тәжірибе сабақтарында тексеріледі:

· мұғалімнің түсіндіруі жұмысты теориялық кезеңдермен үйрету;

· көрсету (инструктаж);

· жұмысты жасап көру;

· жұмысты әрбір оқушының өзі орындауы;

· бағалау.

Ескерту: Практикалық жұмыста оқушылардың бағалануы жұмыстың сапасы, уақыты, материалды үнемдеуі, жұмысты дұрыс және жылдам жасауы ескеріледі.

Оқыту жұмысының нәтижелі болуы оқыту әдістерін нақты таңдау және төмендегі критерийлерді басшылыққа алумен байланысты:

· әдістердің оқыту заңдылықтары мен принциптерге сәйкестігі

· әдістердің дидактикалық мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі

· оқыту әдістерінің тақырып мазмұнына сәйкестігі

· әдістердің оқушылардың оқу мүмкіндігіне сәйкестігі

· әдістердің мұғалімдердің педагогикалық қабілетіне сәйкестігі

· әдістердің оқу пәнінің материалдық және техникалық базасына сәйкестігі

Бұл аталған критерийлер сабақтың сапалы өтуіне және мұғалімнің педагогикалық шеберлігімен де сипатталады.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 9152 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.016 с)...