Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс. Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әрекетін белсендендіру



Жоспары:

1. Оқу, үйрену – оқушылардың танымдық іс-әрекеті. Белсенді танымдық іс-әрекет ұғымы.

2. Мұғалімнің оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекеті ұйымдастырудың шарттары мен құралдары.

3. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің дәстүрлі және қазіргі тәсілдері.

Негізгі әдебиеттер:

1. Государственная программа развития образования РК до 2010 г.

2. Педагогика. Оқулық, Алматы: Print-S, 2005.-364 б.

3. Пидкасистый П.И. Педагогика. – М.: 2001

4. Подласый И.П. Педагогика. – Минск, 2006

5. Харламов И.Ф. Педагогика. – Минск, 2002

6. Коянбаев Ж.Б., Коянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2002.

Қосымша әдебиеттер:

1. Безрукова В.С. Педагогика. Проективная педагогика. Уч.пособие для инженерно-пед.институтов. Екатеринбург, 1996. – 344 с.

2. Бордовская Н.В., РеанА.А. Педагогика. «Серия учебник нового века», Санкт-Петербург, 2000.

3. Краевский В.В. Ведение в научное исследование по педагогике: уч.пособие. М., 1999

Танымдық белсенділіктің мәні. XX ғасырдың 70–80 жылдарында оқыту процесін белсендіруге бағытталған, оның балаға арналғаны, оқушының оқытудың белсенді субъектісіне айналуына бағытталған әдістемелік зерттеулердің қоғамдық және педагогикалық сананың қалыптасуына Ж.Пиаже (Швейцария), Б.Блюм, Д.Ж.Бруннер, Ж.Ганье, С.Эриксонның (АҚШ) еңбектері куә. Ж.Пиаженің айтуынша, мектептер “жаңаша ойлайтын қабілетті адамдар дайындау керек; тек өткен ұрпақтың істегенін ғана қайталамау керек, шығармашылық және ойлап тапқыш адамды әзірлеу керек”. Белсенділік деген (интенсивтендіру мығымдық) оқушының іс – әрекеті мен пәнімен “қосылғандығы” дәрежесін анықтайды. Оқушылардың белсенділіктің дағды–біліктерін меңгеруі.

Белсенділік – бұл оқушының белгілі мақсатқа ұмтылған әрекеті, мазмұнды, көлемді оқу қолданылатын және қызығушылығын тудыратын, белсенділігін арттыратын, шығармашылықты арттыратын, білімді меңгерудегі оқушының өзіндік үйренуі, дағды мен шеберліктің қалыптасуы, оларды тәжірибеде қолдануға бағытталған. Бұл ой еңбегінің құлдырау сақтайтын, жігерлі, мақсатты бағытталған жүйе.

Белсенділіктің негізгі мақсаты–оқушылардың белсенділігін қалыптастыру, оқу–тәрбиенің саласын көтеру.

Қазіргі кезде танымдық белсенділіктің мәнін ұғындыратын екі әдіс анық белгілі болып отыр. Бір зерттеушілер танымдық белсенділікті әрекет ретінде қарайды, ал біреулер–сапа, жекелік білім деп ұғады. Берілген мәселеге “танымдық әрекет” және “танымдық белсенділік” ұғымдарының енуін тек әрекетті бірлікте қарайтын болсақ, онда бұл жағдайда мәселе өзінен өзі шешілетін сияқты, себебі оқушылардың кез–келген әрекеті ойламды шешімді болуы керек.

Оқушылардың оқыту белсенділік мәселесі–терең педагогикалық зерттеулердің пәні.Бұны өңдеуге М.А. Данилов, Р.Г. Лемберг, И.Я Лернер, М.И. Махмутов, М.Н. Скаткин, И.Ф. Харламов, Т.И. Шамов, Г.И. Щукина, А.Х. Аренова үлестерін қосты.

Танымдық әрекеттің белсенділігі оқытудағы құралдар мен әрекеттерін табу мәселесі ғасырлар бойына жалғасады. Жастарды тәрбиелеуде ежелгі грек философы Сократ эвристикалық әңгімені пайдаланған.ХVІІ–ХІХ ғасырдың педагогтары Я.А. Коменский және т.б.оқутушының негізгі жүмысы –оқушыларды өзінше ойлау, зерттеу ізденістеріне бейімдеу деп санаған. А. Дистервег былай деп жазған: “Нашар мұғалім шындықты хабарлап қояды, ал жақсы мұғалім оны табуға үйретеді”.

Қазақтың ағартушылары Абай Құнанбаев, Ы. Алтынсарин қоғамдық қайраткер және педагогттар А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов өздерінің еңбектері мен тәжірибелік әрекеттерінде оқушыларды шығармашылықты дамытуға, ойларын жүйелеуге шыќырған. Кеңес әдіскерлері мен психологтары Л.С. Выготский, Б.Г. Есипов, Л.В. Занков, В.В. Давыдов, Р.Г. Лемберг, И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин дамып келе жатқан оқытудың тәжірибесі мен теориясына және оқушылардың танымдық әрекетінің белсенділігіне үлкен, зор үлестерін қосты.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 4234 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...