Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс. Тұтас педагогикалық үдерістің құрылымындағы оқыту



Жоспары:

Жоспары:

1. Дидактика – оқыту мен білім беру теориясы. Дидактика пәні, оның негізгі категориялары.

2. Оқытудың мәні, мақсаты, міндеті.

3. Оқытудың әдіснамалық негіздері.

4. Оқытудың психологиялық негіздері.

Негізгі әдебиеттер:

1. Государственная программа развития образования РК до 2010 г.

2. Оконь В. Введение в общую дидактику. – М.: Высшая школа, 1990

3. Педагогика. Оқулық, Алматы: Print-S, 2005.-364 б.

4. Пидкасистый П.И. Педагогика. – М.: 2001

5. Подласый И.П. Педагогика. – Минск, 2006

6. Селевко Г.К. Современное образовательные технологии. – М.: 1998

7. Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогичнском процессе школы. – Алматы, 1997

8. Харламов И.Ф. Педагогика. – Минск, 2002

9. Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. – Алма-Ата: Мектеп, 1984

10. Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного педагогического процесса. – Алматы, 2005

Қосымша әдебиеттер:

1. Безрукова В.С. Педагогика. Проективная педагогика. Уч.пособие для инженерно-пед.институтов. Екатеринбург, 1996. – 344 с.

2. Бордовская Н.В., РеанА.А. Педагогика. «Серия учебник нового века», Санкт-Петербург, 2000.

3. Каракулов К.Ж. Школоведение. – Алматы

4. Конаржевский Ю.К. Анализ урока. /М.: Центр «Педагогичнский поиск», 2000

Дидактика – оқыту мен білім беру теориясы. Дидактика пәні, оның негізгі категориялары. "Дидактика" - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko - оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Ж.Б. Қоянбаевтың педагогика оқулығында: «Дидактика» бұл ежелгі грек сөзі, яғни «. DIDAKTIKОS үйретуші didas кalos – мұғалім деген ұғымды білдіреді» дейді. Сондай-ақ, Ресей педагогы П.И. Пидкасистый «DIDAKTIKОS»- означает «поучающей», а «DIDASKО»- «изучающий» десе, А.Құдиярова да ол пікірді ұстанады: «Дидактика» (DIDAKTIKAS-оқытушы, DIDASKО-оқушы) ұғымы грек тілінен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз –деп түсіндіренді. Бұл терминді алғаш ғылымға енгізген неміс педагогы Вольфанг Ратке (Ратхия) (1571-1635), өзінің «Краткий отчет из дидактики, или исскуство обучение Ратихия»-деп аталатын еңбегінде қоданған. Ал, чех педагогы Я.А. Коменский өзінің 1657 жылы жарық көрген «ұлы дидактика» еңбегінде «нені оқыту», «қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап береді. Сонымен, Дидактика дегеніміз-білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Әлемдік деңгейде дидактиканың дамуына үлес қосқан И.Г. Песталоцци, И Гербарт, А. Дистерверг, К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, Д.Дьюи, Г. Кершентейнер, В. Лай, П.Ф. Каптуров, С.Т. Шацский, П.П. Блонский, М.М. Пистрак т.б.

Оқытудың мәні, мақсаты, міндеті. Әл-Фараби оқыту дегеніміз - үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру дейді. Оқыту - мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс-әрекеті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру. Оқыту процесі - мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті. Көбіне оқыту деп мұғалім мен оқушының бірлескен, мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекетін айтады. Оның барысында жеке тұлға дамып, білім алады, тәрбиеленеді. Оқыту процесінде оқушыларды ақыл-ойы дамиды, танымы практикалық іскерлігі және дағдысы қалыптасады. Оқыту үрдісі жүйе ретінде қарастырылады, ол оқыту құрылымы және бөліктермен сипатталады. Олар: 1. Ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі (білім беру мазмұны).

2. Мұғалім оның өмірге, ғылымға көзқарасы оқушылармен қарым-қатынасы (сабақ беру).

3. Оқушылар, сынып ұжымы (оқу іс-әрекеті).

4. Оқыту әдістері.

5. Оқытудың материалдық құралдары: дидактикалық және оқытудың техникалық құралдары.

6. Оқыту нәтижелері.

Сонымен бірге іскерлік – алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекеті іске асырылады.

Дағды-бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетке машықтандыру.

Оқыту процесінің өзіне тән қызметтерің бар. Олар оқытудың білім беру, тәрбиелік, дамыту деп аталады.

1.Оқытудың білім беру қызметі-бұл адам баласын білім байлығымен қаруландыру, оны өзө бетімен білім алуға іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау.

2.Оқытудың тәрбиелік қызметі. Ғылыми теориялармен ережелердің оқушылардың дүниетанымымен сеніміне айналуын сипаттайды, моралдық нормаларды игеруін қамтамасыз етуге әсер етеді.

3.Оқытудың дамыту функциясы.

Мұнда оқушылардың таным іс-әрекетін, ой-өрісін және өз бетімен жаңа білімд іздеп табуға және оны игеруге үйрету.

Оқыту барысында бірнеше психологиялық іс-әрекетер жүзеге асады. Оқыту құрылымына танымдық іс-әрекеттердің кезеңдері кіреді:

· Таным міндеттерін жете түсіну.

· Жаңа материалды қабылдау

· Ұғыну

· Білімді, іскерлікті, дағдыны жетілдіру

· Оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін және дағдысын тексеру, барлау

Жоғары да айтылған кезеңдерге түсінік берер болсақ:

Қабылдау-адамға тікелей әсер ететін заттардың немесе адам санасында белгілену процесі;

Ұғыну – саналы түрде ғылыми білімді, заңдылықтарды ұғу фактлерді жинақтау процесі, қорытынды шығару. Ұғыну процесінде оқылатын материал терең ойластырылады, дәлелденеді және бекітіледі.

Оқытудың әдіснамалық негіздері. Оқыту теориясының негізін қалаушылар:Я.А.Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Т.Песталоцци, К. Д.Ушинский, В.Сухомлинский, А.С.Макаренко, т.б. қосқан үлесі.

Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның 1632 жылы шыққан "Ұлы Дидактика" кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат - адамшылық, оған жету жолы - білім беру және оқыту деп санады. "Көп емес, өмірге керекті білімдерді" беруге шаңырып, оны түсіндіру үшін жаттығу, тәжірибелік әдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны жақсы сезімге бөлейтін әдістердің пайдалылығын дәлелдеді. Я.А.Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды. Коменский сынып-сабақ жүйесін терең зерттеді." Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары" деген еңбегінде сынып-сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар:

• оқушыларды мектепке белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай, ешкімді одан босатпау;

• оқушыларды сыныптарға бөлу;

• әр сыныпқа бір бөлме беру;

• күніне 4 сабақ өткізу;

• әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау;

• қоңыраудық соғылуы;

• тәртіп;

• бір сабақтың үзаңтығы бір сағаттан аспау керек;

• сабақты күзде бастау.

Мұғалім оқушыларға жаңа білімдерді түсіндіреді, жаттығулар орындатады. Бұл қазіргі аралас сабаққа ұқсайды. Коменский таңырыпты қайталауды апта, тоқсан соңына қойған. Сабақты 3 бөлікке бөлген: басы, жалғасы, соқы. Басында оқушылар ескі білімдерін еске түсіреді, мұғалім үй жұмысын тексереді, жаңа тақырыпты түсіндіреді. Я.А.Коменский "Мұғалім -сабақты жаратушы, оның жүрегі", - деп түсінген. Оқушының өз күшіне деген сенімін арттыру, еңбекті сүюге тәрбиелеу, үй жұмысы туралы да мәселелер ұлы педагогтың назарынан тыс қалған жоқ.

Коменский экскурсияны кең қолданып, оны білім берудің маңызды құралы деп санаған.

Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827жж.) "Гертруда өз балаларын қалай оқытады" (1801ж.) деген еңбегінде дамытып оқыту принциптерін ұсынып, бастауыш мектептегі оқыту әдістерінің негізін қалады. Қоршаған дүниені сезім арқылы қабылдау - білім негізі. Одан әрі нәтиже - дерексіздік. Білімді қажетсіну ынтаны туғызады. Сөз, сан, шама - ақыл жемісі, оның негізі, оқытудық қарапайым құралдары.

Жаратушы балаға күш береді. Ол баланы дамуға итермелейді. "Көз көргісі, құлақ естігісі, аяқ жүргісі, қол ұстағысы, жүрек сенгісі, жақсы көргісі, ми ойланғысы келеді" - деген. Осы тұжырымдарға сай И.Г.Песталоцци буынға бөліп оқыту, алдымен сурет салуға үйрету, содан кейін жазуға үйрету тәсілдерін қолданған. Бақылау әдісін, баланың бақылаудан алған әсерлерін талқылатуды қолданған. Оның пікірінше "заттар мен құбылыстарды бақылаған баланың ойы оянып, сөйлегісі келеді".

Адамның дүние туралы түсінігі алғашңыда анық емес, оны реттейтін оқыту арқылы жиналатын білім қоры, өйткені ол ақыл-ой жұмысын туғызады. Бірақ білімді бере беру жеткіліксіз, ақылдық қуатын арттыру керек. Ол үшін түрлі жаттығулар, балаға сөйлеу, ойлату, сұрақ-жауап тәсілдері қолданылған.

Пәндерді көрнекілік арқылы оқыту тиімді екендігін дәлелдеген. Ұлы педагог көрнекілік әдісін Я.А.Коменскийге қарағанда терең жазып, ақыл-ой жұмысына керектісі еңбек пен тәжірибе деген. Жан Жак Руссо (1712-1778жж.) "Эмиль немесе тәрбие туралы" (1762ж.) деген еңбегінде халыққа білім беруді, әр адамды дамытуды, баланың белсенділігін көтеруді ұсынды. Өз заманының мектебін өмірмен байланыспағаны, кітап тілімен көп сөйлегені үшін сынады, Руссо баланың қажеттілігін қанағаттаңдыратын оқыту теориясын ұсынды. Бұл тұжырымдамаға сейкес баланы өмірге бейімдеу керек деп, тәрбиешілерді оның қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескеруге шақырды.

Оның оқыту мен бала өмірінің байланысы, бала табиғатын зерттеу, шығармашылық күшін дамыту, еңбекке дайындау сияқты идеяларының педагогиканың дамуы үшін маңызы зор болды. Ұлы орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870 жж.) басқа тілде оқыту баланың табиғи куші мен қабілетін әлсіретеді, сондықтан оны ана тілінде оқыту керек деді. Ушинский бастауыш мектеп жұмысының негізгі бағыттарын, жеке пәндердің мазмұнын анықтауға көп үлес қосты.

Халық шығармашылығы - ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар білімділікке көмектеседі. Зейінді жаттыңтыру, есте сақтауды жақсарту, қайталау, жүйелілік, сабақтастық, беріктік принциптері, оқытудық түрлі әдістері баланың берік білім алуын қамтамасыз етеді2.

Надежда Константиновна Крупская (1869-1939жж.). Оқушылардың дүниетінымын қалыптастыру үшін оларға терең білім керектігін, әр пәнді басқа пәндермен және өмірмен байланыстыруды атап көрсетті. Мұғалім теория мен тәжірибенің бірлігі арқылы жекелеген пәндер арасында байланыс орнату керек деді.

Н.К.Крупская политехникалық оқуды қолдап, оқу жоспарына жалпы техникалық пәндерді енгізуді ұсынды. Ол оқуды өнімді еңбекпен байланыстыруға шақырды.

Антон Семенович Макаренко (1888-1939 жж.). А.С. Макаренко оку пәндерін жүйелі оқытуды қүптады. Ол сол кезде қолданылған дальтон-жоспары, жобалау әдісі сияқты оқыту әдістеріне қарсы шықты.

Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970 жж.) оқытуды ақыл-ой тәрбиесінің маңызды құралы деп қарады. Оқытудық табыстылығы мектептегі мұғалімдердің рухани өміріне, ой-өрістерінің кеңдігіне, мәдениеттілігіне байланысты деді. Сонымен қатар өнімді еңбек, зерттеу жұмыстары, эксперимент жүргізу, құбылыстарды, әдебиеттерді өз бетімен түсіну ой жұмысын шапшаңдатады.

Өткен ғасырдың 80-жылдарының аяқ кезінде ынтымақтастық педагогикасы одан әрі дамыды.

Оқытудың психологиялық негіздері.

Түрлі психологиялық – педагогикалық зерттеу деректеріне сүйенетін (А.К. Марков, Г.И. Щукина, В.И. Ильина т.б.) мативтерді екі топқа ажыратуға болады:

1.Танымдық мативтері:

а) Оқушыларды жаңа білімді игеруге және ұғу тәсілдеріне бағыттау мотивтері;

ә) Өз бетімен білім алу, іс-әрекетте қолдана білу мотивтері;

2. Әлеуметтік мотивтер:

а) Кең мағынадағы әлеуметік мотивтер (оқуда белсенділік, ынталылық, жауапкершілік және борышын сезіну)

ә) Тар мағынадағы әлеуметтік мотивтер (от басында, ұжым және жолдастарының, құрбы-құрдастарының алдындағы бедел т.б.)

Мотивтер жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы: кіші жастағы балалар үшін тікелей талаптандыру мотивтер, жоғары сыныпоқушылары үшін перспективті талаптандыру және әлеуметтік мотивтер үлкен роль атқарады.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 5392 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.014 с)...