Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау және жоспарлау



«Тұтас педагогикалық үдеріс диагностикасы», «педагогикалық диагностика» ұғымдарының мәні. Диагностиканың негізі – тұтас педагогикалық үдеріс, оның әр түрлі кезеңдердегі қолданылуы жайлы ақпараттар. Педагогикалық үдерістің жағдайы туралы ақпарат түрлері: бастапқы, тактикалық, оперативтік.

Педагогикалық үдерістің негізгі сипаттамасы: үлгерім сапасы, функционалды сауаттылық, интеллектуалдық даму деңгейі, оқушылардың тәрбиелік деңгейі, балалар ұжымының қалыптасу деңгейі, оқушылардың әлеуметтену белсенділігінің деңгейі. Педагогикалық үдеріс жайлы ақпаратты өңдеу әдістемесі және мектептің іс-әрекетін болжау үшін нәтижелерін көрсету.

Педагогикалық үдерісті басқару жайын зерттеу үшін ақпараттарды таңдау өлшемдері.

Мектепішілік бақылаудың формалары мен әдістері. Мектептегі педагогикалық ұжымының іс-әрекетін бағалау өлшемдері – педагогтарды аттестациялаудың негізі. Педагогикалық ұжымның іс-әрекетінің көрсеткіштері мен өлшемдері. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін басқару мониторингінің сапасы.

Мектеп жұмысының барлық түрін жоспарлау үшін педагогикалық үдеріс жайлы ақпаратты пайдалану. Болашақ және жылдық жоспар. Мектеп жұмысының барлық жоспар түрлерінің орындалуына бақылау жасау формаларының мазмұндық бірлігі.

Мектеп құжаттары. Мектепті басқарудағы мектеп құжаттарының рөлі. Негізгі құжаттардың тізімі және сипаттамасы. Бұйрық кітаптарына, сынып журналдарына және басқа да құжаттардың жүргізілуіне қойылатын талаптар. Мектептік құжаттарды жүргізудің электрондық формасы.

Негізгі ұғымдар: мектепішілік бақылау, диагностика, ақпарат, педагогикалық үдеріс сипаттамасы, диагностиканың әдістері, мектеп жұмысын жоспарлау, жоспардың түрлері, мектеп құжаттары.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 5493 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...