Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тәрбие әдістері және оларды топтастыру



Тәрбиелік ықпал жасау әдістері – бұл тәрбиеленушілердің педагог- тәрбиешімен бірлікті іс-әрекеті және қатынастарындағы педагогикалық міндеттерді шешу үшін тәрбиеленуші санасына, сезіміне, әрекет қылығына қандай да әсер етудің нақты жолдары. Әдістерді іріктеу және қолдану баланың қоғамдық тәрбие ортасының, жас деңгейінің, даралықты-типологиялық ерекшеліктерін, нақты ұжымның тәрбиелік деңгейін ескерумен белгіленген педагогикалық мақсаттарға (нақты қызметтік, жақын аралық, ұзақ мұратты) орай іске асып барады.

Тәрбие әдістерін олармен байланысты тәрбие құрал-жабдықтарынан ажырата білу қажет. Педагогикалық міндеттерді шешуге арналған тәрбие құралдары қатарына ең алдымен заттасқан және рухани мәдениет туындылары кіреді. Тәрбие әдісі тәрбиеші-педагог қызметімен іске асатын болса, ал құралдар (кітаптар, фильмдер және т.б.) педагог қызметінсіз-ақ, ол болмаса да, өздігінен ықпал жасауы мүмкін.

Педагогтың күнделікті жұмысында тәрбие әдістері келесідей топтастырылуы аса қолайлы келеді:

- иландыру әдістері - бұлар арқылы тәрбиеленушілердің көзқарастары, ұғымдары, түсініктері қалыптасады, нақты іскерлік ақпарат алмасуы (сендіру, хабарлау, пікір алысу, дерек-дәйек келтіру, ұрандау, көз жеткізу) жүріп жатады;

- жаттықтыру (үйрету) әдістері – бұлар жәрдемінен тәрбиеленушілердің іс-әрекеті ұйымдастырылып, соған деген ұнамды ынта-ықылас баулынады (тапсырма, талап, бәсеке, өнеге және үлгі көрсету, табысқа жеткізер жағдайлар жасау сиқты жеке және топтық істерге байланысты әрқилы жүктемелер);

- бағалау және өзіндік бағам әдістері, бұлардың көмегінің арқасында әртүрлі қылық-әрекет бағаланады, іс-әрекетке болған ынта қолдау табады, тәрбиеленушілер өз әрекет қылығын өзінше реттеп, түзетуге жәрдем алады (сын, мадақ, ескерту, жаза, сенім, қадағалау, өзіндік қадағалау, өзіндік сын жағдайлары).





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 2202 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...