Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырыбы: Мектептің тұтас педагогикалық үрдісін диагностикалау және жоспарлау



Жоспар:

1. Мектептегі — педагогикалық технологияны оқытудың жаңа жүйелері

2. Перспективалық жоспарлау жолдары

3. Балалар ұжымының жағдайын диагностикалау әдістемесі

4. Педагогикалық талаптар

Негізгі ұғымдар: мектепшілік бақылау, диагностика, ақпарат, педагогикалық үдеріс сипаттамасы, диагностиканың әдістемесі, мектеп жұмысын жоспарлау, жоспардың түрлері, мектеп құжаттары.

Бүгінгі таңдағы өркениетті елу елдің қатарына қосылуды мұрат тұтқан Тәуелсіз Қазақстанның қоғамы болашақ түлектерді, жедел өзгерісті дүниеде өмір сүруге дайындау қажеттігінен оқу-білімдену жүйесіне жаңа да күрделі талаптар қоюда.

Бастауыш мектеп педагогикасы — кіші оқу жасындағы балаларды тәрбелеу, білімдендіру, оқыту заңдылықтарын зерттеумен айналысып, сол зандылықтарға орай білімдерді тәжірибелік іс-қызметте тиімді пайдаланудың жолдары мен әдістемелерін нақтылап ұсынушы ғылым. Бастауыш мектептің алдындағы шешімін күтіп тұрған басты мәселелер, оқушыларды дамыта оқыту, яғни оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру болып отыр. Сонымен бірге жаңа педагогикалық технологияның қажеттігі артуда.

«Педагогикалық технология дегеніміз — В.П. Беспальконың анықтамасы бойынша, — тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер — оның құрамды бөлігі ғана». Педагогикалық жүйе ретінде ол оқушының жан-жақты қалыптасуына ықпал ететіндей оқытудың әдіс, құрал, үрдістерінің мақсатты жиынтығын қарастырады.

Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны форма, әдіс, амал, тәрбиелік құралдардың (схема, сызба, диаграмма, карта) бірлігі негізінде іріктеліп алынған психологиялық — педагогикалық қондырғының жиынтығы деп түсіндіреді. Ал, технологиялық процесті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді.

Ғалым — дидактик В.В.Давыдов, М.Н.Скаткиннің бастауыш сыныпта жаңа әдістердің енгізуін мақұлдап, оқушылардың теориялық түсініктерін қалыптастыру мүмкіндігін, бала психикасын дамыта оқытудың тиімді шешімін табуды алға қояды. Осы түжырымдарды мүғалімдердің озат тәжірибесімен ұштастыра отырып, қазіргі бастауыш сыныптардың білім мазмұны мен әдістерін жетілдіру мәселелері шешімін күтуде.

В.В.Давыдовтың пікірі бойынша, төменгі сынып оқушыларына танымдық міндеттерді шешудің жолын іздестіру арқылы шығармашылық тәжірибені меңгертуге болады. Соның нәтижесінде білім, білік және дүниеге көзқарас, қатынас қалыптасады. Осы жағдайда бастауыш сыныпта тәрбиелеу мен оқыту баланың жеке бас қасиеттерін дамытады.

В.В.Давыдов дамыта оқыту қағидасын бүтін жүйе ретінде қарастыруды ұсынады. Оның құрылымы мынадай: оқу қызметі, оқу мақсаты мен міндеттерінен, оқыту әдістерінен тұрады. Оқыту әрекетіне оқу операциялары (ұғымдарды түсіну), оқуды игеру, бақылау, оқылатын материалды меңгеру дәрежесі, ал қабылдау әрекетіне дағдылар мен біліктер жатады.

Мектептің оқу-тәрбие процесін одан әрі жақсарта түсу мақсатында бірнеше жылға арналған перспективалық жоспарлау, жасау үлгісі көптеген мектептердің іс-тәжірибесінде қолданылып келеді.

Бұл проблеманы ғылыми зерттеу нәтижесінде перспективалық жоспарлаудың қажеттілігін анықтап отыр. Негізінде бұл жоспарлау 3 не 5 жылға арналады.

Бұл жоспарлаудың басты ерекшеліктерінің бірі - ағымдағы жылдық жоспарлардың аясына сыймайтын, ұзақ мерзімді іс-шараларын жүзеге асыруға тура келетіндігі. Сондай-ақ, перспективалық жоспарлау ағымындағы жылдық жоспарлармен тығыз бірлікте, бірін-бірі толықтырып, басты мақсатқа жету жолындағы анық бағыттық мұндай жоспарлау аудандық, қалалық, обылыстық білім мекемелерінің практикасында кеңінен қолданып келеді. Әсірісе, олардың бастылары күрделі құрлыс, қосымша сынып бөлмелері мен кабинеттер, спорт залдары мен шеберханалар салу, күрделі жөндеулер, оқушылар контигентінің өсуіне байланысты жұмыстар, педагогикалық мамандар дайындау, олардың біліктілігін арттыру т.б. күрделі мәселелерді қамтиды.

Ғылыми әдебиеттерде мектеп жұмысын жоспарлау бағытында нақтылы классификациялаудың жоқ екендігін байқаймыз. Біздің тұжырымдауымызша жоспарлау түрлері төмендегідей болуын ұсынамыз. Олар: ұзақ мерзімге арналған перспективалық жоспарлау (3-5 жылға арналған). Жылдық жоспарлау және ағымдағы жоспарлау. Ағымдағы жоспарлауға: тоқсандық, айлық, апталық жоспарлар, күнделікті сабақ жоспарлары, сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарының кестелік, календарлық жоспарлары жатады.

Лекция





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 2664 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...