Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырыбы: Қазақстандағы ХІХ-ХХ ғасырлардағы білім беру мен педагогика ғылымы



Жоспары:

1.Қазақтың халықтық педагогмкасының даму кезеңдері. ХІХ-ХХ ғасырлардағы педагогиканың ғылым ретінде дамып қалыптасуы

2.Қазақстандағы ХІХ ғасырдағы білім беру бағыттары

3.Қазақстанның Егемендік алғаннан кейінгі білім беру жүйесі

Негізгі ұғымдар: ағартушылық, мұсылман мектептері, кадет корпусы, аралас мектептер, білім беру реформасы, қоғамдық-педагогикалық қозғалыс, педагогикалық көзқарастар, ағартушылық іс-әрекет, педагогикалық кадрлар.

Бірінші дәуір Б.з.д. Екінші дәуір Б.з.д. Үшінші дәуір Төртінші дәуір Бесінші дәуір Алтыншы дәуір Жетінші дәуір Сегізінші дәуір
Тас, қола заман-дары VII-III ғ.ғ.б.д. Vғ. дейін VI-IX ғ.ғ. аралы-ғы X-XV ғ.ғ. аралы-ғы XV-XVIII ғ.ғ. аралығы XVIII ғ.-дан XX ғ.ғ. 20-ж. дейін 1920-1990 ж.ж. аралығы 1991 ж. кейінгі егеменді ел
Алғаш-қы қауым-дық құры -лыс кезін-дегі тәрбие Сақтар мен ғұндар-дың жауын-герлік тәр-биесі Ұлы түрік қаға-наты кезін-дегі тәлім-тәрбие Араб Шығыс мәде-ниеті, орта ғасыр ойшыл-дары-ның тәлім-герлік ой-пікірле-рі Қазақ хандығы кезіндегі ұлттық тәлім-тәрбие көріністе-рі (жыраулар поэзиясындағы тәлімдік ойлар) Қазақстан Ресейге қосылу кезіндегі ұлт-азаттық қозғалысымен ағартушы-лық-демокра-тиялық бағытта-ғы тәлім-тәрбие Кеңесті дәуірдегі ғылыми педагогиканың қалыпта-суы Тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық тәлім-тәрбиенің өркен жаюы

Қазақтың халықтық педагогмкасының даму кезеңдері

1. ХХ ғасырдың барысында империалистік патшалы Ресейдегі саяси-әлеуметтік жағдайлар шиеленісе түсті. Халықты қанау басым сипат алды. Ел арасында толқулар басталды.

Ресей империясының құрамында болып келген Қазақстанның зиялы қауымы осы мәселелер төңірегінде саяси-демократиялық қозғалыстарға белсене араласты. Олар патшалы Ресейдің отаршылық және «орыстандыру» саясатын батыл айыптады, қазақтардың шұрайлы жерлерін қайтарып беру және жастардың білім алуларына жағдай туғызу, мектептер салу туралы талаптар қойды.

1937-1938 жылғы жүргізілген Сталиндік жаппай қудалаушылық пен 1941-1945 жылдардағы соғыста қазақ халқы өте үлкен қырғынға ұшырады. Ұлттық тәлім-тәрбиенің дамуы мен қалыптасуына үлкен үлес қосқан қазақтың көптеген зиялы азаматтары жеке басқа табынудың құрбаны болды. Мұның өзі ұлт мәдениетінің өсуін үлкен тежелуге әкеліп соқтырды.

Ұзақ ғасырлардан бері келе жатқан қазақ педагогикасының қоғамдық өмірдің қажеттілігіне айналуына бағыттылған туындылар: М.Жұмабаевтың «Педагогика», Ж.Аймауытовтың «Тәрбиеге жетекші», «Психология» атты еңбектері, С.Көбеевтің, М.Әуезовтің т.б. шығармалары жас ұрпақтың бойына ұлттық сана-сезім көзқарасын қалыптастырды.

Кеңестік дәуірде педагогика, психология ғылымдар саласында М.Жұмабаевтың, Т.Тәжібаевтың, Ә.Сембаевтың, Е.Суфиевтің, А.Темірбековтің, Қ.Б.Жарықбаевтың, С.Мусиннің т.б. әлденеше монографиялық еңбектері жарық көрді. Педагогикалық ғылыми-әдістемелік «Қазақстан мектебі» журналы (1925) шығарылып, онда мектеп мұғалімдері мен педагог-ғалымдардың еңбектері үнемі жарық көріп отырды. Педагогикалық, психологиялық оқулықтар ана тілінде де шығарылып, ғылыми терминдері қалыптасты.

Сөйтіп, педагогика және әдістеме ғылымдары жеке ғылым болып шықты. Ал 1930-1970 жж. арасында Қазақстанда педагогика ғылымы қалыптасып, дамуға толық мүмкіндік алды.

2. XIX ғасырдың басында Қазакстан жерінде халыкка білім беру екі бағытта: діни және жай азаматтық бағытта жүргізілді. Ел ішіндегі болыстар мен ауылдардағы қазақ балалары әдетте мұсылман мектептерінде оқыды. Оларға оқу араб алфавиті бойынша жүрді.

Қазақстанда тек Ресейге қосылғаннан кейін ғана ашыла бастады. Атап айтқанда, 1786 жылы Омбы қаласында Азиаттық мектеп, 1789 жылы Орынбор қаласының айырбас сарайы жанынан үкіметтік мектеп ашылды. Бұл оқу орындарында балалар, соның ішінде қазақ балалары тілмәштік, песірлік (кеңсе хатшысы) кызметтерге дайындалды. Әскери мамандары мен әкімшілік шенеуніктерін 1825 жылы Орынбор қаласында ашылған Неплюев кадет корпусы және 1846 жылы негізі қаланған Омск кадет корпусы даярлады. Азаматтық тұңғыш қазақ мектебі Бөкей Ордасында 1841 жылы ашылды. Қазақ балаларына арналған келесі оқу орны Орынбор қаласындағы Шекаралық комиссия жанынан ашылған жеті жылдық мектеп болды. 1857 жылы бұл мектепті Ыбырай Алтынсарин алтын медальмен бітіріп шыкты. 1865 жылы Омбыда қазақ балаларына арналган тағы бір мектеп ашылды, ал 1869 жылы Орынбор гимназиясы жанынан шығыс тілдерінің тілмәштарын және әскери округтердің хатшыларын даярлайтын бөлімше кұрылды.

XIX ғасырдың соңына қарай өлкеде қалалық училищелер, шіркеулік училищелер, кәсіптік гимназиялар, орыс-қазақ училищелері мен мектептері, ауыл және бастапқы сауат ашу мектептері ашылды. Олар мемлекет есебінен қаржыландырылды және бастауыш оқу орындарының рөлін аткарды. 1898 жылдан 1914 жылға дейін Қазақстандағы бастауыш мектептердің саны 730-дан 1988-ге дейін, ал олардағы оқушылардың саны 29 мыңнан 101 мың адамға дейін өсті. Өлкедегі патша әкімшілігі қазақ халқының сауатын ашуда бастауыш білім берумен, немесе орыс жазуын, әсіресе ауызша сөйлесе білуді және арифметиканың алғашкы төрт амалын үйретумен ғана шектелу жеткілікті деп санады. Ресей өкіметінің осындай кертартпа саясатының нәтижесінде Қазақстандағы орта білім беретін оку орындарының, соның ішінде реалдық училищелердің, ер- мен қыздар гимназияларының саны баяу артты. 1914 жылы олардың жалпы саны 12 ғана болды. Бұларда 4 мың окушы білім алды. 1917 жылға дейін өлкеде халык санының өсуімен және қазактардың білімге деген кұштарлығы арқасында орта білім беретін оқу орындарының қатары өсіп, 47 жоғары бастауыш училище, 17 орта мектеп, 4 реалдык училище, 4 ерлер және 9 қыздар гимназиясы, 13 ауыл шаруашылык төменгі мектебі мен қолөнер училищесі жұмыс істеді. Мектептік білім жүйесі деңгейінің өсуі және казақ қоғамының әлеуметтік-экономикалык дамуындағы өзгеріс мұғалім кадрлар даярлау мәселесін қай кездегіден болсын өткір қойды. Міне, осымен байланысты 1879 жылы Түркістан мұғалімдер семинариясы, 1833 жылы Орынбор қазак мұғалімдер мектебі кұрылды.

3. Қазақстан егемендік алуымен байланысты қазақ халкының рухани өмірінде мәдени жаңа процестер кеңінен өріс алды. Халыкққа білім беру, ғылым мен мәдениет өз дамуының кең жолына шыкты. Олар бұрынғы Кеңес Одағы кезеңіндегі партиялық идеология мен саяси кағидалардың қыспағынан кұтылды. Сондықтан өтпелі кезеңнің киыншылығына қарамастан, егемендік алған кезден бастап, Қазақстанда білім жүйесінде көптеген оң өзгерістер орын алды. Ең бастысы, оқу мазмұны өзгерді. Білім стандарттары жасалды, оқытудың жаңа әдістемесі енгізілді. Гимназиялар, лицейлер, жеке жене авторлық мектептер ашылды. Тарих, Ана тілі және 1-5 сыныптар үшін оқу пәндері бойынша оқулықтар шығарылды. Егер соңғы кезге дейін Қазақстан мектептерінде тек бүрынғы КСРО тарихы оқытылса, енді қазақ халқының өз тарихын терең талдап оқытуға көңіл бөлінді.

Лекция





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 3141 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...