Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ



Тақырып. Педагогика тарихы мен білім берудің теориялық – әдіснамалық негіздері

Педагогика тарихы ғылым ретінде.Оқу пәнінің мақсаты, пәні мен міндеттері, әдіснамасы, тарихи-педагогикалық зерттеу әдістері. Педагогика тарихы адамтану ғылымдарының контексінде, басқа ғылымдармен өзара байланысы мен өзара әрекеттестігінің заңдылықтары. Тәрбие мен мектептің ежелгі уақыттан бүгінгі күнге дейін дамуы. Алуан түрлі тарихи кезеңдердегі педагогикалық идеялар мен теорияның генезисі. Педагогика тарихының қазіргі заманғы тенденцияларв (бағыттары).

Тақырып. Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбие мен ұйымдастыру формаларының туындауы

Алғашқы қауымдағы тәрбиенің пайда болуы мен оның дамуы. Кайназой эрасында және Тас ғасырындағы тәрбиенің ерекшеліктері. Алғашқы қауымдағы адамдар – палеонтроптардың еңбек әрекеті.

Тақырып. Ежелгі әлем. Ежелгі Шығыс және Көшпенді өркениет мемлекеттеріндегі тәрбие мен оқыту. Антикалық дәуірдегі білім берудің ерекшеліктері

Таяу жіне Қиыр Шығыс (IV-III мың. б.э.д)ежелгі өркениет мемлекеттеріндегі мектеп. Месопотамия – адамзат мәдениетінің негізін салушы. Адамзат тарихындағы шумерлер.

Ежелгі Египеттегі мектеп пен тәрбие. Израил-Иудей патшалығындағы мектеп пен тәрбие. Ежелгі Иран, Сирия мен Палестинадағы тәрбие мен мектеп. Ежелгі Үндістандағы тәрбие мен мектеп. Ежелгі Қытайда педагогикалық ойлардың туындауы. Конфуцийдің педагогикалық ілімі.

Көшпенді өркениетінің ежелгі кезеңдегі тәрбие мен оқыту (ІІІ мың б.э.д. Көшпелі тайпаларды Қара теңізден Алтай тауларына дейінгі үлкен кеңістікке орналастыру есебінен этникалық атлас пен Евразияның мемлекеттік үлгісін өзгерту ерекшеліктері.

көзқарастары.

Антикалық әлемдегі білім беру мен педагогикалық ой-пікір (ІІІ-І ғ. б.э.д.). Ежелгі Грециядағы тәрбие мен педагогикалық ой-пікір. Спарта мен Афинадағы тәрбие. Эллинизм дәуіріндегі ағарту (ІІІ-І ғ. б.э.д). Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель ілімдеріндегі негізгі педагогикалық идеялар. Ежелгі Римдегі педагогикалық ойлардың көрнекті өкілдері Цицерон (109-43 жж. б.э.д), Сенека (ок.4ж.-65ж.б.э.д), Квинтиллиан және т.б.

Тақырып. Орта ғасыр дәуірі. Византиядағы педагогикалық ой-пікірдің дамуын оқыту. Орта ғасырда Индия мен Қытайдағы оқыту мен тәрбие

Византияда мәдениет пен ағарту дамуының негізгі кезеңдері. Византиядағы педагогикалық ойлар: В.Кесарийский, Иоанн Златоуст, Дамаскіден Мансур және т.б. Кавказ және славян халықтарының ағартуға Византиялық ықпал ету.

Орта ғасырда Индиядағы оқыту мен тәрбие. Білім берудің буддиялық жүйесі. Индиядағы мұсылман мектептері. Бабур (1483-1530) мен Акбардың (1542-1605) ағартушылық іс-әрекеті. Орта ғасырда Қытайдағы білім беру мен мектеп, мемлекеттік емтихандар жүйесі.

5-тақырып. Таяу Шығыста, Орталық Азиялық Ренессанс және Алтын Орда дәуірінде білім беру мен педагогикалық идеялардың дамуы (VI-XV ғ.ғ)

Мұсылман әлеміндегі мәдениеттің, білім берудің және педагогикалық ойдың дамуы. Ғалым-энциклопедистер еңбектеріндегі тұлғаны үйлесімді дамыту бағдарламасы: әл-Киндидің (801-873) жоғары интеллект тұжырымдамасы, гуманист ғалым Ибн-Синаның (980-1037) жалпыны оқыту идеясы, әл-Газали (1056-59) іліміндегі баланың өзін-өзі тәрбиелеуі. Әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950) педагогикалық тұжырымдамасы «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» трактатында қайырымды қоғамды тәрбиелеу мен бақытқа жетудің жолдары.

Орталық Азия мен Қазақстан территориясындағы Ренессанс

Сырдария жеріндегі прогрессивті тәрбиелік идеялардың пайда болуы. Қорқыт Атаның (ІХ ғ.) ізгілік сипаттағы көзқарастары. Жүсіп Баласағұнның (ХІ ғ.) педагогикалық көзқарастарының жүйесі. Махмуд Қашқаридің «Диуани лұғат-ат-түрік» алғашқы филологиялық еңбегіндегі «Жеті Ата» қағидасы. Қожа Ахмет Йасауи Хазрет Сұлтан (1105-1166) мұрасындағы әділдік пен адамгершілік-сопылық ілімінің негізі.

Омар Хайямның педагогикалық көзқарастары. Берунидің (973-1048) тәрбие туралы «Канон Масуда» монументалды еңбегі. Абулхасан Рудакидің (884-954) адамгершілікті жетілдіру бағдарламасы. Насыр Хосров, Саади, Кей-Каус және т.б. ойшылдар шығармашылығындағы тәрбиелік идеялар.

Ислам әлеміндегі білім беру жүйесі: китаб мектебі, мешіттердің рөлі, ағартушылық кружка-фикха және қалам, мектептер мен медреселердің дамушылық маңызы.

Алтын Ордадағы тәрбиелік дәстүрлер. Шыңғысханның ағартушылық іс-әрекеті. Ойшылдар Сайф Сарай мен Ахмед Иугнекидің педагогикалық идеялары.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 2871 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...