Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Түсінік хат



Курстың объектісі – 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт», 5В010900 5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу», 5В010600 «Музыкалық білім» мамандықтары бойынша ҚР мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес жоғары педагогикалық білім мазмұны.

Курстың пәні –5В010800 «Дене шынықтыру және спорт», 5В010900 5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу», 5В010600 «Музыкалық білім» мамандықтары бойынша ҚР мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес педагогикалық білімнің нақты міндеттері және мазмұны болып табылады.

Курсты оқытудың мақсаты: болашақ мұғалімдердің теориялық-әдіснамалық даярлығын, кәсіби –педагогикалық құзырлығын қалыптастыру.

Курстың міндеттері:

- болашақ мұғалімдерге қазіргі педагогика ғылымының теориялық негіздері мен білімді меңгіру мектепте педагогикалық процесті ұйымдастыру үшін қажетті біліктерді игеруге көмектесу;

- тәрбие мен оқытудың педагогикалық заңдылықтары мен принциптеріне сәйкес студенттің тиімді шешім қабылдау қабілетін дамыту;

- студенттерді жаңа педагогикалық технологиялармен таныстыру.

Курс соңында студент білуге тиіс:

-педагогиканың әдіснамалық негіздерін;

-оқыту мен тәрбие процесінің іргелі идеяларын, заңдарын және заңдылақтарын, тұжырымдамаларын және принциптерін;

-педагогиканың негізгі ұғымдарын және түсініктерін;

-тәрбие мен оқытудың мәнін, заңдылықтарын, принциптерінмазмұнын, формалары мен әдістерін;

-оқыту мен тәрбиелеудің жаңа педагогикалық технологияларының мәнін;

-курс бойынша алған білімдерін тәжірбиеде өз бетімен қолдануды;

-мектептегі педагогикалық процесті жобалау мен жүзеге асыруды;

- мектеп жасындағы оқушыларды тәрбмелеу мен оқыту мақсатын, міндеттерін анықтауды;

- мектеп жасындағы оқушылардың ойлау іс-әрекетін белсендіретін тәсілдерді;

-оқыту мен тәрбиелеудің жаңа педагогикалық технологияларын тәжірибеде пайдалануды.

Игеруге тиіс:

- ғылыми-зерттеу мәдениетін.

Іске асыра алатыны:

- ертедегі ғалымдардың педагогикалық пікірлерін қазіргі жағдайда пайдалану.

- өзін -өзі тәрбиелеумен, өз білімін жетілдірумен шұғылдану.

- оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалық технологияларды пайдалану.

-“адам-адам” жүйесінде қарым-қатынас орнату.

- педагогикада алған ілімдік білімді тәжірибеде қолдану.

Қалыптасатын құзіреттіліктер:

- коммуникативті: қазақ, орыс, шетел тілдері, қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық риторика және конфликтология, коммуникативті стратегия саласындағы білімдерді меңгеру, конструкциялық диалог ауқымындағы біліктері мен дағдыларының болуы, көпмәдениетті, көпэтикалы, көпконфессионалды қоғамдағы қарым-қатынас, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты болу;

- технологиялық: педагогикалық инноватика, педагогикалық технология саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық технологияларды пайдалану мен осы салада іздену, бағалау, саралау және қолдану біліктері мен дағдыларын меңгеру, жаңашылдыққа қабілетті болу, педагогикалық шеберлікті жетілдіруге ұмтылу, ынталылығы мен еңбекқорлығын көрсете білу;

- бақылаушы: педагогикалық менеджмент саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық мониторингті іске асыру, педагогикалық өлшемдер мен индикаторлар жүйесін жасау, бақылау-бағалау материалдарын әзірлеу, алынған нәтижелерді түсіндіріп беру біліктері мен дағдыларын меңгеру, өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылауға, әділдікке, ақиқатқа ұмтылу.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 1524 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...