Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Аталған студенттерге төмендегідей білімдерін қалыптастыруға ықпал етеді



- арнайы педагогиканың даму тарихын;

- арнайы педагогиканың қазіргі сыныптамаларын;

- арнайы білім берудің қалыптасу тарихын;

- мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды әлеуметтік, медициналық педагогикалық түзету арқылы қолдау жүйесін;

- арнайы педагогика тарихының кезеңдерін қазіргі кезеңмен салыстыру.

«Арнайы педагогика тарихы» пәні курс студенттерінің төмендегідей іскерліктерін қалыптастыруды көздейді:

- практикада теорияылық білімді қолдану;

- дамуында ауытқуы бар балаларды психолого-педагогикалық танып зерттеудің маңызын көрсету;

Курсты меңгеру барысында студент төмендегідей дағдыларды игеру қажет:

- арнайы педагогика тарихы туралы білімді игеріп, тәжірибеде алған білімін жүзеге асыру;

Пәнді оқыту үрдісінде келесі құзіреттіліктерін қалыптастыруға бағытталады:

а) түйінді құзіреттілік

· арнайы педагогика тарихы пәнін кәсіби деңгейде меңгеруі;

· педагогикалық мақсат қою саласындағы білімдерді біртұтас педагогикалық үрдісті жобалау және жүзеге асыру біліктері мен дағдыларын меңгеруі;

· арнайы педагогика тарихына шолу жасау, талдау және жинақтау негізінде кешенді мониторингті жүзеге асыру, педагогикалық рефлекцияға қабілетті болу.

б) пәндік құзіреттілік

· қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық риторика және конфликтология коммуникативті стратегия саласындағы білімдерді меңгеруі;

· арнайы педагогика тарихы пәні бойынша педагогикалық технологияларды пайдалану мен осы салада іздену, бағалау, саралау және қолдану біліктері мен дағдыларын меңгеруі;

· бақылау-бағалау материалдарын әзірлеу, алынған нәтижелерді түсіндіріп беру біліктері мен дағдыларын меңгеруі.

в) арнайы құзіреттілік

· арнайы білім беру мекемелерінде нақты әлеуметтік-педагогикалық жағдайды ескере отырып, кәсіби қызметте теориялық білімдерді қолдана алу дағдылары мен біліктерін меңгеруі;

· педагогикалық міндеттерді шешуде түрлі пәндер салаларындағы білімдерді біріктіру біліктері мен дағдыларын меңгеруі;

· бала құқығы менмүддесін қорғау біліктері мен дағдыларын меңгеру, педагогикалық этика нормаларын сақтау, педагог мамандығының әлеуметтік маңыздылығын ұғыну;

· жоғары кәсіби педагогтардың іс-тәжірибелерін оқып білу, жинақтау, тарату және қолдана білуі мен дағдыларын меңгеруі;

· стандартты емес және альтернативті шешім таба білу біліктері мен дағдыларын меңгеру, сыни тұрғысынан ойлауға, жаңа педагогикалық идеяларды қолдана білуге қабілетті болу;

· оқу-инструктивті құжаттамалар, білім беру саласындағы нормативті-құқықтық құжаттар туралы білімдерін меңгеруі.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 912 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...