Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Пәнге қысқаша сипаттама



«Арнайы педагогика тарихы» курсы «Дефектология» мамандығында оқитын 2 курс студенттерінің оқу жоспарына сәйкес жасалған және бұл курста арнаулы (коррекциялық) педагогика және арнаулы психология пәндерінен алған білімге негізделеді. Курс 30 сағат лекция, 15 сағат практикалық сабақ, 45 сағат студенттердің өзіндік жұмысына (СӨЖ), 45 сағат студенттердің оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмысына (СОӨЖ) есептелген.

Пәннің мақсаты – студенттердің арнайы педагогика тарихы пәнін оқу барысында теориялық, практикалық білімдерін, іскерліктерімен дағдыларын қалыптастыру.Арнайы педагогиканың ғылым ретінде даму тарихын білу.

Курстың міндеті:

· арнайы білім берудің әлеуметтік мәдени мәнін ашу;

· арнайы білім берудің қалыптасу даму тарихымен танысу;

· ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды оқытумен тәрбиелеуде жалпы теоретикалық негіздермен таныстыру;

· болашақ арнайы педагог, психолог мамандарға мүмкіндігі шектеулі
тұлғаларды оқытумен тәрбиелеу туралы оптимистік кәсіби көзқарастардың алғы шарттарын қалыптастыру;

· арнайы педагогика тарихының дамуы заңдылықтарын педагогикалық ғылым тұрғысынан қарастыру.

Курс дефектология мамандығы бойынша факультетті бітіруші мамандарына кәсіби талаптың қажеттілігін түсіндіреді. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың алдында кемістігін түзету және сөйлеу тілін дамыту жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибесіне, проблемаларға аналитикалық тұрғыдан болжам жасай алуды үйретеді.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 842 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...