Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Оқушылардың танымдық белсенділігін компьютерлік технологияның көмегімен арттырудың теориялық негіздері



Компьютерлік технология көмегімен оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру дегеніміз оқушылардың компьютерді пайдалану арқылы танымдық қызмет істеу барысында өздігінен жоспарлау, бағдарлау, өздігінен атқару, тексеру, қорытынды жасау сияқты дағдыларын қалыптастыру арқылы танымдық белсенділіктің мотивациялық-тұлғалық, мазмұндық-амалдық және процедуалдық-еріктік компоненттерін дамытуды айтады.

Танымдық белсенділіктің үш компоненті оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде қамтылып, диалектикалық тұрғыда, бір-бірімен өте тығыз байланыста болатындығын көрсетеді.

Мұны Е.Б. Ястребованың «танымдық белсенділік пен ізденімпаздық мотивтік, мазмұндық-амалдық, еріктік компоненттерінің бірлігі нәтижесінде дамиды»,- деген пайымдауы да дәлелдейді. Т.И. Шамованың пікірінше танымдық белсенділіктің компоненттерін практикалық талдау мақсатында ғана жіктеуге болады.

Компьютерлік технологияның аталған мүмкіндіктері оны пайдаланудың педагогикалық мақсаттарын анықтайды.

1) «Ақпараттық қоғамның» жеке тұлғасын дайындау;

2) Әр түрлі ақпараттық орталармен бір мезгілде әр түрлі ақпаратты қабылдау кездерінде оңтайлы шешім қабылдай алу қабілетін дамыту;

3) Модельдеу, имитация жасау үрдістерін ұйымдастыру негіздерінде ақпараттық-ізденістік, тәжірибелік-зерттеу іс-әрекетін жүзеге асыра білуді дамыту;

4) Ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру, коммуникативтік қабілетін дамыту, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру;

5) Қолданушы әр деңгейдегі компьютерлік-коммуникациялық технологияны пайдалануға үйрету;

6) Педагогикалық мақсатқа сай компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін жүзеге асыру арқылы, білім беру арқылы білім беру үрдісінің тиімділігі мен сапасын арттыру;

7) Компьютерлік технологияны қолдану арқылы танымдық іс-әрекеттің белсенді болуына жағдай жасайтын білім алуға жетелейтін стимулдарды қамтамасыз ету;

8) Компьютерлік технологияны пайдалану негізінде ашық білім беру идеясын жүзеге асыру;

9) Ақпаратты жинау, өңдеу, беру, мұрағатқа өткізу жөніндегі ақпараттық іс-әрекетті жүзеге асыра алуды қалыптастыру және дамыту, тиімді білім беру және білім алу іс-әрекетін қалыптастыру;

10) Әр түрлі пәндер бойынша проблемаларды шешу кезінде ақпаратты өңдеудің қазіргі заманғы құралдарын қолдану арқылы пәнаралық байланысты тереңдету.

Компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктеріне және оны пайдаланудың педагогикалық мақсатына жасалған талдау оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыратын, танымдық белсенділігін қалыптастыратын бірден-бір тиімді құрал екенін дәлелдеді. Компьютерлік технологиямен оқыту – оқушының шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік бере отырып, пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Сонымен, мәселенің теориялық тұрғысы бізге мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді:

1) Танымдық белсенділікті арттыру – жеке тұлға болып қалыптастыруын жүзеге асырудың басты шарты болып табылады;

2) Компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктерін және оны пайдаланудың педагогикалық мақсаттарын дәл айқындау негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру – танымдық белсенділіктің барлық компоненттерін қамтитын, бүтіндей жүйе құрайтын тиімді оқу үрдісін ұйымдастырудың қажетті шарты болып табылады;

3) Ақпараттық технологияны зерттеуші ғалымдар компьютерлік технологияны пайдаланудың педагогикалық мақсатын айқындау - білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізі және оқу үрдісіне компьютерлік технологияны тиімді пайдаланудың басты шарты екенін көрсетеді;

4) Компьютерлік технологияның көпфункционалды бағдарламалық-ақпараттық мүмкіндіктері: виртуальды зертханалар, компьютерлік бағдарламалық пакеттер, интернет жүйесі, мультимедиа және т.б. оқушының танымдық белсенділігін арттырады, шығармашылық ізденіске баулиды;

5) Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың әдістері мен тәсілдерін анықтау үшін оның компоненттерінің қалыптасу деңгейлерінің көрсеткіштерін және сипаттамасын анықтау қажет;

6) Компьютерлік технологияны пайдаланып оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мәселесінің теориялық және практикалық негіздемесін жасаудың негізі – дидактикалық шарттарды анықтау болып табылады;

7) Оқыту үрдісінде компьютерлік бағдарламалық құралдарды, проблемалық сұрақтар жүйесін, компьютерді пайдаланып атқарылатын өзіндік жұмыстарды пайдалану оқушыларда танымдық белсенділігінің жоғары деңгейі және білім сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

Қорғауға берілген реферат тақырыптары:

1. Компьютерлік технологияны педагогикалық технология ретінде қарастыру.

2. Компьютерлік технологияны жаңа ақпараттық технология ретінде қарастыру.

3. Компьютерлік технологияны оқу үрдісінде қолдану тиімділігі.

Негізгі әдебиеттер /4-6/,

Қосымша әдебиеттер/7-9,20-21/.





Дата публикования: 2015-02-28; Прочитано: 1180 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...