Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Компьютерлік технологияны пайдаланып оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық шарттарын анықтау



Қазіргі таңда компьютерлік технологияны пайдаланып оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық талаптарын анықтау орта мектептегі информатика пәнін оқыту мысалында қарастырылған. Алайда, информатика сабағында компьютерді пайдалану көкейтесті мәселе болса да қазіргі педагогикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының нысаны ретінде аз қамтылған. Компьютерлік технологияны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану барысында оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың ғылыми теориялық негіздемесін Ж.А. Қараев ұсынған. Алайда, біріншіден, он жылдан астам уақыт бұрынғы компьютерлік технологияны педагогикалық бағдарламалық-ақпараттық мүмкіндіктері мүлдем өзгеше (төмен) болғандықтан; екіншіден, бұл жұмыста интернет желісі, электрондық оқулықтар мен виртуалды лабораториялар мүмкіндіктері қарастырылмағандықтан; үшіншіден, танымдық белсенділікті компьютерлік технологияны пайдалану арқылы арттырудың тұтастай дидактикалық шарттарының жиыны анықталмады. Егер оқушылардың танымдық іс-әрекетіне компьютерлік технология пайдаланылса, онда оқушылардың оқу мотивациясы мен белсенділігі артып, шығармашылық пен әрекет жасау дағдылары дамиды, сөйтіп білім сапасы артар еді, сонымен бірге оқу үрдісінде компьютерлік технологияны пайдалану – олардың қазіргі заман талабына сай жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасайды.

Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен, білімнің ғылыми интеграцияға ұмтылуымен, қоғамға жинақталып және үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлігімен анықталады.

Білім беру үрдісі – ақпараттық қоғам жайындағы жас өспірімдерді жан-жақты даярлайтын үрдіс болуы қажет. Сондықтан білім беру жүйесінде компьютерді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналады. Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру оқушылардың компьютерде жұмыс жасауды игеруімен тығыз байланысты.

Компьютерді мектепте оқытуды практикаға енгізу әлеуметтік, экономикалық, теориялық және практикалық сипаттағы түйінді мәселелерге жол ашып отыр. Атап айтқанда, ғылыми-техникалық прогрестің тез өсу қарқыны жоғары деңгейлі мамандар даярлауда жаңаша оқыту әдістерінің қажеттігін алға қоюда. Бұл мәселелерді шешудің бірден-бір жолы – оқу үрдісін компьютерлендіру. Компьютерді оқу үрдісінде тиімді пайдалану үшін оны қолданудың әдістемелік жүйесін жасау керек.

Білім беруді ақпараттандыру мәселесінің ауқымы өте кең және көп салалы. Бұл мәселе төңірегінде кейінгі жылдары көптеген ғалымдар мен әдіскерлер зерттеу жұмыстарын жүргізіп, құнды-құнды еңбектер шығарды.

Компьютерлік оқытудың бір тұтас әдістемелік жүйесін жасау – оқу-тәрбие үрдісін жетілдірудің көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады.





Дата публикования: 2015-02-28; Прочитано: 1099 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...