Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



Оқушылар:

- программалау жүйелерінің ерекшеліктерін;

- құрылымдық, модульдық, объектілі-бағдарлы программалау ұғымдарын;

- анимацияны және мультипликацияны ұйымдастыру негіздерін;

- оқытушы, бақылаушы, ойын программаларын жасау принциптерін;

- компьютерді программамен қамтамасыз ету реті мен ережелерін;

- растрлық және векторлық графиканы өндеу құралдарын;

- компьютерлік презентация ұғымын;

- презентации жасау ережелерін;

- үлкен көлемді ақпараттарды өңдеуді ұйымдастыруды;

- ақпараттық – логикалық моделдерді жасау технологиясын;

- реляциялық модельдердің қолданылуын;

- ақпараттық жүйелер ұғымын;

- Internet-тегі іздестіру жүйесі ұғымын;

- Web-парақтарын ашу ретін білуі тиіс.

Оқушылар:

- машиналық графиктер мен дыбыстық файлдар объектілерін құра алуы;

- графикалық объектілер мен олардың қозғалысын программалай алуы;

- үйретуші, бақылаушы, ойын программаларын құра алуы;

- операциялық жүйені құра және үйлестіре алуы;

- қолданбалы программаларды компьютерге енгізе алуы;

- арнайы программалық құралдар көмегімен презентация жасай алуы;

- берілген пәндік облыста ақпараттық – логикалық моделдер құра алуы;

- ақпараттарға түзету енгізе алуы, шаблон бойынша ақпараттарды іздестіре алуы, мәліметтер базасындағы ақпараттарды іріктей алуы;

- берілген пәндік облыста мәліметтер базасын құра алуы;

- ақпараттық жүйелермен жұмыс істей алуы;

- Internet-тен ақпараттар қарай алуы және оны іздестіре алуы;

- Internet пен электрондық пошта (e-mail) желісімен жұмыс істей алуы;

- Web-парақтарын аша алуы, Web парақтары дизайнын рәсімдей алуы тиіс.





Дата публикования: 2015-02-28; Прочитано: 956 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...