Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ақпарат және ақпараттық үрдістер мазмұндық желісін оқыту әдістемесі



Ақпарат түсінігі курстың орталығы болып табылатындықтан ақпараттар бағыты негізгі (базалық) курстың толық мазмұнын қамтиды. Курстың кез келген тақырыбында ақпараттар мен ақпараттық үрдістерді ұсынудың әртүрлі нұсқаулары туралы айтылады. Бұл жүйедегі әрбір түсінік базалық курста екі аспект бойынша қарастырады: «компьютерлік» және «компьютерлік емес». Компьютерлік емес аспект адамға, қоғамға, табиғатқа қатысты жалпы позициялы компьютерленген байланысты емес ақпараттарды қарастырады. Бұл аспекте ақпараттарды анықтау және өлшеу, ақпараттық модельдер, ақпараттық үрдістер және табиғат пен қоғамда басқару үрдістері сияқты сұрақтар оқып – меңгеріледі. Компьютерлік аспект ЭЕМ архитектурасыда компьютердің функциялануының ақпараттық жақтары, сонымен қатар ақпараттары мен бағдарламалаумен жұмыс істейтін компьютерлік технологияларды оқып – меңгеріледі.

Ақпараттар және ақпараттық үрдістер бағыты бойынша оқушылардың білімдері мен қабілеттеріне қойылатын талаптар. Оқушылар келесілерді білуге тиісті:

- мазмұндық тұрғымен және кибернетикалық (алфавиттік) тұрғымен сәйкес ақпаратты анықтау;

- ақпараттық үрдістер деген не;

- ақпаратты тасымалдаушылардың қандай түрлері бар;

- байт, килобайт, мегабайт, гигабайт деген не;

- ақпаратты беру жылдамдығы қандай бірліктерде өлшенеді;

- хабарламадағы кейбір оқиғалар мен осы оқиғаның ықтималдығы туралы ақпараттар саны арасындағы байланыс;

- байланыстың техникалық арналар бойынша ақпараттарды беру үрдісінің К.Шеннон сызбасы, оның жекелеген элементтерінің мағынасы мен белгіленуі.

Оқушылар:

- адам қызметтері, тірі табиғат және техника аймақтарынан ақпараттар мен ақпараттық үрдістерге мысалдар келтіруге;

- ақпаратты берудің нақты үрдісінде дерек көз, қабылдаушы, арнаны анықтауға;

- информативті және информативті емес хабарламаларға мысалдар келтіруге;

- 1 бит ақпаратқа тепе-тең хабарламаға мысал келтіре білуге;

- Мәтіннің ақпараттық көлемін байт өлшемімен (компьютерлік алфавитті қолдана отырып) өлшей білуге;

- әртүрлі бірліктерде (бит, байт, килобайт, мегабайт, гигабайт) санын есептей білуге;

- көлемі және беру уақыт бойынша ақпаратты беру жылдамдығын есептеуге және керісінше есептерді шешуге;

- белгілі ықтималды оқиғалар туралы хабарламадағы ақпараттар санын есептей білуге тиісті.





Дата публикования: 2015-02-28; Прочитано: 1530 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...