Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс -3



Дәріс тақырыбы: Информатика бойынша оқу-әдістемелік құралдар.

Дәрістің мақсаты: Информатика бойынша оқу-әдістемелік құралдарды қарастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1. Информатика бойынша оқу-әдістемелік құралдардың ерекшелігі.

2. Информатика бойынша оқу-әдістемелік құралдарға қойылатын талаптар.

3. Электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар.

Дәрістің тезисі: Қазіргі мектептегі информатика курсының оқытылуы - әлемдік педагогикалық практикада бұрын соңды болмаған құбылыс.

Информатика пәнінің ғылыми әдістемелік жағынан қамтамасыз ету бағытына сәйкес информатика пәнінің оқу-әдістемелік құралдарына қойылатын талаптарды анықтауды жалпы оқулықтарға қойылатын дидактикалық талаптар басшылыққа алынады.

Информатиканы оқыту әдістемесі әрбір сынып бойынша информатиканы оқып үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешеннің құрамдас бөлігі болып табылады.

Информатика оқу-әдістемелік құралдың құрамы мен құрылымына, мазмұнына қойылатын жалпы талаптарды пәнінің өзіне тән ерекшелігін ескере отырып анықтау - осы пәнді оқытуды жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі деуге болады.

Информатика пәні оқулығының маңызды ерекшелігі бұл өскелең өмір талабына сәйкестігі болып табылады. Оқулықтың мазмұны мен құрылымын А.Құсайынов, Ұ.Асылов, Қ.Молдабек т.б отандас ғалымдар аша білді. Ал білім мазмұнының мәні, зерттеу нысаны, оған қойылған дидактикалық талаптар мен ұстанымдар, әдіснамалық мәселелер М.Скатин, И.Лернер, В.Краевский, Ю.Бабанский, Б.Лихачев, В.Леднев, А.Хуторский ғалымдардың зерттеулерінде орын алды. Мектеп оқулықтарының пәндік мазмұнын жетілдіруге Қ.Аймағамбетова, Г.Уәйісова, Т.Оспанов, Ш.Құрманәлина, С.Рахметова, Т.Әбдікәрімова, Ж.Қайыңбаев, К.Ерешов т.б ғалымдарымыз өз үлестерін қосып келеді.

Оқулыққа қойылатын талаптар:

- Ұлттық ғылым саясатына сәйкестігі;

- Бағдарламаға сәйкестігі;

- Мазмұнының ғылыми мәнділігі және нақтылығы;

- Әлеуметтік-мәдени құндылығы;

- Ұсынылған материалдың тарихилығы;

- Оқушылардың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерінің ескерілуі;

- Мазмұнының жүйелігі, бірізділігі;

- Сабақтастық принципінің сақталуы;

- Еліміздің экономикалық даму ерекшеліктерінің сәйкестігі;

- Мектептердің компьютермен жабдықталуының ескерілуі;

- Компьютерлік оқытушы бағдарламалар пайдалануының ескерілуі;

- Практикалық тапсырмалардың тақырыпқа сәйкестігі;

- Тапсырмалардың жүйелі түрде таңдап алынуы;

- Оқытудың әр түрлі жаңа технологияларын пайдалануға ыңғайлылығы.

Осы талаптарды ескере отырып дайындалған оқулықтың сапасы жоғары болып, оқушылардың білімін арттыруға көмектеседі.

Оқулық пен оқу құралдарын сабақ барысында тиімді қолдану, экономикалық білімді игеруді білім, білік, дағдыны қалыптастыру, өзіндік жұмыстарды қалыптастыру, теориялық материалдарды қайталауға берілген сұрақтарға тиімді жауап беру тәсілдерін көрсету жайында әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар беріледі.

Әрбір сыныпқа арналған әдістемелікте сол сыныптағы информатикадан берілетін білім мазмұны және оны оқып үйретудің өзіндік ерекшеліктері, сондай-ақ сабақ барысында сол ерекшеліктерді жүзеге асыру жолдары қарастырылады.

Дидактикалық материалдар информатика оқулығының негізінде алынған өзіндік, бақылау және тестік тапсырмалардың, пысықтау сұрақтарының, қызықты есептердің жиынтығы болып табылады.

Өзіндік бақылау және тестік жұмыстардың мазмұны оқулықтағы теориялық материалдар мен жаттығулардың мазмұны мен тығыз байланысты болуы шарт. Оқу құралдарының мазмұнына енген материалдар оқушылардың дайындық деңгейін ескере отырып түрлендіріп беруге ыңғайланып жасалынады. Дидактикалық материалға енетін өзіндік жұмыс тек оқыту сипатында, жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және бекітуга арналып беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруға көмектесу және олардың білімдерін тексеруге бағытталады.

Дидактикалық материалда ұсынылатын тест тапсырмаларының сұрақтары өте анық, түсінікті, ой тұжырымын жасауға өте ыңғайлы болуы тиіс.

Информатика хрестоматиясында информатикадан стандарт материалдарынан тыс оқушылардың білімін тереңдетуге, жан-жақты дамытуға негізделеді, әрбір материалдың тарихи аспектілеріне, информатика саласын дамытуға мол еңбек сіңірген ғалымдар туралы, оқу бағдарламаларының жаңа түрлерінен, ақпаратты қорғау жөнінде мәлімет береді.

Құрамы мен құрылымына қойылатын талаптар дидактикалық негізделген жаңа буын оқулықтарының әдістемелік кешендерін дайындаудың қажетті алғы шарты болып табылады.

Информатикадан дайындалған жаңа буын оқулықтары стандартқа және информатикадан ОӘК- қойылатын талаптарға сәйкес өңделіп, жаңа оқу жылында мектептерге пайдалануға ұсынылды.

Информатика пәнінің ОӘК-не қойылатын дидактикалық талаптардың анықталуы бұл пән бойынша дайындалатын оқу-әдістемелік құралдардың сапасын арттыруға үлкен көмегін тигізетіні байқалады.

Информатиканы оқыту үрдісінде пайдаланатын мультимедиалық үйрету бағдарламаларының, электрондық оқулықтарының өскелең оқу талабына сай дайындалып, компьютерді оқыту құралы арқылы пайдалана алатындай деңгейде болуы керек.

Электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар. Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi – оқыту процесiн ақпараттандыру. Аталған бағытты жүзеге асыру үшiн жаңа буын оқулықтарын электрондық нұсқаға аудару қажет.

Электрондық оқулықтың мазмұны оқушының интеллектiлiк ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық көркемдiлiгi, жылдамдылығы және т.б.

Электрондық оқулықтар ара қашықтықтан оқыту формасына негiзделiп жасақталады және оны жүзеге асыру үшiн қолданылады.

Осы уақытқа дейiн бақылаушы, жаттықтырушы, модельдеушi, дидактикалық ойындар сияқты қолданбалы бағдарламалар қолданылып келдi. Бұл бағдарламалар оқушының өздiгiнен оқып-үйренуiне және өзiндiк жұмыс жасау қабiлетiн дамытуға мүмкiндiк бередi.

Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтiндiк ақпараттан гөрi графиктiк ақпарат көбiрек қамтылуы керек, себебi ол оқушының ақпаратты тез, әрi көрнекi түрде қабылдауына жағдай жасайды.

SIN kaz «Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бағдарламасы»-на талдау. «Sin kaz» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы «04» тамыздағы № 427 және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2006 жылғы «03» тамызда №317-ө және Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2006 жылғы «09» тамыздағы № 02-01-02/112 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бағдарламасы» болып саналады. Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша электронды оқулықта кездесетін жаңа термин сөздердің қазақша-орысша сөздігі (оқу-әдістемелік құралдың терминологиялық негізі ретінде Microsoft корпорациясы ұсынуымен Windows амалдық жүйесінің және Microsoft Office бағдарламалар дестесінің қазақ тіліндегі тілдесуінде қолданылған және Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссия бекіткен терминологиялық сөздік алынды)

Бұл курстың өзінің мақсаты, сипаттамасы, мазмұны болады.

Курстың мақсаты - Курс қажетті «Компьютерлік сауаттылықтан» басқа, пайдаланушыны компьютерді пайдалы және тиімді пайдалану мүмкіндігіне тартады. Тыңдаушыны Интернеттің әлемдік желісіндегі тиімді және қауіпсіздік жұмысын үйретеді. Алынған білімдер ғылымдық жұмыстарды (баяндамалар, рефераттар...) құруға, сондай-ақ басқа қалалар мен елдердегі әріптестермен қарым-қатынас жасауға көмектеседі. Курс қызметкерлерге түгелдей пайдалы ақпарат береді.

Бұл курс 12 модульден тұрады. Барлық модульдерге бөлінген сағат саны -40.

Кесте 1. Курста қарастырылған мәселелер

1-модуль Кіріспе және дербес компьютермен алғашқы танысу
1. Компьютер деген не? 2. Компьютер қалай жұмыс істейді және қайда пайдаланылады? 3. Күтім ережесі және техникалық қауіпсіздік 4. Ақпараттың өлшем бірлігі 5. Компьютер құрамындағының негізгі құрылымдары 6. Клавиатура мен тышқанмен танысу 7. Қандай компьютер сатып алу керек? 8. Компьютерді өзің құрастыру үшін нені үйрену керек? 9. Компьютерді қалай дұрыс қосу және сөндіру керек?
2-модуль Windows-ты меңгеру
1. Операциондық жүйе деген не және ол ДК қалай басқарады? 2. Операциондық жүйелерге қысқаша шолу 3. Жұмыс столы және оның құрылымы 4. Windows терезесінің құрылымы 5. Терезелерді қалай басқару керек 6. Стандарттық бағдарламаларды іске қосу 7. Windows жүйесінің анықтамалығы
3-модуль. Папкалармен және файлдармен тиімді жұмыстар. Объектілерді орналастыру және көшіру
1. Файлдар мен папкалар деген не? 2. Файлдардың атауы 3. Каталогтардың бұтағы 4. "Жетектегіш" бағдарламасы 5. Папкалар мен файлдарды құру 6. Папкалар мен файлдардың атын өзгерту 7. Папкалар мен файлдарды жою 8. Қалтадағы жойылған папкалар мен файлдарды орнына келтіру 9. Алмастыру буфері мен тышқанның көмегімен папкалар мен файлдарды көшіру және орналастыру 10. Дискетаға тез көшіру 11. Өз компьютеріңдегі немесе жергілікті желідегі папкалар мен файлдарды іздеу
4-модуль. Деректерді мұрағаттау
1. Мұрағаттау деген не және олар не үшін керек? 2. WinZIP, WinRAR мұрағаттарымен практикалық жұмыс 3. Мұрағатты құру 4. Мұрағаттан шығару
5-модуль. Жергілікті желі. Жергілікті желідегі электрондық поштамен тиімді жұмыс
1. Негізгі ұғымдар 2. Жергілікті желінің ресурстарын қарау 3. Жергілікті желідегі өз компьютеріңнің ресурстарға қол жеткізуді қалай ұйымдастыру керек? 4. Жергілікті желідегі электрондық пошта
6-модуль. Word-тағы жұмыс. Құжаттарды жасау және әдемілеп рәсімдеу
1. Word терезесін шолу 2. Құжаттарды құру тәсілдері 3. Мәтіндік фрагменттерді бөлу ережесі 4. Жазу ережесін тексеру 5. Құжаттарды форматтау (шрифт, колонтитулы, бөлімдер, стилдер, абзац, тізбелер, колонкалар) 6. Шетін және құюды рәсімдеу
7-модуль. Суреттерді қою. Мәтіндік кестелерді тез құру және рәсімдеу Құжаттарды қағазға басып шығару
1. Суреттерді қою 2. «Суреттемені реттеу» құралдарының панелі 3. Автобейнелерді және WordArt объектілерін қою 4. «Суреттерді салу» құралдарының панелі 5. Кестелерді жасау және рәсімдеу 6. «Кестелер және оның шегі» құралдарының панелі 7. Құжаттарды қағазға шығаруға дайындау
8-модуль. Excel-дегі жұмыс. Электрондық кестелерді жасау
1. Excel терезесін шолу 2. Кестелердің құрылымы (бағандары, жолдары, ұяшықтар) 3. Деректерді енгізу 4. Бірыңғай деректермен кестені қалай автоматтауға болады? Автотолықтыру 5. Ұяшықтарды форматтау
9-модуль. Диаграммаларды есептеу және құру
1. Формулалар мен жәй есептеулерді пайдалану 2. Автоқосынды 3. Деректерді іріктеу 4. Диаграммаларды құру 5. Диаграммаларды әдемі рәсімдеу
10-модуль. PowerPointтегі жұмыс. Әдемі презентацияны құру.
1. Презентацияны құрудың тиімді тәсілдері 2. Конструктор мен шаблондарды пайдалану 3. Слайдтарды рәсімдеу 4. Анимацияны реттеу 5. Презентацияның демонстрациясы 6. Қорытынды жұмыс
11 модуль. Интернет бойынша кіріспе және алғашқы саяхат Интернетке қалай қосылуға болады? Интернет мүмкіндігі.
1. Интернет деген не және ол не үшін керек? 2. Үйде Интернет желісіне қалай қосылуға болады? 3. E-mail, ftp, www, ip-телефониясының мүмкіндігіне қысқаша шолу 4. Internet Explorer браузерімен жұмфыс сітеу негіздері 5. Google, Yandex, Rambler ақпараттық-іздеу порталы 6. Е-үкімет (қажетті ақпаратты іздеу, формулярды қағазға басып шығару) 7. Интернет-қызмет (қонақ үйлерінде брондау, туристік сапарға тапсырыс, мәтіндерді аудару және т.с.с.) 8. Интернет-банкингі 9. Интернет-дүкендер 10. Чаттар, форумдар 11. Интернет арқылы шығу, Итнтернет арқылы ұялы телефондарға хабарлама жіберу 12. Ip-телефониясы (skipe бағдарламасы) 13. Қашықтықтан оқыту
12 модуль. Электрондық поштамен жұмыс. Outlook Express бағдарламасымен тиімді жұмыс. Web-пошта
1. Электрондық пошта қалай жұмыс істейді? 2. Үйде поштаның жүйесін реттеу 3. Хаттарды құру, жіберу және қабылдау 4. Хаттарды жазу кезіндегі тонының жақсы ережесі 5. Хабарламаға жауап және оны жіберу 6. Әдемі хаттарды құру 7. Хаттарға файлдарды бекіту 8. Жеке ақысыз пошталық адресті алу 9. Web-поштамен жұмыс

Осы курс кез келген компьютерлік бағдарламаларды одан әрі үйренуге негіз болып табылады.

Сондай-ақ курс бағдарлама көлемінде білімі бар, бірақ оларды жүйелендіргісі келетіндерге пайдалы, сондай-ақ жұмыстардың жаңа тәсілдері мен әдістері есебінен өзінің тиімділігін арттырады.

Қазіргі кезде “ақпараттандыру”, “білім беруді ақпараттандыру” деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс-әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан-жақты әсер етуі мен рөлінің жоғарлауына байланысты объективті үрдіс.

Білім берудің кез-келген саласында “Электрондық курстарды” пайдалану студенттер мен оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

Қорғауға берілген реферат тақырыптары:

1. Мектеп информатика курсындағы оқулықтар.

2. Орта мектептің 7-8 сыныптың информатика пәні бойынша дидактикалық материалдардың ерекшілігі.

3. Орта мектептегі қолданыстағы электрондық оқулықтар.

Негізгі әдебиеттер /4, 12/,

Қосымша әдебиеттер/3, 13-19/.





Дата публикования: 2015-02-28; Прочитано: 1627 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.016 с)...