Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Классикалық тайм менеджмент



Классикалық тайм менеджмент (1950-1990) - бұл жылдар аралығында 1920-30 жылдарда пайда болған Ф.Тейлордың «ғылыми басқару мектебімен» қатар, А.Файолдың «классикалық метебі», М.Вебердің «Бюрократиялық» мектебі, Э.Мэйоның «адамгершілік қатынастар мектебінің» және басқаларының әрі қарай дамуын байқауға болады. 1950 ден 1990 жылдар аралығында сонымен қатар, гуманитарлық бағытталған менеджментте, математика мен кибернетика сияқты ғылымдарды өзіне сіңіре бастады. Соның арқасында менеджмент ғылымының бұл кезеңінде жүйелік жанасу, жағдайлық жанасу, синергиялық жанасу, шешім қабылдау теориясы сияқты бағыттар пайда болды.

Американдық бизнесте алғашқы тайм менеджмент бойынша теория мен практикасының салмақты құралы ретінде Джеймс Мак Кейдің «Уақытты басқару» еңбегін айтуға болады(McKay J.T. The Management of Time. N.J.,1959). Осы еңбекте алғашқы болып тайм менеджменті бойынша нақты жүйе ұсынылып өзіндік уақытты тиімді басқару бойынша бірнеше ұсыныстар берілді. Бұл кітапта сонымен қатар менеджер қызметі мен қатар уақытын тиімді басқару бір уақытта жүру қажеттігі айтылды.

1967 жылы шықан Питер Друкердің «Тиімді басқарушы» (Drucker P. F. The Effective Executive. N. Y., 1967) атты кітабында «менеджердің басты сапасы оның тиімділігі, ал тиімділікті көтерудің ең бірінші әдісі - уақытты басқару» деп көрсетті.

Друкердің ойынша тайм менеджмент үш бөлімнен тұруы керек: уақытты есептеу, уақытты басқару(ауақытты оперативті бөлу) және уақытты көбейту.

Осы кезеңде IBM, Bank of America сияқты атақты ұйымдарда тайм менеджмент жүйесін ұйымдастырған Алан Лакейн «Өз өміріңізді және өз уақытыңызды қалай басқаруға болады» атты кітабында Друкердің пікірімен ұқсас келеді, бірақ тайм менеджмент біліктілігі басқару функцияларына қарай топтастырылған.

Классикалық тайм менеджменттің негізгі идеялары:

- Уақытты басқару бизнесті басқару сияқты, яғни сол функциялар мен этаптардан тұрады(мақсатты анықтау, жоспарлау, шешім қабылдау т.б.);

- Тайм менеджмент жүйесі ұйымды басқару жүйесімен бір уақытта жүзеге асырылуы тиіс;

- Классикалық тайм менеджмент жеке тұлғалық және топ менеджерлерге бағытталған;

Өзіміздің және басқалардың уақыты «жоғары құнды» болуы тиіс





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 1310 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...