Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азіргі таңдағы тайм менеджменттегі ағымдар



3) Қазіргі таңдағы тайм менеджмент (20 ғасыр аяғы мен 21 ғасыр басы) - Қазіргі таңда тайм менеджмент әлеуметтік тәжірибе және бизнеске қызмет көрсетудің маңызды бағыты ретінде батыс елдері мен АҚШ-та жақсы дамыған.

Батыс елдерінде тайм менеджменттің мысалы ретінде 1990 жылы шыққан Стивен Ковидің «Жоғары қабілетті адамдардың 7 принципі» атты еңбегін атап өтсе болады(Covey S. R. 7 Habits of Highly Effective People. N. Y, 1990). С.Кови өз кітабында жеке тұлғалық жетістікке жетудің толық тұжырымдамасын береді. Жетістікке жетуді екі кезеңге бөліп көрсетеді: біріншісі – тәуелсіздікке тәуелділік деңгейі (жеке тұлғалық жеңісі), екіншісі - саналы бір біріне тәуелділігі (қоғамдық жеңіс). Бұл жерде жақсы принцип адамның жеке тұлғалық жетістіктерін көрсетеді. Стивен Ковидің Жоғары қабілетті адамдардың 7 принципі:

1. Проактивті болыңыз (қалыптасқан жағдайдан жоғары болып, өз тағдырыңызға өзіңіз ие болыңыз) «Be Proactive»

2. Кез-келген бастамаңызды, түпкі мақсатыңызды елестете отырып бастаңыз. «Begin with the End in Mind»

3. Ең алдымен, бастапқыда істеу керек нәрселерді істеңіз (маңызды жұмыстар бірінші кезекте атқарылуы тиіс). « Put First Things First»

4. Екі жақты табыстылыққа ұмтылыңыз (жұмысқа көп уақыт бөліп, демалыссыз қалмаңыз). «Think Win-Win»

5. Өз мәселеңізді, айтпас бұрын қарсы алдыңыздағы адамның мәселесін тыңдаңыз, түсініңіз. «Seek First to Understand, then to be understood»

6. Синергияға жетіңіз (синергия (syn-бірге, ergos-қызмет) – екі немесе одан көп факторлардың қосындысы арқасында жоғары нәтижеге жету) «Synergize»

Әрқашан жетілуде болыңыз





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 923 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...