Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Фирманың өмірлік циклы



Фирманың өмірлік циклы

Фирманың өмірлік циклы 10 кезеңнен тұрады:

1. Туылу кезеңі: фирма құру туралы ойдың құжат түрінде заңдастырылуы.

2. Жастық шақ: фирманың алғашқы батыл қадамдарының уақыты. Бұл кезеңде әлі де жаңа жағдайға бейімделу процесі жүреді. Көп фирмалар осы кезеңде күтпеген қиындықтарға төзе алмай банкротқа ұшырауы мүмкін.

3. Жоғары өрлеу: фирма бұл кезеңде алдын ала жоспарланған мақсаттарға жетіп жаңа мақсаттарды жүзеге асыруға бел буады. Бұл кезеңдегі басты қауіп өз мүмкіндіктерін дұрыс болжай алмаудан болады.

4. Өсу(боз бала): бұл кезеңге алдыңғы кезеңде дұрыс шешім қабылдау нәтижесіндегі бір қатар жетістіктерге жетумен, фирманың әлеуметтік экономикалық жағдайының өсуімен, және қадамдарын нық баса бастайды. Бұл кезеңдегі басты қауіп «ерте қартаю» мен «қабілетсіздік», яғни фирмадағы жоғары стрес пен жұмысбастылық және төмен мотивация дау жанжалға әкелуі мүмкін.

5. Гүлдену: фирманың ең жоғарғы даму шегіне жетуі, бұдан ары даму жоқ, тек барынша осы кезеңнің уақытын созу басты мақсат.

6. Тұрақтану: бұл кезеңде фирма тұрақтылыққа қол жеткізіп, табыс көзі тұрақты болады. 5-6 кезең фирманың ең жақсы кезеңдері.

7. Аристократизм: алғашқы көз көрінбейтін қателер кезеңі. Бұл кезңде фирма нарықта қомақты үлес алып, көп капитал жинақтап, соның арқасында фирманың мәңгілігі туралы жалған ой қалыптасады, топ менеджерлерді жалқаулық басады.

8. Ерте бюрократизм: фирма ішінде қатаң стандарттар енгізіле бастайды, ешқандай «шығармашылық» және «инициатива» қолдау таба алмайды, фирма менеджерлері регламентке тәуелді болады.

9. Бюрократия: бюрократия - өздігінен жаман бастама емес бірақ, оның шектен тыс болуы фирма қолдарына кісен салғанмен тең. Бюрократия көбіне қаржыландыру тұрақты және бәсекелестік жоқ мемлекеттік қаржыландыру жүйелерінде жүйеге қарама қарсы жұмыс істейді.

10. Құлдыру, тоқырау: фирманың маңдайына жазған өмірінің аяқталуы, оның орнына жаңа фирма келуі немесе басқа фирмаға бірігу кезеңі. Бұл уақытта фирманы басқару менеджерлерінің орнына антикризистік менеджерлерге беріледі немесе банкроттық жариаланып мүлкі аукционнан сатыла бастайды.

Фирма өмірінің ұзақтығы орта есеппен АҚШ-та 40 жыл, Европа елдерінде 30-35 жыл жобасында екен.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 951 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...