Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тайм басќарудыњ даму тарихы



Тайм басқару обьектісі және пәні

Тайм менеджмент (уақытты басқару) ­ адам еңбегін қажет ететін әртүрлі сфера мен салаларда уақыт шығынын азайту мен үнемдеуге байланысты әдіс және тәсілдерді зерттеуге бағытталған менеджмент ғылымының бір бөлімі.

Зерттеу субъектісі ретінде тайм менеджментте негізгі орында адам уақыты болып табылады. Ол адамның белгілі бір жұмысқа жұмсайтын уақыт бірлігімен анықталады. Яғни уақыт шектеулі - істейтін жұмыс көп. Ал объектісі болып адамдардың сол белгіленген бір уақыттың ішіндегі іс әрекеттері болып табылады. Яғни басты мақсатқа жету үшін іс әрекеттерді тиімді басқару әдісін таңдау.

Тайм басќарудыњ даму тарихы

Тайм менеджменті менеджмент ғылымының дамуы мен қатар өз дамуын бастады. Сондықтан тайм менеджментінің даму кезеңдерін төмендегідей үш кезеңге бөлуге болады:

1) Тейлоризм (1910-1940) – Бұл кезең ғылыми менеджменттің негізін салушы Фредерик Тейлордың атымен аталуы себебі, оның «Ғылыми менеджмент принциптері» атты еңбегінде уақыттың менеджменттегі маңыздылығын көрсетті. Тейлордың ойынша адамдарда қалыпты түрде жұмысқа деген белсенділік төмен болатынын немесе адамдардың табиғи жалқаулығы барын көрсетті, ал оны ояту үшін бір мотивация қажеттігін атап көрсетті. Бірақ ол жұмысшыларды күштеп жұмыс істеуін артыруға қарсы болды. Тейлордың пікірінше ғылыми ұйымдастырылған яғни барлығы есептелген менеджмент немесе дұрыс ұйымдастырылған уақыт жұмыс тиімділігі мен жылдамдығын қамтамасыз етеді.

Осы кезеңде Ресейдегі А.К. Гастевте «Қалай жұмыс істеу керек» деген 1966 жылы шыққан өз еңбегінде сол кездегі еңбекті тиімді ұйымдастырудың тәжірибелерін қолданған. Атап айтқанда ол Гастевтің өзі Анри Файолдың жүйесімен жұмыс істейтін франсуз кәсіпорындарында жұмыс істеді. Ол сонымен қатар Генри Форд сияқты сол заманның топ менеджерлерімен хат алысып отырған.

Бұл кезеңнің негізгі идеялары:

- Жұмыстың операциялық құрылымын зерттеу және талдау;

- Еңбек операцияларының хронометражы;

- Жұмыс әдісін оптимизациялау;

- Нормалау;

- Операциялар картасы жасалынды;

- Қызметкерлер тренингі және оқытылуы;

- Мотивациялау және еңбек ақы жүйесіне уақыттық көрсеткіштердің қосылуы;

- Жоспарлауда схемалар мен графиктердің қолданылуы және календарлық жоспарлау.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 967 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...