Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тайм менеджменті пєніне кіріспе



Тайм менеджмент (уақытты басқару) ­ адам еңбегін қажет ететін әртүрлі сфера мен салаларда уақыт шығынын азайту мен үнемдеуге байланысты әдіс және тәсілдерді зерттеуге бағытталған менеджмент ғылымының бір бөлімі.

Зерттеу субъектісі ретінде тайм менеджментте негізгі орында адам уақыты болып табылады. Ол адамның белгілі бір жұмысқа жұмсайтын уақыт бірлігімен анықталады. Яғни уақыт шектеулі - істейтін жұмыс көп. Ал объектісі болып адамдардың сол белгіленген бір уақыттың ішіндегі іс әрекеттері болып табылады. Яғни басты мақсатқа жету үшін іс әрекеттерді тиімді басқару әдісін таңдау.

Уақытты басқарудың ең үзік әдісі келесі талаптарға сай болуы тиіс:

- Қолдану ыңғайлығы: уақыттыңды тиімді басқару үшін көптеген әдістерді қолдануға болады, бірақ солардың ішінде өзіңе ең ыңғайлысын, әрі жүзеге асыруы оңайын таңдаған жөн.

- Үнемділік: уақытыңды тиімді басқаруды ұйымдастыру үшін кететін уақытты да есептеу керек, өйткені уақытыңды тиімді басқарудың орнына көп уақыт зая кетуі мүмкін.

- Тиімділік: уақытыңды басқару, бұл ойын емес – бұл күнделікті ысырапты уақытыңды дұрыстап қайта реттеу. Бұл біздің негізгі жұмыстарымызды тиімді жүзеге асыру үшін қажетті уақыт көлімімен қамтамасыз етуді білдіреді. Яғни тиімді уақытты басқару әдісі бұл мақсат емес, басты мақсатқа жетудің құралы болып табылады.

- Қарапайымдылық(табиғилық): уақытты басқару әдістері біздің күнделікті өмірімізге зиян келтірмейтіндей болып өзгертілуі тиіс және бұл өзгерістер бірте-бірте уақыт өте өзгертілуі тиіс. Сонда ғана сіздің жаңа уақытты басқару жүйеңіз тиімді болады.

- Оптимистік көзқарас: уақыт тек белгілі бір жұмысты атқару үшін ғана емес, оның арасында демалыс және көңіл көтеруге де уақыт бөлінгені абзал. Ал егерде жұмыстың өзі демалыс сияқты қызықты ұйымдастырылатын болса, жұмыстан шаршау болмайды.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 1574 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...