Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азаматтық істер бойынша соттық сөйлеу пәні



1999 жылғы 1 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі (бұдан әрі - АІЖК) күшіне енгізілді. Ондағы новеллалардың бірі сырттай іс жүргізу және сырттай шешім шығару институтын құру.
Азаматтық істер бойынша сырттай іс жүргізу 206-271-баптарды қамтитын АІЖК 24-тарауымен реттеледі. Бұдан басқа, сырттай іс жүргізу және сырттай шешім шығару кезінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедгі № 5 "Сот шешімі туралы" және 2003 жылғы 20 наурыздағы № 2 "Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы" қаулыларының нормаларын басшылыққа алу керек.
Талап арыз іс жүргізуі бойынша азаматтық істерді қарау сотқа талапкердің де жауапкердің де қатысуын қарастырады. Алайда, тараптар әрдайым сот отырысына тікелей қатыса бермейді. Заң шығарушы осындай жағдайларда азаматтық істерді сырттай қарауға жол береді.
Сырттай іс жүргізу тараптардың өз әрекеттері үшін жауапкершілігін арттыруға, жауапкердің өзінің іс жүргізу құқықтарын асыра пайдаланып, істі сөзбұйдаға салмауына ықпал етеді.
АІЖК 260-бабына сәйкес, істерді сырттай іс жүргізу тәртібінде қарау үшін мынадай бес негіз болуы қажет:
1. Жауапкердің сот отырысына келмеуі.
2. Жауапкердің сот отырысының уақыты мен орны туралы хабардар болуы. Бұл ретте, соттың жауапкерге тиісінше хабарланғанын растайтын құжаттардың іс материалдарына тіркелгені туралы нанымды мәліметтері болуы керек.
3. Өзінің сот отырысына келе алмауының орынды себептері туралы жауапкердің хабарламауы.
4. Жауапкердің істі өзінің қатысуынсыз қарауы туралы өтінішінің болмауы.
5. Істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға жауапкердің қарсылығының болмауы.
Бұл ретте, іс жүргізу заңымен мынадай шектеулер белгіленген: сырттай іс жүргізу бірінші сатыдағы сотта іс жүргізуге жатады; сырттай іс жүргізу тәртібімен талап арызға негізделген азаматтық істер ғана қаралуы мүмкін; ерекше талап арыз, ерекше іс жүргізу бойынша істерді сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға жол берілмейді.
Егер талапкер жауапкердің қатысуынсыз істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға келіспесе, сот талқылауды кейінге қалдырып, жауапкерге жаңа сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарлама жібереді. Жауапкер тағы да келмей қалған жағдайда сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға құқылы (АІЖК 260-бабы 3-бөлігі). Осындай мән-жайлар кезінде талапкердің пікірін сот анықтамайды.
Егер жауапкер сот отырысына келсе, бірақ сот отырысынан ол аяқталғанға дейін өз еркімен кетіп қалса, онда сот істі талқылауды жалғастыра береді, ал осындай отырыста шығарылған шешім сырттай шығарылған деп есептелмейді. Іске бірнеше жауапкер қатысты болып, сот отырысына барлық жауапкерлер келмей қалған жағдайда ғана іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін. (АІЖК 260-бабы 2-бөлігі).
Сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады, (АІЖК 260-бабы 4-бөлігі), ол шағымдауға және наразылық келтіруге жатпайды.
Азаматтық істерді сырттай іс жүргізу тәртібімен қарағанда жауапкердің қатыспауы себепті толық көлемде жарыспалылық жүзеге аспайды. Істі сырттай іс жүргізу тәртібімен талқылаған кезде талапкердің өкілеттіктері шектеулі, атап айтқанда, оның талап арыздың нысанасы мен негіздемесін өзгертуге құқылы емес.




Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 684 | Нарушение авторского права страницы



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...