Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Демосфен, Цицерон. Шешендік өнерге қоскан үлесі



Демосфен (б.д.д. 384-322 жж.) - ежелгі заманның ең үздік шешені, грек.

«Наполеонның әскерi жетпеген жердi Бальзак қаламмен жаулап алған» дейтін халық арасында тараған сөз бар. Сөз құдыреті шексіз. Сөздің киесін ұққан өнер иелері болған. Соның бірі Демосфен.
Ел аузында «Цицерон сөйлегенде халық көзіне жас алған, ал Демосфен сөйлегенде олар үйіне жетіп, шешеннің айтқанын істегенше асыққан» деп бекер айтылмаған. Демосфен алғаш шаршы топқа шыққанда, күлкіге қалып, жұрт оны ортадан қуып шыққан. Бірақ ішкі рухы мықты жан, морт сынбай, керісінше, «мен қалай да шешен болам, жұртқа сөзімді тыңдатам» деп алдына мақсат қойып, жігерін қамшылаған. Р әрпін ол қарсы алдына күшікті қойып, соның ызасын келтіріп, ырылдағанына қарап үйренген. Ал даусын шығару үшін теңіз жағасына барып, тілінің астына малта тастарды толтырып, толқыған теңіз шуылымен жарыса сөйлеген. Жұрт көзінен біршама уақытқа тасалану үшін Демосфен тіпті басындағы шашының жартысын алып тастаған. Солайша сыртқа шығудан өзін шектеген. Осындай жанкешті әрекетінің арқасында ол Демосфен шешен атанған.

Шешендiк өнер Демосфен өмiрiнiң мәнi болды, ол оны аталмыш өнердiң ұстазы етiп шығарды. Ол қажырлылық пен үлкен еңбектiң арқасында ”өзiн-өзi қайта туындатты”, әлем шешендерiнiң эквивалентiне айналды. Демосфен сөйлеу мен оның техникасын шегiне жеткiздi. Ол өзiнiң болмысы арқылы Цицеронның ”Ақын болып жаралу керек, шешендер жүре келе қалыптасады” деген аталы сөзiн дәлелдеп шықты. Ал бұл принциптiң қазақ топырағындағы көрiнiсiн бабаларымыз ”көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады” деп ұлағатты оймен өрнектеген. Демосфен өз өнернамасында сұрақ-жауап әдiсiн кеңiнен пайдаланған. Осылайша, сөздiң драмалық қасиетiн күшейттi. Ол нақтылы дерек көздерiмен сөйлеген, ойды түсiнiктi, еркiн баяндаған. Сөйлеудiң техникасын еркiн меңгерген ол тыңдаушы алдында мың сан қозғалысқа түскен. Демосфен сөздерi сөйлеу мәнерiмен туған. Қарапайым және көтерiңкi пафоспен (екi стильде) келедi. Ол осы екi стильдi де еркiн игерген. ”Демосфеннен 170 қолжазба (60 жалынды сөз, 56 жазба сөз, 6 хат) бiздiң дәуiрiмiзге келiп жеттi /5:13/.

Құл иеленушiлiк дәуiрдiң өкiлi, демократиялық құрылымның қорғаны болған адам.

Цицерон Марк Туллий (б.з.б. 3.1.106, Арпинум — 7.12.43, Кайета маңы) — Ежелгі Римнің саяси қайраткері, шешен, жазушы. Ақсүйектер әулетінен. Б.з.б. 63 ж. консул болған кезінде беделі қатты өсті (Катилинаның қастандығын ашты, сенатта басшы рөл атқарды). 1-триумвират (үштік одақ) құрылғаннан кейін ықпалы төмендеп, б.з.б. 58 — 57 ж. қуғынға түсті. Б.з.б. 56 — 50 ж. Гней Помпей мен Юлий Цезарьды жақтады. Олар араздасқаннан кейін (б.з.б. 49) азамат соғысы кезінде екеуін татуластырмақ болды. Цезарь жеңгеннен кейін (б.з.б. 47) саясаттан қол үзіп, ол өлтірілгеннен кейін ғана саясатқа қайта араласты. Оның Марк Антонийге қарсы 14 сөзі — “филиппик” осы кезеңге жатады. 2-триумвиратқа қарсы күресте сенат жеңілген кезде, Антоний мен Октавиан Августың қолынан қаза тапты. Цицеронның саяси идеалы — “аралас” мемлекеттік құрылыс (монархия, аристократия және демократия элементтері бар б.з.б. 3 — 2 ғасырлардағы Рим республикасы үлгісіндегі мемлекет) болды. Цицерон өзін грек философиялық теориясы мен Рим саяси (шешендік) теориясын????адамы”, “татуластырушы”, “тәртіп сақтаушы және қамқоршы” адамның үлгісі деп есептеді. Философиялық идеалы — теориялық скептицизмді практикалық стоицизммен біріктіру, шешендік идеалы — “молшылық”, тыңдаушыны қызықтыра да, сендіре де, еліктіре де алатын барлық құралдарды меңгерген. Цицерон шығармаларынан (үзінділерді есептемегенде) сотта сөйлеген 58 сөзі, шешендік өнер, саясат, практик. философия, теор. философия жөнінде 19 трактаты, аса маңызды психол. құжат, латын ауызекі тілінің ескерткіші және Римдегі азамат соғысы дәуірі туралы деректеме болып табылатын 800-ден астам хаты сақталған.

Ц-ды шіркеу қайраткерлері Лактанция, Амвросий Медиоланский, Августин, қайта өркендеу дәуірінің жазушылары Петрарка мен Боккаччо, француз ағартушылары Дидро,Вольтер, Монтескье, Ж.Ж. Руссо, т.б. үлгі тұтқан.

Цицерон шешендік өнерді игерудің бес әдісін айқындаған. Оның ең біріншісі, айтарыңның болуы, яғни сөзіңнің мазмұны. Екіншісі, сол айтпақ ойыңды салмақтап, жүйеге келтіру. Үшіншісі, көркемдеу, яғни әдеби өңдеу.

Төртіншісі, жадыға сақтау. Бесіншісі, келістіріп тұрып жақсылап айтып беру, сөйлеу.

Шешендік туа бола ма, жүре бола ма деген таласты пікірге осы бес әдіс жауап бергендей. Цицерон жаратылыстан болатын табиғи қабілетті мойындай отырып, тек қана соған малданып қалмай, жетілдіру қажет деп санайды. «Мен қандай шешенді болсын ғылым шыңдай алмайды дей алмаймын. Іздену арқылы жақсы қабілетті же-тілдіруге және орташаны да қалыпқа келтіруге болатынын мен жақсы білемін», - дейді.

Ол өз заманындағы, яғни Рим шешендік мектептерінің оқыту жүйесін теориялық, философия-лық негіздердің жоқтығы мен нақты тәжірибені елемейтіндігі үшін сынайды. Бұл мектептердегі оқыту декламацияға, яғни ойдан шығарылған та-қырыптар бойынша сөйлеуге негізделген. Ал оған бейімделген жас шешендер кейін өмірдегі нақты жағдайға кездескенде қиналатын болған.

Цицерон оларды дауыстары мен өкпелерінің күшін ғана баптайды деп мысқылдаған. Нақты іске қатысты орынды пікір орнына, олар қызыл сөзге салынып, құр мақамдап кететін болған.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 4291 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...