Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сот ісіндегі сөйлеу мәдениеті



Қарым-қатынас құралы ретінде тіл қоғамдық-саяси, ресми іскерлік, ғылыми және мәдени өмірдің барлық салаларына қызмет етеді. Қазіргі кездегі шешендік сөздерді зерттеуші ғалым Г.З.Апресиан оны мазмұнына қарай жіктейді. Солардың бірі – сотта айтылатын шешендік. Сотта қолданылатын шешендіктің иелері прокурорлар, адвокаттар, қоғамдық айыптаушылар мен қорғанушылар, айыпкерлер болады. Сотта қолданылатын шешендік сөздерді екіге бөліп қарастыру керек: феодалдық қоғам тұсындағы қазақтың әдет-ғұрып заңы бойынша жүргізілген дау-дамайларда орын алған шешендік сөздер және біздің дәуіріміздегі сот жұмысында айтылатын айыптаушылар мен қорғанішылардың сөздері.

Бұрыңғы билікте айыптаушының да, қарсыласушының да, кімет айтушының да сөздеріне дәстүрлі модельдер мақал-мәтелдер, салыстырулар т.б. басты рөл атқаратын болса, қазіргі сотта айтылмақ ойдың логикалығы, күштілігі, пікірдің айқындылығы басты орынға шығады.

Сотта қолданылатын шешендік сөздер монолог түрінде де, диалог түрінде де жүзеге асады. Сотта қаралған, қаралуға тиіс қылмысты істерді бәрі шешендіктің тақырыбы бола алады. Қазіргі кездегі жүргізілетін сот жұмысындағы прокурордың да, адвокаттың да сөздеріне баға беру сипаты болады. Сонымен қатар сот ісі адам тағдыры шешілетін жер болғандықтан сол адамның өзін, іс-әрекетін (бұрыңғы еңбегін, қазіргі қылмысын т.б.) сипаттау басым болады. Прокурор мен адвокат өзара бір-біріне қарама-қарсы тұрып сөз сайысына түспейді, екеуі де шындыққа жетуді, соттың әділ үкімі шығуын көздейді. Олар тек судьяларға тек арнап емес, жалпы көпшілікке де қарата, өзге де жұршылықтың сана-сезіміне әсер ететіндей етіп сөйлеуді ойластырады. Осы себептен де бұл сөздерде нақтылы айтылған пікірдің дәлелдемесі, қорытындысы болумен қатар тыңдаушыларға әсерлі болу мақсаты да қойыла. Осы тұрғыдан келгенде судья мен адвокаттың сөздері бір-бірінен сәл өзгешеленеді. Заңгердің тіл мәдениетіне мыналар енеді: 1) нормативтілік немесе дұрыстылық, яғни әдеби тіл нормасына сәйкес жаргон, диалект және ауызекі тілдегі сөздерді (жазбаша тілде орфографиялық және пунктуациялық қателерсіз) қолданбай ойды дәлме дәл бере білу; 2) сөйлеу шеберлігі, яғни сөздің ұтымдылығы, қисындылығы және ұтымдылығы, сөз байлығының болуы, мәнерлілік, сөз даралығы. Сот қайраткері сауатты, тапқыр, сенімді ретте сөйлей білуі тиіс. Егер заңгерлер іскер тілде ғана емес, сондай-ақ образды әрі экспрессивті тілде сөйлей білсе, біздің сотымыздың тәрбиелік маңызы ұлағая түседі.

4.Сот шешендігі курсының құқық жүйесіндегі алатын орны және басқа салалармен байланысы. Сот процесіне анық сөздер керек. Тыңдаушылар істің барысына жете еріп отыруы қажет. Сот сөзінде сарабдал сыншының, сазды шешенің,үміт пен үмітсіздік араласқан үкімнің үні болса игі. Сот сөйлеп тұрған заты жайында жан – жақты, анық – қанық білмесе болмайды. Сол мәселенің жағымды, жағымсыз тұстарын да жақсы білуге мүдделі. Бұның бәрінен тіл байлығы ғана алып шығады. Туған тілін терең меңгермеген сотты жұртшылық тыңдамайды, сыйламайды. «Қазақтар шешен келеді, олар мақалдап сөйлейді, жай сөзінің өзі өлең боп құйылып жатады» деп, немістің білгір академигі В.В.Радлов айтса, оның өзін қазақ арасында көп болған поляк азаматы Адольф Янушкевич: «.... дала Демосфендерінің кейбіреулері мені сөздерінің мазмұндылығымен баурап алады» дейді.

«Үздік, үлгілі сөздер қарапайым, анық түсінікті және ойға тұнып тұруы тиіс» депті атақты А.Ф.Кони. Егер шешендік сөз «жанды тербететін дарын» болса ондай қасиет барлығына бірдей тән болуы қажет. Әртүрлі процестің тілі түрлі – түрлі болып келуі мүмкін. Аудиторияны билеудің жолы әртүрлі, әрқалай толып келеді. Прокурор тілі қалай болмаққа керек, сот – медицина сарабының тіліне шешендік қажетіне деген ой туды.

Сотта жақсы сөйлеу дегеніміз – істің түбегейлі түбірін тереңдеу танып білу, көзді көңілді жеткізіп сөйлеу хұқ нормаларына сүйену, әдеби тілмен сөйлеу деген сөз соттағы шешеннің сөзі қазыны да, қараушыны да, халықты да өзіне қаратып сендіре алса, құба құп,нұр үстіне нұр демекпіз. Ал, аудиторияны меңгері сөздің жетуіне, жетелеуіне байланысты екені хақ.

Қылмыстың ашылуы егжей – тегжейлі талқыға түсуі қылмыскер әрекетіне баға берілуі, қылмыстың туу себебі және оның салдары ортаға түскенде сот мәжілісіне айтылатын сөздер ондыққа дәл тиіп жатуы тиіс, өйтпейінше процестің бүге – шегесі ашылмай, анықталмай қалуы ғажап емес. Ендеше сотта сөйлеу де өнердің бір түрі деп білуіміз заңды.

Шешендіктің барлық түрі сотқа келе бермейді, соттағы шешендіктің өзіндік ерекшеліктері бары даусыз нәрсе. Айталық, мұғалімдер алдында сөйлеу мен сотта сөйлеу бірдей көрініс емес. Қай жерде қай кезде де біліп, тіліп сөйлеген абзал. Дәл, шын, тура айтып жеткізу, білікті маманның, жүйрік юристің тұрғысынан сөйлеу нағыз шебердің үлесі екені айғақ. Бұның үстіне білікті білімділік қосылады.

Жұрт алдында сөйлеудің мәдениеті жайында аз айтылып келе жатқан жоқ. Әсіресе, соттағы сөз оймен, мөлшермен, нақты айтылуы ләзім. Сөз көбейіп кетсе, оның арты суға ұласып кетеді. Прокурордың немесе адвокаттың сөзі дәлелсіз, дәмсіз, құрғақ боп келсе сот процесінің ұтары шамалы болмақ.

Айыпталушының, ақтаушының да, соттың да тілі таза, түсінікті әрі заңға сүйеніп тұрса әділет салтанат құрады.

5.. Аяз би Жаманұлы (шамамен XII — XIII ғасыр) Аяз би Жаманұлы — қазақ халқының ежелден елге аты мәшһүр болған, аты аңызға айналып кеткен ақылгөй абыз, шешен, биі. Оның есімі бүгінгі ұрпаққа "Аяз би" ертегісі мен "Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл" дейтін қанатты нақыл сөз арқылы сақталып жеткен. Аяз бидің ғұмырнамасы жөнінде әр түрлі дерек бар. Майқы би Ман баласының шежіресін жазған Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы өзінің "Түп-түқияннан өзіме дейін" ("Жалын", 1993 ж.) дейтін кітабында Аяз биді және оның серігі Құмырсқа батырды "Майқы би дәуірінде өмір сүрген, Майқы Манұлының оң жағында отыратын сенімді ақылгөй билері еді", — деп жазады. Сонда бұл дерек бойынша Аяз би хижра жыл санауынан 711 жылы бұрын туып, 800 жылы дүниеден өткен, Майқы Манұлының замандасы, тұстас боп шығады. Ал зерттеуші Балтабай Адамбайұлының "Алтын Сандық" атты (1989 ж.) кітабындағы шағын мөліметте Аяз би — Хиуа хандығы дәуірінде өмір сүрген тарихи адам деп, оны ХӀ-ХӀӀ ғасырға жатқызады. Бұл - әлі тереңірек зерттеуді қажет ететін мәселе. Аяз бидің қандай би болғаны, адамгершілік қадір-қасиеті жөнінде қазақ энңиклопедиясында былай жазылған: "Бұрынғы қойшы, кедей Аяз өзінің ақылдылығы, даналығы арқасында уәзір болады. Ол Мадан ханның бірнеше сынынан өтеді. Оған шөп жаманы — қоға, құс жаманы — сауысқан екенін дәлелдеп береді. Ханның тұлпарының сиырға, өзінің қара халыққа шатыстығын айырады. Шартты жұмбағын шешіп, бай қызы Меңді сұлуға үйленеді, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен қүтқарады. Аяздың даналығын, достыққа адалдығын, сертке беріктігін, қайырымдылығын, әділдігін Мадан мойындап, халық қалап, оны хан етіп көтереді".[1]Майқыбиөзініңтөңірегінеақылды, дана, би, шешендерді, батыр, балгер, көріпкелөулиелердікөпжинап, оларменақылдасыпотырады. МайқыныңӘндір, Мәдідегенаспанәлемін, жұлдыздарсырынболжайтынбілімпаздарыболған. Олараспанға, жұлдыздарғақарап, мал-шаруажайын, егіншіліккеқолайлымерзімдікүнібұрынболжап, халыққапайдасынтигізеді. Ал Аязбисияқты дана билерінеөзініңоңжағынанорынбередіекен. АязбидіңҚұмырскадегенәріби, әрі батыр жансерігіболыпты. Қайда барса да екеуіжұбынжазбайжүреді. ОлекеуіМайқыбидіңсілтеуіменқазылықкұрып, көбінесе ел мен ел арасындағыелшілік, бітімгершілікпенайналысады. Сондықтан да МайқыбиАязби мен Құмырсқағакөбінесеарқасүйеп, оларғасенедіекен.[1]ОлекеуіменМайқыбихалықтағдыры, ел жағдайы, шаруақамыжөніндежиі-жиіақылдасып, ой-пікіралысыпотырады. Кейдедәлжауапайтаалмай, шалысбасқанзаматтаоларғаескертужасаптүзеп, бағытберіпжібередіекен. Біржолыолекеуіжарысасөйлеп, Майқыныңалдынкес-кестейберіпті, сондаМайқыбиоларғабылайдепті: БилербүгінМайқыныңалдынкесесің, Ертеңжұрттыңтөбесінтесесің. Майқының да айтатынкебі бар, Айтуғааузының да ебі бар. Хан сөзініңқашандабәрідұрыс, Әзірсөзімдеболмасбүрыс, Ақылымалжығанжоқ, Ондайдыболжағамжоқ, Орынсызауызашсаң, Екібибасарсыңшоқ. Аязбиәліңдібіл, Құмырсқажолыңдыбіл. Ел арасында "Аязбиәліңдібіл, Құмырсқажолыңдыбіл" дегеннақылсөзсоданқалсакерек.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 9876 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...