Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сот шешендігі пәні және оның мазмұны



Сот процесіне анық сөздер керек. Тыңдаушылар істің барысына жете еріп отыруы қажет. Сот сөзінде сарабдал сыншының, сазды шешенің,үміт пен үмітсіздік араласқан үкімнің үні болса игі. Сот сөйлеп тұрған заты жайында жан – жақты, анық – қанық білмесе болмайды. Сол мәселенің жағымды, жағымсыз тұстарын да жақсы білуге мүдделі. Бұның бәрінен тіл байлығы ғана алып шығады. Туған тілін терең меңгермеген сотты жұртшылық тыңдамайды, сыйламайды. «Қазақтар шешен келеді, олар мақалдап сөйлейді, жай сөзінің өзі өлең боп құйылып жатады» деп, немістің білгір академигі В.В.Радлов айтса, оның өзін қазақ арасында көп болған поляк азаматы Адольф Янушкевич: «.... дала Демосфендерінің кейбіреулері мені сөздерінің мазмұндылығымен баурап алады» дейді.

«Үздік, үлгілі сөздер қарапайым, анық түсінікті және ойға тұнып тұруы тиіс» депті атақты А.Ф.Кони. Егер шешендік сөз «жанды тербететін дарын» болса ондай қасиет барлығына бірдей тән болуы қажет. Әртүрлі процестің тілі түрлі – түрлі болып келуі мүмкін. Аудиторияны билеудің жолы әртүрлі, әрқалай толып келеді. Прокурор тілі қалай болмаққа керек, сот – медицина сарабының тіліне шешендік қажетіне деген ой туды.

Сотта жақсы сөйлеу дегеніміз – істің түбегейлі түбірін тереңдеу танып білу, көзді көңілді жеткізіп сөйлеу хұқ нормаларына сүйену, әдеби тілмен сөйлеу деген сөз соттағы шешеннің сөзі қазыны да, қараушыны да, халықты да өзіне қаратып сендіре алса, құба құп,нұр үстіне нұр демекпіз. Ал, аудиторияны меңгері сөздің жетуіне, жетелеуіне байланысты екені хақ.

Қылмыстың ашылуы егжей – тегжейлі талқыға түсуі қылмыскер әрекетіне баға берілуі, қылмыстың туу себебі және оның салдары ортаға түскенде сот мәжілісіне айтылатын сөздер ондыққа дәл тиіп жатуы тиіс, өйтпейінше процестің бүге – шегесі ашылмай, анықталмай қалуы ғажап емес. Ендеше сотта сөйлеу де өнердің бір түрі деп білуіміз заңды.

Шешендіктің барлық түрі сотқа келе бермейді, соттағы шешендіктің өзіндік ерекшеліктері бары даусыз нәрсе. Айталық, мұғалімдер алдында сөйлеу мен сотта сөйлеу бірдей көрініс емес. Қай жерде қай кезде де біліп, тіліп сөйлеген абзал. Дәл, шын, тура айтып жеткізу, білікті маманның, жүйрік юристің тұрғысынан сөйлеу нағыз шебердің үлесі екені айғақ. Бұның үстіне білікті білімділік қосылады.

Жұрт алдында сөйлеудің мәдениеті жайында аз айтылып келе жатқан жоқ. Әсіресе, соттағы сөз оймен, мөлшермен, нақты айтылуы ләзім. Сөз көбейіп кетсе, оның арты суға ұласып кетеді. Прокурордың немесе адвокаттың сөзі дәлелсіз, дәмсіз, құрғақ боп келсе сот процесінің ұтары шамалы болмақ.

Айыпталушының, ақтаушының да, соттың да тілі таза, түсінікті әрі заңға сүйеніп тұрса әділет салтанат құрады.

2.Қазақстандағы билер институтының даму тарихы. Ел басқару және билік жүйесіне қатысты атаулардың дені қоғамның құқықтық өмірінің әртүрлі буынын бейнелейді және ол атаулардың өзгеруі тілдің ішкі заңдылықтарынан гөрі мемлекеттің, қоғамдағы саяси жүйенің даму бағытына көбірек тәуелді болады.
Сайып келгенде, осы сыртқы факторлардың нәтижесінде тілге жаңа билік институттарының атаулары үздіксіз еніп жатады.
Қазақ хандығында далалық демократияға негізделген сондай билік институтының бірі билер кеңесі деп аталған. Билер институтыбұл қазақ қоғамындағы парламентаризм дәстүрлерінің құқықтық негіздерінің тым әріде жатқанын көрсетеді. Билер кеңесі бұған дейінгі хан кеңесі деген атаулық тіркестің үлгісінде дүниеге келген деп жорамал жасауға болатын тәрізді. Күрделі атаужасауға негіз болып тұрған модель сөз – кеңес орта түркі кезеңінен бері мемлекеттік ел басқару атауы ретінде қолданылып, кэнеш тұлғасында билеушінің канцеляриясы деген мағына берген. Қазақ хандығы тұсында үлкен ел жиындарын «кеңес» деп атаған. Айталық, «Күлтөбенің басында күнде кеңес» деген аталы сөз содан қалған.
Ал би сөзінің мағынасына келсек, қазақ тілінде ол бірнеше мағына беретіні белгілі. Егер бұған дейін би сөзі әлеуметтік категорияны білдіретін бек сөзінен туындап, сол мағынада ұғынылса, алғашқы ұлттық мемлекет құрылған сәттен бастап би сөзінің мән-мағынасы кеңейді. да халықтың билерді өзінше сипаттауы да жиі ұшырасады. Солардыңбіразынатоқталыпөткендіжөнсанапотырмыз.
Әділби. Биліктіәділшешетін, турасынайтатыншыншыл, әділеттібилергехалықтыңқойғанатауы. Төбеби. Билералқасынбасқаратын, басқабилерденмәртебесібиіктұрғанбилердіңбиі. Кеңесшіби. Билердіңбұлтәріздісатылыжүйесінеенбей, патшасарайларында, хан-сұлтандардың орда құзырындажүріп, оларғаәртүрлімәсележөніндеақыл-кеңесінберіпотыратынбилергеберілетінлауазым.

Билерді бұлайша бағалаудың өзі де әртүрлі мотивтерге байланысты болған, олардың бәрі халық ауыз әдебиетінде өз өрнегін тауып, би атақ-лауазымына лайықты тұлғалардың бойына тән мына төмендегідей ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан:
1) Адамның бойындағы ең абзал зиялы қасиеттеріне (ақыл-парасатына, игі-жақсы қасиетіне, тегіне т.б.) байланысты: дана 6и, данышпан би, әділ би, текті би, ақылды би, айлалы би, тура би, шыншыл би т.б.
2) Адамның табиғи талантына байланысты: шешен би, ділмар би, дүлдүл би т.б.
3 ) Адамның жасына байланысты: бала би, жас би, қарт би, кәрі би т.б.
4) Адамның өмір тәжірибесіне байланысты: сұңғыла би, майтымақ би, ықпалды би, тәжірибелі би,
5) Адамның мінез-құлқына, жағымсыз әдеттеріне байланысты: жымысқы би, даукес би, ұрдажық би, адуынды би т.б.
мақал-мәтелдердің бірнешеуіне талдау жасағанды жөн көріп отырмыз:
Би болмасаң болма, би түсетін үй бол.
Ел арасындағы ең қадірлі, ең құрметті адам би болып саналған. Ол жұрт арасындағы дау-дамайды анықтап, әділ төрелігін айту үшін ел аралап жүріп, кез келген үйге емес, қонатын үйін таңдап, бай-кедейлігіне қарай емес, абыройына сызат түспеген көңілі дарқан, көкірегі ояу, ел сыйлайтын азаматтың үйіне түсетін болған. Сондықтан да, би түскен үй, өзі билік айтпаса да, ел ішіндегі құрметті үй, құттыхана саналған.
Жақсы би жаудың шетін ел етеді, Жаман би елдің шетін жау етеді.
Білікті де білгір, әділ де адал, ақыл-парасатты абырой-атағы зор би – ел арасында болып тұратын дау-дамайларға (құн дауы, жер дауы, жесір дауы, барымта-қарымта) араласып, дұрыс билік айтып, екі жақтың наразылығын асқындырып алмай, оны басуға, дау айтып келген даугер мен құныкер, айыпкер, барымташылар жағын өзара бітістіріп, даудың үлкен жанжалға айналып кетпеуін ойластырса, өрісі тар, өресі аласа әділетсіз билердің, керісінше, жаңа басталған дауды асқындырып, елді жауықтырып, бітіспес дауға айналдырып жіберетіндігін айтып тұр.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 4764 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...