Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Амқоршы органдардың сотқа қатысу жағдайы



"Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қорғаншылық пен қамқоршылық:

1) ата-анасының қайтыс болуының, оларды ата-аналық құқықтарынан айырудың, шектеудiң, ата-анасын әрекетке қабiлетсiз деп танудың, ата-анасының науқастығының, ата-анасының ұзақ уақыт болмауының, ата-анасының балаларын тәрбиелеуден немесе олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруының, оның iшiнде ата-анасының балаларын тәрбиелеу, емдеу және басқа да осындай мекемелерден алудан бас тартуының салдарынан, сондай-ақ ата-аналық қамқорлық болмаған өзге де жағдайларда балаларды орналастыру, олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында;

2) әрекетке қабiлетсiз немесе қабiлетi шектеулi кәмелетке толған адамдардың мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн белгiленедi.

Балаларды тәрбиелеуге байланысты iстi сотта қарауға дайындаған кезде, судья туындаған дауларды шешу үшiн тараптардың дәлелдеуге жататын мән-жайларды, оның iшiнде ата-аналардың немесе баланы тәрбиелеушi басқа адамдардың жеке бастарының мiнез-құлық қасиеттерiне, сонымен қатар осы адамдардың баламен өзара қалыптасқан қарым-қатынастарына ерекше көңiл аударып дұрыс анықтауы керек. Мұндай iстер сот мәжiлiсiнде iстi қарауға қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардан судьяның ұйғарымын орындау үшiн белгiленген тәртiп бойынша баланың және оны тәрбиелеуге үмiткер тұлғаның (тұлғалардың) тұрмыс-жағдайларын зерттеу актілерi алынғаннан кейiн тағайындалады.
Баласынан бөлек тұратын ата-ананың ата-аналық құқығын жүзеге асыруы тәртiбi туралы iстердi қарағанда, сот iстi қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың қатысуымен жүргізедi (Кодекстің 73-бабының 3-тармағы), ал ата-ана құқығынан айыру, ата-ана құқықтарын қалпына келтiру, ата-ана құқықтарын шектеу және баланы асырап алуды бұзу жайындағы iстерге прокурордың қатысуы да қажет (Кодекстің 76-бабының 2-тармағы, 78, 79, 107-баптары).
Мемлекет кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі өз функцияларын жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы мен олардың аумақтық бөлімшелері мемлекеттік органдардың және ұйымдардың кәмелетке толмағандарға қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі қызметін үйлестіруді және өзара іс-қимылын ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың балаларды тәрбиелеу туралы дау бойынша қорытындысын сот, басқа iс материалдарының жиынтығымен салыстырып бағалайды. Қорытындымен келiспеушілiк, iс бойынша қабылданған шешiмде негiзделуге тиiстi.

Егер сот, балаларды тәрбиелеуге байланысты дауды шешу кезiнде қарастырылатын мәселе бойынша кәмелетке толмаған баладан сот мәжiлiсiнде оның пiкiрiн сұрау қажеттілiгі туралы тұжырымға келсе (Кодекстің 62-бабы), онда қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың баланың сотқа қатысуы оған қолайсыз әсер етер-етпесi туралы пiкiрiн алдын ала айқындауы керек.

7.Сот шешендігі курсының міндеті, мақсаты, қызметі. Сот процесіне анық сөздер керек. Тыңдаушылар істің барысына жете еріп отыруы қажет. Сот сөзінде сарабдал сыншының, сазды шешенің,үміт пен үмітсіздік араласқан үкімнің үні болса игі. Сот сөйлеп тұрған заты жайында жан – жақты, анық – қанық білмесе болмайды. Сол мәселенің жағымды, жағымсыз тұстарын да жақсы білуге мүдделі. Бұның бәрінен тіл байлығы ғана алып шығады. Туған тілін терең меңгермеген сотты жұртшылық тыңдамайды, сыйламайды. «Қазақтар шешен келеді, олар мақалдап сөйлейді, жай сөзінің өзі өлең боп құйылып жатады» деп, немістің білгір академигі В.В.Радлов айтса, оның өзін қазақ арасында көп болған поляк азаматы Адольф Янушкевич: «.... дала Демосфендерінің кейбіреулері мені сөздерінің мазмұндылығымен баурап алады» дейді.

«Үздік, үлгілі сөздер қарапайым, анық түсінікті және ойға тұнып тұруы тиіс» депті атақты А.Ф.Кони. Егер шешендік сөз «жанды тербететін дарын» болса ондай қасиет барлығына бірдей тән болуы қажет. Әртүрлі процестің тілі түрлі – түрлі болып келуі мүмкін. Аудиторияны билеудің жолы әртүрлі, әрқалай толып келеді. Прокурор тілі қалай болмаққа керек, сот – медицина сарабының тіліне шешендік қажетіне деген ой туды.

Сотта жақсы сөйлеу дегеніміз – істің түбегейлі түбірін тереңдеу танып білу, көзді көңілді жеткізіп сөйлеу хұқ нормаларына сүйену, әдеби тілмен сөйлеу деген сөз соттағы шешеннің сөзі қазыны да, қараушыны да, халықты да өзіне қаратып сендіре алса, құба құп,нұр үстіне нұр демекпіз. Ал, аудиторияны меңгері сөздің жетуіне, жетелеуіне байланысты екені хақ.

Қылмыстың ашылуы егжей – тегжейлі талқыға түсуі қылмыскер әрекетіне баға берілуі, қылмыстың туу себебі және оның салдары ортаға түскенде сот мәжілісіне айтылатын сөздер ондыққа дәл тиіп жатуы тиіс, өйтпейінше процестің бүге – шегесі ашылмай, анықталмай қалуы ғажап емес. Ендеше сотта сөйлеу де өнердің бір түрі деп білуіміз заңды.

Шешендіктің барлық түрі сотқа келе бермейді, соттағы шешендіктің өзіндік ерекшеліктері бары даусыз нәрсе. Айталық, мұғалімдер алдында сөйлеу мен сотта сөйлеу бірдей көрініс емес. Қай жерде қай кезде де біліп, тіліп сөйлеген абзал. Дәл, шын, тура айтып жеткізу, білікті маманның, жүйрік юристің тұрғысынан сөйлеу нағыз шебердің үлесі екені айғақ. Бұның үстіне білікті білімділік қосылады.

Жұрт алдында сөйлеудің мәдениеті жайында аз айтылып келе жатқан жоқ. Әсіресе, соттағы сөз оймен, мөлшермен, нақты айтылуы ләзім. Сөз көбейіп кетсе, оның арты суға ұласып кетеді. Прокурордың немесе адвокаттың сөзі дәлелсіз, дәмсіз, құрғақ боп келсе сот процесінің ұтары шамалы болмақ.

Айыпталушының, ақтаушының да, соттың да тілі таза, түсінікті әрі заңға сүйеніп тұрса әділет салтанат құрады.

8.Алқабилер қатысуымен сот істерін қарау. Қазақстан Республикасынын заңымен 2007 жылдың 1-қаңтарынан бастап ҚР ҚІЖК-не жаңа «Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс жүргізу» атты 13-бөлім енгізілді[1.45б].

Құқықтанушылардың айтуы бойынша сот алқабилері алғаш рет б.э.д. 829 жылы Францияда, одан соң 1066 жылы Англияда пайда болған дейді. ХVІІ-ғасырдың ортасында, буржуаз-демократиялык революциядан кейін Еуропа мемлекеттеріне тарай бастады.

Дүние жүзі бойынша сот алкабилерінің классикалық түрі, яғни бір сот және он екі алқабиден тұратын түрі көп тараған (АҚШ, Ресей және т.б.) Францияда алқабилер құрамы тоғыз алқаби, бір төреші және екі запастағы сот төрешісі (Қазакстандағы сот алқабилерінің үлгісі Францияның сот алқабилер құрамымен ұқсас) болады

Сот алкабилердің қатысуымен қарайтын қылмыстық істер бойынша негізгі ерекшеліктері мынадай:

— егер айыпталушы өтініш еткен жағдайда сот алқабилерінің қатысуымен жүргізеді;

— халық өкілеттіктері (тандалып алынған тоғыз алқаби) мен кәсіпқой сот төрешілерілар (екі сот төрешісі) арасындағы әділ сотқа өкілеттіктердің бөліну мен жіберілуі мынадай:

— алқабилер қылмыс оқиғалары туралы сұрақтар мен сотталушының айыптылығы туралы сұрақтарды шешеді:

Қылмыстық іс толық аяқталғаннан кейін ай сайын алқабиге мемлекет қаражатынан соттың немесе оған теңестірілген соттың жарты еңбекақы мөлшеріңде, бірақ алқаби төрағасының негізгі сотта болған (жұмыстық күн саны) уақыттық жалақысынан төмен сыйақы тағайындалмауы тиіс.

Бір есте сақтайтыны, бір алқаби жылына бір рет қана алқаби ретінде сот отырысына қатыса алады.

Егер айыпталушы Қылмыстық кодекстің бірнеше баптарымен істің біреуі алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істерді айыпталушының өтініші бойынша сот алқабилерінің қатысуымен істі қайта қаратуға құқылы.

Ауыр қылмыс жасаған іс бойынша бірнеше адам айыпталса, онда істі алқабилердің катысуымен қарау жөнінде айыпталушылардың біреуі өтініш берген жағдайда істі алқабилердің міндетті түрде қатысуы бойынша қарастырады.Сот талқылауына қатысу үшін алқабиге кандидаттарды ал-дын ала кездейсок тандаудың тәртібі (ҚР ҚІЖК 550-бап). Істі соттың алқабилердің қатысуымен тағайындау туралы қаулы шығарылғаннан кейін сот төрешісі сот отырысының хатшысына, алкабилерге іріктеу үшін, осы сот отырысына саны қаулыда көрсетілген алкабиге кандидаттардың келуін камтамасыз ету туралы өкім береді. Сот қаулысында іс бойынша тандап алынған алқабилердің саны керсетілуі қажБасты сот талқылауы тағайындалғаннан кейін төрағалық етушінің есімі бойынша сот отырысының хатшысы соттағы бірыңғай және косалқы (жылдық) тізімдерден алқабиге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ тандауды жүргізеді. Қылмыстық істі қарауға қатысу үшін алкабиге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ тандау аяқталғаннан кейін, олардың тегі, аты, әкесінің аты және мекенжайы көрсетіле отырып, алдын ала тізім жасалады, оған сот отырысынын хатшысы қол қояды. Алдын ала тізімге енгізілген алқабиге кандидаттарға, сот талқылауы басталғанға дейін жеті тәуліктен кешіктірілмей сотқа келетін күні мен уақыты көрсетілген хабарлама тапсырылады. Хабарлама алған азаматтар алкабилерді іріктеу рәсіміне қатысу үшін сотқа келуге міндетті[28.45б].

Сот талқылауына катысу үшін алқабиге кандидаттарды іріктеу (ҚР ҚІЖК 551-бап). Төрағалык етуші алқабиге кандидаттардың алдында олар үшін қысқаша сөзсейлеп кетеді себебі ол олар үшін өте маңызды:

— өзінжәнетараптарынтүгелтаныстырыпетеді;

— қандайісқаралуғажататынынхабарлайды;

— алқабилердіңміндеттері мен олардың осы

қылмыстықістіқарауғазаңғасәйкесқатысутәртібітуралыхабарлайды.

Хабарламаалғаназаматтаралқабилердііріктеурәсімінеқатысуүшінсотқакелугеміндетті.

Сот отырысыныңхатшысытөрағалықетушігеалқабигекандидаттардың сот отырысынакелуітуралыбаяндайдыжәнеалқабигекандидаттыңәрқайсысынаоныңтегінкөрсетеотырып билет жазыпбереді.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 1501 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...