Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Орғаншыоргандардыңсототырысынақарауы



"Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қорғаншылық пен қамқоршылық:

1) ата-анасының қайтыс болуының, оларды ата-аналық құқықтарынан айырудың, шектеудiң, ата-анасын әрекетке қабiлетсiз деп танудың, ата-анасының науқастығының, ата-анасының ұзақ уақыт болмауының, ата-анасының балаларын тәрбиелеуден немесе олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруының, оның iшiнде ата-анасының балаларын тәрбиелеу, емдеу және басқа да осындай мекемелерден алудан бас тартуының салдарынан, сондай-ақ ата-аналық қамқорлық болмаған өзге де жағдайларда балаларды орналастыру, олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында;

2) әрекетке қабiлетсiз немесе қабiлетi шектеулi кәмелетке толған адамдардың мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн белгiленедi.

Балаларды тәрбиелеуге байланысты iстi сотта қарауға дайындаған кезде, судья туындаған дауларды шешу үшiн тараптардың дәлелдеуге жататын мән-жайларды, оның iшiнде ата-аналардың немесе баланы тәрбиелеушi басқа адамдардың жеке бастарының мiнез-құлық қасиеттерiне, сонымен қатар осы адамдардың баламен өзара қалыптасқан қарым-қатынастарына ерекше көңiл аударып дұрыс анықтауы керек. Мұндай iстер сот мәжiлiсiнде iстi қарауға қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардан судьяның ұйғарымын орындау үшiн белгiленген тәртiп бойынша баланың және оны тәрбиелеуге үмiткер тұлғаның (тұлғалардың) тұрмыс-жағдайларын зерттеу актілерi алынғаннан кейiн тағайындалады.
Баласынан бөлек тұратын ата-ананың ата-аналық құқығын жүзеге асыруы тәртiбi туралы iстердi қарағанда, сот iстi қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың қатысуымен жүргізедi (Кодекстің 73-бабының 3-тармағы), ал ата-ана құқығынан айыру, ата-ана құқықтарын қалпына келтiру, ата-ана құқықтарын шектеу және баланы асырап алуды бұзу жайындағы iстерге прокурордың қатысуы да қажет (Кодекстің 76-бабының 2-тармағы, 78, 79, 107-баптары).
Мемлекет кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі өз функцияларын жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы мен олардың аумақтық бөлімшелері мемлекеттік органдардың және ұйымдардың кәмелетке толмағандарға қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі қызметін үйлестіруді және өзара іс-қимылын ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың балаларды тәрбиелеу туралы дау бойынша қорытындысын сот, басқа iс материалдарының жиынтығымен салыстырып бағалайды. Қорытындымен келiспеушілiк, iс бойынша қабылданған шешiмде негiзделуге тиiстi.

Егер сот, балаларды тәрбиелеуге байланысты дауды шешу кезiнде қарастырылатын мәселе бойынша кәмелетке толмаған баладан сот мәжiлiсiнде оның пiкiрiн сұрау қажеттілiгі туралы тұжырымға келсе (Кодекстің 62-бабы), онда қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың баланың сотқа қатысуы оған қолайсыз әсер етер-етпесi туралы пiкiрiн алдын ала айқындауы керек.

10.Шешендік өнердің даму тарихы және оның даму кезеңдері, олардың өкілдері. Шешендік сөз немесе шешендік өнер - ежелгі Грекия мен Рим заманынан бермен қарай көптеген халықтардың мәдени, рухани, өмір тіршілігіндегі өнердің бір түрі. Грек шешендiк өнерiнiң игi әсерi арқасында көне Римде де бұл өнер дами бастады. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi III ғасыр Рим мен Грек елдерiнде эллиндiк дәуiр деп аталып, әдеби-мәдени құндылықтардың алмасуымен сипатталады.

Шешендік сөз мынадай талаптарға жауап беруі керек.

· Белгілі бір әлеуметтік мәні бар тақырыпты қозғайтын және шаршы топ алдында ауызша айтылған сөз болу.

· Әңгіме өзегінің дәлелі (аргумент) болуға тиіс, соның арқасында тыңдаушыларға бір нәрсені әуелі түсіндіріп, содан соң ойлантып, ақырында белгілі бір харекетке ұмтылдыруды көздеуі қажет.

Тыңдаушыларға жақсы әсер етіп, құлақ құрышын қандыратын, сүйсіндіретін эстетикалық қасиеті болуы игі. Шешендік сөз дәстүрінің қажеттігі ауызша сөйлеудің аясы, кеңіген сайын арта түсуде. Жиналыс, мәжіліс, құрылтайларда, пікірсайыс жиындарда, семинар, симпоҚазіргі замандағы шешендік сөздердің түрлері бұл сөздердің жанрына (мазмұнына) қарай негізінен былайша ажыратылады.

Әлеуметтік -саяси тақырыптағы шешендік сөздер, бұларға осы тақырыптарға жасалған баяндамалар, сөйленетін сөздер, митинг, конференцияда айтылатын сөздер, хабарламалар, баяндамалар, радио, теледидардан ауызша жүргізілетін саяси-әлеуметтік шолулар жатады.

· Академиялық шешендік, бұл топты жоғары оқу орындарында оқылатын дәрістер, ғылыми баяндама, хабарлама, шолулар құрайды.

· Сот ісінде қолданылатын шешендікке прокурордың айыптау сөзі, айыпкердің қорғану сөзі кіреді.

· Әлеуметтіктұрмыстажұмсалатыншешендікті мерей-тойларда, салтанаттыдастарқанбасындаайтылатынсөздерзиумдарда шешендік өнер өте қажет.

· Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII-XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV-XV ғғ.) есімдерімен қатысты калыптасып, өркендей түсті. Шалгез, Бұхар (XV-XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі – XV-XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 1222 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...