Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Прокуратура органдары қызметiнiң негiзгi бағыттары мен мазмұны



Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының үстемдігін қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында прокуратура мемлекет атынан:
1) Конституцияның, заңдардың және Қазақстан Республикасы Президентiнің жарлықтары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады;
2) Конституцияны, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұзушылықтарды анықтайды және оларды жою шараларын қолданады;
3) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдарға және басқа да құқықтық актiлерге наразылық жасайды;
4) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалар мен мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;
5) жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
РҚАО-ның ескертпесі!
6) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 04.07.2014 № 233-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
6) анықтау мен тергеудiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
7) әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
8) атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
9) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың норма шығармашылық қызметіне қатысады;
10) сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi;
11) заңда белгiленген тәртiппен және шектерде қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;
12) статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, объективтiлiгiн және жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргiзедi, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңнаманың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады;
13) заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіреді;
14) халықаралық құқықтық ынтымақтастық саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады;
15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асырады.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 1334 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...