Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кәсіпорындарды қайта құры және қайта жабдықтау



Кәсіпорынды қайта құру деп, рухани ескірген және физикалық тозған жабдық-тарды толық немесе жарым-жартылай қайта жабдықтауды, процессдерді механика-ландыру және автоматтандыруды, өнім көлемін жоғарылату мақсатымен технология-лық звенолар мен қосалқы қызметтердің сәйкестенбеуін жоюды, өнімдер номенклату-расын кеңейту және жаңлауды, олардың сапасын көтеруді, сонымен қатар басқа тех-ника-экономикалық көрсеткіштерді жақсартуды есептейді. Бұл жағдайда қайта құруға материалдық шығындар мен құрылыс мерзімдері, жаңа құрылысқа және жұмыс істей-тін кәсіпорындарды кеңейтуге қарағанда аз болуы керек.

Техникалық қайта жабдықтау – бұл өндірістің бөлек учаскелерін, агрегаттарын, жаңа техниканы және технологияны енгізу негізінде қондырғыларын, өндіріс процесстерін механикаландыру және автоматтандыру, ескірген және физикалық тозған жабдықтарды жоғары өнімді жаңа жабдықтармен ауыстыру және модернизациялау, тар жерлерді жою бойынша шаралар жүргізу, өнім өсімін қамсыздандыруға бағытталған өндіріс құрылымы мен ұйымдастыруын жақсарту, оның сапасын жоғарылату, еңбек өнімділігін жоғарылату, өндірістің металлсыйымдылығы мен қуат сыйымдылығын азайту деңгейін заман талаптарына дейін жоғарылату бойынша шаралар жиынтығы.

Технологиялық бойлар мен учаскелердің қайта құру жобасын өңдеу – жаңа өндіріс жобалауға қарағанда күрделі процесс.

Осы тарауда қаралған, өндірісті жобалау кезеңдерден бұрын бар шарттар, қайта құру көлемі мен сипаттамасы, мақсатқа сәйкестігін анықтау, келтірілген шығындар-дың ең аз сомалық белгісі (критерийі) бойынша үйлесімді түр таңдау бағалануы керек.

Қайта құру жобалауы үш кезеңде өткізілуі ұсынылады.

Бірінші кезең – мәселе қою – қойылған мәселе мақсатын анықтау және тұжы-рымдау, таңдалған түрлердің лайықтылығын анықтаушы факторлар мен шарттарды сапалы талдау, олардың арасындағы сапалық байланыстарды анықтау; сәйкес әсер белгісін (ең кіші келтірілген шығындарды, сапа көрсеткіштерін) таңдау; белгісіздерді анықтау, шектеулерді орнықтыру, сандық тәуелділіктерді құру, мақсаттық функ-циялар құрастыруды математикалық үлгі құру қалыптастырады.

Екінші кезең – мәселені іске асыру – қайта құрылатын объектілер туралы бастапқы мәліметтерді және басқа қажетті мәлімдеулерді жинау және жүйелендіру-ден, мәселе қоюдан, оның математикалық үлгілерін және бастапқы мәліметтерді дәлдеуден; ЭЕМ-ге мәселе шешу бағдарламасын құрастырудан, ЭЕМ-ге бағдарлама жөндеуден, ЭЕМ-де математикалық үлгілерді және мәселелерді шешуден түзеледі.

Үшінші кезең – нәтижелерді іске асыру - жобалауда мәселе шешімдерінің нәтижелерін талдаудан және мәселе шешімдерінің нәтижелерін іске асырудан түзе-леді.

Кәсіпорындарды қайта құруын жобалау барысында бірыңғайлау талаптарын барынша көп ескеру, нормалау және өндіріс базасын типтеу қажет.

Бірыңғайлау әр типті жабдықтардың ең аз санымен әмбебаб иілгіш технология-лық бойларды, конструкциялардың ең көп түрлерін дайындауға арналған қалыптар мен жабдықтарды қолдануды қарастырады.

Нормалау – бұл жұмыс істейтін нормальдар мен нормаларға және сәулеттік-конструктивті шешімдерге жауап беретін, құралмалы темірбетон бұйымдарын шыға-ратын технологиялық бойларды жасау.

Типтеу типтік жабдықтар жиынтықтары, қалыптар және жабдықтар қолдануы мүмкін технологиялық бойларды ұйымдастырудан түзеледі.

Көптеген зауыттардың қайта құру тәжірибесі қалыптау, арматуралау және бе-тон араластыру цехтарын қайта құруда типтік шешімдерді қабылдау өте тиімді екенін көрсетеді.

Ірі зауыттардың қайта құру жобаларында панельдер, сыртқы қабырғаларды, жа-булар мен жабындарды және жетпейтін жалпақ плиталарды, еңіс қалыптаумен авто-маттандырылған конвейерлік бойларда – ішкі қабырға панельдерін дайындауды жер асты саңлаулы камераларда жылумен өңдейтін горизонтальдық тұйық конвейерлі бой-ларда қарастыруға болады.

Сатылар марштарының өндірісін кассеталық қалыптарда, ал цоколь, шатыр жә-не сатылар торларының панельдерін - агрегаттық бойларда жобалайды.

ЦНИИЭПжилищада өңделген ҮҚК қайта құруда дайындалатын бұйымдар но-менклатурасының технологиялық схемалар варианттары 3 кестеде келтірілген.

Кәсіпорындардың қайта құру және техникалық қайта жабдықтау жобаларын өңдеу кезде шикізаттар мен дайын өнімдерды тасымалдау схемаларын үнемді шешуге, өндіріс алаңдары мен жер көлемдерін тиімді қолдануға, қоршаған орта мен еңбекті қорғау талаптарының біршама қатарларын орындауға үлкен назар аудару керек.

3 кесте. ҮҚК қайта құруда бұйымдардың негізгі номенклатурасын дайындау технологиясын таңдау жөнінде ұсыныстар





Дата публикования: 2015-01-04; Прочитано: 665 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...