Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Технологиялық процессті есептеу



Өндіріс ырғағын есептеу. Өндіріс ырғағы технологиялық процесстің негізгі есептеу көрсеткіші болып табылады. Темірбетон бұйымдары өндірісінде өндіріс ырға-ғы R, топталған қалыптарда немесе көпорынды стендтерде біруақытта өңделетін бұйымдар санынан q тәуелді, және келесі қатынас бойынша есептеледі:

мұнда - жобаланған периодта жұмыс уақытының есептеу қоры, сағ; - сол период уақытында дайындалатын бұйымдар саны, дана.

Жұмыс уақытының есептеу қоры негізгі технологиялық жабдықтарды қолдану коэффициентін ескеріп, технологиялық жобалау нормаларымен анықталады:

мұнда - жылдық жұмыс тәуліктер саны; - негізгі технологиялық жабдықтарды қолдану коэффициенті; ( =0,954 бескүндік және =0,98 алтыкүндік аптада); жұ-мыс сменасы ұзақтығы, сағ; - тәуліктегі жұмыс сменасы саны.

Технологиялық процессті жобалауда өндіріс бағдарламасының шарттарын үйлестіру керек. Ол элементтік процесстерді орындау уақыт шығындарымен анықталумен және өндіріс ырғағында орнықтырылумен көрсетіледі:

мұнда - элементтер циклдарының ұзақтығы; - үзіліс ұзақтығы (элементтік цикл ұзақтыңы мен ырғақ периодының арасындағы айырмашылық).

Неғұрлым және мөлшерлерінің мәндері жақын болса, соғұрлым элеметтік процесстердің қайталану периоды толық келісіледі.

Элементтік циклдардың ұзақтығын есептеу. Элементтік циклдар ұзақтығы бірлестірілмеген операциялардың берілген уақыттағы ұзақтығынан тұрады. Неғұрлым көп операциялар бірлестіріліп орындалса, соғұрлым элементтік циклдың ұзақтығы аз. Бірақ циклдың ең кіші ұзақтығын қамтамасыз ететін көп операцияларды біруақытта орындау, өндірістік қорлар қолданылуының біркелкі еместігіне және мөлшерлерінің артуына алып келуі мүмкін. Демек, берілген өнім көлемін ең аз шығынмен немесе ең үлкен өнім көлемін бар қорлармен алатын үйлесімді мақсат шешімін қамтамасыз ететін операциялар бірлесуін орнықтыру керек.

Циклдардың үйлесімді ұзақтығын анықтау үшін, технологиялық процесстерді модельдеуді әроперациялық графиктер мен циклограммалар құруға негізделген графоаналитикалық (сызу-сараптау) әдісті қолданады.

Операцияларды орындауды технологиялық тәуелділіктермен мүмкіндік беретін операциялар нормальдары бойынша және орындау мезгілдеріне байланысты жұмысшылар санын қабылдап, уақыт бойынша операциялардың бірлесу және сәйкес цикл ұзақтық мүмкіндігін орнықтырады. Бұйымдар шығару берілген бағдарламасы бойынша элементтік цикл ұзақтығын өнім шығару өндіріс ырғағымен технологиялық синхронизациялау іске асырылады ( нольге келтіру үшін).

Егер бөлек элементтік процесстерде жұмысшылардың жұмыс істеуі төмен болса, оларды тиімді қолдану үшін барлық технологиялық процесстерді ұйымдастыру синхронизациясын қолданады. Ол үшін технологиялық процесстің және технология-лық бой машиналары жұмысының кезектілігі мен мүмкіндігін анықтаушы, олардың уақыттағы және кеңістіктегі әрекеттерін көрсететін әроперациялық графигін өңдейді. Жабу плиталарын дайындауға арналған технологиялық бой машиналарының жұмыс циклограммасы 2 суретте көрсетілген.

Кеңістікте және уақыт ішінде негізгі операциялар дамуын көрсетіп, циклограмма посттар мен бойларды жобалауда автоматты басқарудың аса маңызды, бастаушы механизмдер жұмыстарының әрекеттесуін және циклдың ең жоғары тығыздалуын айқын қамсыздандыруға мүмкіндік береді.

Бой посттарының санын есептеу. Технологиялық бой, технологиялық про-цесс операциялары орындалатын посттар құрайтын, негізгі және көмекші машиналар мен жабдықтардан тұратын жүйе (жиынтық) болып табылады. Машиналар келесі принциптер негізінде жинақталады: қабылданған технологиялық әдістерді іске асыру үшін керекті, машиналардың толық құрамы жүйеге кіреді; Әр түрлі машиналар санын берілген өндіріс көлемі негізінде орнықтырады.

Берілген уақыт ішінде машина жұмыс өтей алатын, Bp машина-сағат саны, берілген N өнім көлемін шығаруға қажетті машина-сағат санына тең болуы керек:

BpMэm = NTэm,

мұнда Mэm – м- дік элементтік процессті орындауға арналған ашиналар саны; Tэm - м- дік элементтік процесс ұзақтығы.

2 сурет. Технологиялық бой машиналарының жұмыс циклограммасы:

1- бетон төсеуіш; 2- қалыптау қондырғысы; 3- арматуралау посты; 4- қалыптарды тазалау және майлау посты; 5- бұйымдарды қалыптан босату посты; 6- арматуралық қаңқаларды құрастыру посты; 7- № 1 көпір краны; 8- бұйымдарды жылумен өңдеу камерасы; 9- бұйымдарды толық дайындыққа жеткізу посты; 10- № 2 көпір краны; 11- бұйымдарды тасып шығаруға арналған арбаша

Қажетті машиналар саны:

Мэт=NТэт/Вр=Тэт/R

Бұл формула арқылы әрбір элементтік процес орындалуына арналған машина-лардың және технологиялық бой посттарының санын анықтайды.





Дата публикования: 2015-01-04; Прочитано: 1272 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...