Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ндірістің технологиялық схемасын өңдеу



Процесстің операциялық құрылысын (структурасын) анықтау. Техноло-гиялық процесснегізгі, ұйымдастыру тұрғыдан тұратынөзара байланысы және үйлестіруі өңдеу кезектігін, мазмұнын және элементтік процесстердің ұзақтығын, еңбек сыйымдылығын және қажетті қорларды анықтайтын операциялардан тұрады. Процесстің ұйымдастыру құрылысы элементтік процесстерге операциялардың топталу мүмкіндігі мен бастаушы элементтік процесстерді орнатушы, негізгі және көмекші өндіріс операцияларының жүйелілігімен және өзара байланыстылығымен сипатталады.

Құралмалы темірбетон өндірісінде бастаушы элементтік процесстер, әдетте қалыптау немесе арматуралау процесстерінің ұзақтығымен анықталатын техноло-гиялық бойлардың өнімділігі болып табылады. Ең ұзақ процесс – жылумен өңдеу процессі, бірақ ол бастаушы ретінде қабылданбайды, себебі онда негізгі жұмысшылар мен машиналар қатыспайды.

1 сурет. Функциональді технологиялық схеманың үлгісі

Процесстің ұйымдастыру құрылысы өңдеу технологиялық әдістері мен негізгі жабдықтарды таңдауға негіз ретінде қызмет етеді және технологиялық схема (графикалық немесе шартты) түрінде көрсетілуі мүмкін. Графикалық схема көрнекі, бірақ көп операциялы процесстер үшін оның көрінісі күрделі болғандықтан қолданбайды. Шартты схема технологиялық процессті тереңірек сипаттайды, бірақ, графикалық сияқты, операцияларды олардың функциональді тағайындалуы бойынша атап көрсетуге мүмкіндік бермейді. Егер өңделетін затқа ықпал етуші негізгі түрлерге белгілі графикалық символдар беретін болса, онда функциональді технологиялық схема алуға болады (1 сурет). Бұндай схемада негізгі және көмекші операциялар айқын көрінеді. Тік бойлар негізгі аңынның бағытын, ал көлденең бойлар материал-дар, жартылай фабрикаттар мен бұйымдардың ауысушылығын көрсетеді. Технологиялық схеманы бұндай әдіспен көрсету салыстырмалы қарапайым және процесстің опрециялық құрылысын жеткілікті айқын көрсетуге мүмкіндік береді.

Технологиялық әдістер мен процесстер режимдерін негіздеу. Технологиялық процесстердің сапалық мінездемелірін анықтайтын негізгі факторлар, бетон қоспаларын тығыздау әдістері мен режимдері, арматураны кернеу және бетонға кернеуді беру, бұйымдарда бетон қатуын тездету жұмыстары болып табылады.

Бетон қоспаларын, бұйымның барлық көлемінде ең жоғары біркелкі тығыздауды қамтамасыз ететін дефицитті тұтқыр материалдардың, уақыт және қуаттың ең аз шығынына жеткізетін әдістер мен құралдарды қолдану арқылы іске асыру керек.

Арматураны кернеу әдістері, процесстерді ең жоғары механикаландыруды, арматуралық болатты ең аз қалдық қалатын біркелкі және дәл кернелуінің автомат-тық бақылауын қамтамасыз етуі керек.

Жылумен өңдеу әдістерін, ең қысқа мерзімде және цемент шығынын жоғары-латпай өнімнің керекті беріктігін алатындай етіп қабылдау керек.

Технологиялық жабдықтар жиынтығын таңдау. Технологиялық процессті жобалау кезде ең маңызды мақсаттардың бірі жабдықтарды таңдау болып табылады. Таңдау үшін негіз: бойдың сағаттық өнімділігі, жүк ағынының мөлшері, жүктерді жылжыту қашықтығы, сонымен бірге оларды жеткізу циклдылығы мен үзіліссіздігі болып табылады.

Жабдықтарды таңдау кезде бойдағы барлық жабдықтар жиынтығы жұмыста-рын сәйкес келтіруді (синхронизациялауды) есебінен технологиялық жабдықтар мен көлік құралдарының бірге жұмыс істеуін ұйымдастыру үлкен маңызды.

Машина немесе агрегат типін таңдау, ең алдымен, бұйымдарды дайындауға ойылатын техникалық талаптарды орындаумүмкіндігімен анықталады. Егер бұл талаптарға машиналар мен агрегаттардың бірнеше типтері қанағаттандырған жағдайда машиналардың негізгі параметрлерінің бұйымдар конструктивтік мінездемелеріне сәйкестігін, машинаның техникалық өнімділігін толық қолдануды немесе операцияларды орындауға ең аз уақыт шығынын қарастырады; сонымен бірге өңдеу құны мен пайдалану шығындары ескеріледі.

Машиналар өнімділіктері тең жағдайда ең тиімдісін таңдайды.





Дата публикования: 2015-01-04; Прочитано: 1112 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...