Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Технологиялық жобалаудың негізгі принциптері мен мақсаттары



Құралмалы темірбетон конструкцияларының технологиялық процесстерін өңдеу: техникалық және экономикалық екі принциптен тұрады.

Техникалық принципке сәйкес берілген бұйымды дайындау жобаланған техноло-гиялық процесс толығынан жұмысшы сызулар мен техникалық шарттардың барлық талап-тары орындалуын қамтамасыз етуі керек.

Экономикалық принципке сәйкес бұйымдарды дайындау ең аз еңбек шығынымен, жабдықтардың, құрал-саймандардың барлық техникалық мүмкіншіліктерін толық қолдануда ең аз уақыт шығынымен және бұйымдардың ең аз өзіндік құндылығымен жүргізілуі керек.

Техникалық принциптер тұрғысынан тең құнды, бірнеше мүмкін технологиялық процесстер варианттарынан, ең әсерлісі және рентабельдісі таңдалады. Бұл жағдайда қуат қорлары мен металлды тиімді қолдану жалпы мақсатын ескере өндірістің металл сиымдылығы мен қуат сиымдылығы көрсеткіштерін салыстыру маңызды мағнаға ие.

Құралмалы темірбетон конструкцияларын дайындау технологиялық процесстерін жобалау кезінде жүйелі өндіру әдісін, технологиялық процесс құрылысын, технологиялық әдістер мен операциялар режимдерін таңдайды, технологиялық жабдықтарды, технологиялық процесстер ұзақтығын,материалдық қамсыздандыру мен жұмысшылар құрамын, өндірістің негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерін таңдайды және есептейді.

Жобалар негізі жаңа немесе жұмыс істейтін зауыттарды қайта құру өңделген технологиялық процесстері болып табылады.

Құралмалы темірбетон бұйымдарын дайындау технологиялық процесстерін жобалау кезінде бастапқы мәліметтер: өнім номенклатурасы(типтері мен маркалары көрсетіліп); әрбәр атаулы және типті мөлшерлі бұйымдарның шығару көлемі; бұйымдарның шығару жинағы (жинақтардың саны, шығару құрамы мен периодтығы); бұйымдардың жұмысшы сызулары мен оларды дайындау үшін техникалық шарттар болып табылады.

Жұмыс істейтін зауыттарды қайта құру жобасын өңдеуде жабдықтардың, өндіріс алаңдарының және басқа жергілікті шарттардың бар екені туралы мәліметтерді білу керек.

Технологиялық жобалау Мемст-тар, ҚНжЕ-і, жобалау технологиялық нормалары, типтік технологиялық бойлар, жабдықтар паспорттары және басқа нормативтік және анықтама материалдар негізінде іске асырылады.

Технологиялық процесстер жобалауын келесі кезекпен орындайды: өндірістің тиімді әдісін таңдайды; өндіріс технологиялық схемасын өңдейді; өндіріс операцияларын, технологиялық процессті, технологиялық бойлар параметрлерін (өлшемдерін) есептейді.

Өндірістің тиімді әдісін таңдау берілген бұйымдар номенклатурасын дайындаудың бар әдістері мен типтік шешімдерін шолудан және талдаудан, өнімдердің технологиялық жіктелуін, бұйымдарды дайындау мүмкін әдістерінің варианттарын техника-экономикалық салыстыру жолымен анықтаудан тұрады. Жобалаудың бұл бөлімі келесі бөлімдердің бағытын белгілейді.

Өндірістің технологиялық схемасын өңдеу технологиялық процесстерді сапалық шешулерден тұрады. Бұл бөлімде процесстің технологиялық құрылысын, операцияларды орындау мазмұны мен кезектілігін орнықтырады, негізгі технологиялықәдістер мен режимдерді негіздейді және есептейді, машиналар, қондырғылар және саймандар типтерін қабылдайды.

Өндірістік операцияларды есептеу посттар схемаларын өңдеуден, операцияларды орындау техникалық шарттарын анықтаудан, операциялық еңбек сіңіруді есептеуден тұрады.

Технологиялық процессті есептеу технологиялық бойлардың директивтік (нұсқау) ритмін (ырғағын) және процесс элементтік циклының ұзақтығын есептеуден, негізгі жабдықтар саны мен технологиялық бойлар посттарын есептеуден, процесстер операциялық графигін өңдеуден тұрады.

Технологиялық бойлар параметрлерін есептеу жабдықтардың көлемдік орналасты-рылуын, жұмысшыларды бойлар посттарына қойылуын,процесстің уақыт пен кеңістікте-дамуын анықтайды. Бұл бөлімде процесстің әсерлілігін анықтаушы, жобалық көрсеткіштердіорнықтырады.





Дата публикования: 2015-01-04; Прочитано: 1817 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...