Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ндірістің техника - экономикалық нәтижелілігі



Құралмалы темірбетон өнеркәсіп кәсіпорындарының өте маңызды мақсаты - өнімнің өзіндік құнын жүйелі төмендету. Осы облыста алдыңғы қатарлы кәсіпорын-дардың қол жеткізген табыстары, өндіріс ұйымдастыруын жетілдіру нәтижесі, еңбек өнімділігін жоғарылату, заттар қорларын үнемді шығындау және мекемелердің өндіріс қуаттылығын тиімді қолдану болып табылады.

Өндірістердің резервтерін табу және орындау - өнеркәсіп дамуының өте маңыз-ды қайнарларының бірі, әсіресе өндіріс резервтері өнімсіз шығындарды жоюмен тау-сылмай, сонымен қатар алдыңғы қатардағы технологияларды, техниканы және өндіріс ұйымдастыруын қосады.

Өндіріс қуаттылықтарының резервтері қалыптау және ылғалды-жылумен өңдеу циклдерінің қысқартылуымен, өнім шығару ырғақтылығымен, өндірісті маманданды-румен және шоғырландырумен, жабдықтар өнімділігінің жоғарылауымен және т.б. байланысты. Бірқатар өнеркәсіптерде өндіріс қуаттылықтарын жартылай қолдану бөлек өндіріс учаскелерінің қуаттылығы әркелкі болуына, әсіресе шағын кәсіпорын-дарда, жабдықтарды төмен деңгейде жүктеуне және механизациялаудың төмен деңге-йіне байланысты. Тек жұмыс істейтін мекемелердің өндіріс қуаттылығын қолдануды жақсарту есебінен қосымша жылына 15 млн. м3 бұйымдар алуға болады.

Өндірістер қуаттылықтарының қолдану дәрежесі 1 м2 ­ өндіріс ауданнан алын-ған өніммен және ең толық қор қайтарылуы деңгейімен сипатталады. Алдыңғы қатар-дағы мекемелерде негізгі өндіріс қорлардың қор қайтару деңгейі 1 теңге капитал жұм-сау 1,1 – 1,2 теңге, ал жылына 1 м2 өндіріс алаңынан өнім алу 10 – 25 м3/жыл құрайды.

Өндіріс нәтижелілігінің өте маңызды резерві кәсіпорындарды мамандандыру болып табылады. Тәжірибе көрсетуі, зауыттардың мамандандырылуы барлық техника-экономикалық көрсеткіштердің жақсаруы, бірақ құралмалы темірбетон өндірісінде кәзірше мамандандыру деңгейі болғаны 60-70%. Өндіріс мамандандыры-луының өсуіне кедергі негізгі себептер, құралмалы конструкциялардың жеткіліксіз үйлестірілуі, сонымен қатар мекемелердің ведомстволық қарым-қатынас жоқтығы бо-лып табылады.

Шикізатты, отынды және басқа қуат ресурстарын шығындау резервтері шикізат материалдарын тиімді таңдау және өндірістік емес шығындарды жою, материал сы-йымдылығы мен қуат сыйымдылығын төмендететін, әсерлі өндіріс әдістерін қолдану-да. Қалыптау кезде бетон қоспасының артық шығыны жоғалтудан және бұйымдар мөлшерлерін үлкейту салдарынан 5% жетеді. Цемент және басқа заттардың шығынын төмендетуге мүмкіндік беретін, толтырғыштар сапасын жақсарту жолымен үлкен үнемділік алуға мүмкіндік береді.

Еңбек шығындары бойынша резервтер еңбек өнімділігінің жоғарылау, жұмыс уақыттарын толық қолдану, өндіріс процестерін механикаландыру және автоматтан-дыру, жұмысшылар мамандықтарын жоғарылату ж.т.б. ішінде болады. Еңбек шығын-дарын төмендету үшін бұйымдарды қалыптау әдістерінің прогресшіл әдістеріне өту үлкен мағынаға ие. Мысалы, конвейерде панельдерді дірілтығыздаумен дайындау еңбек сыйымдылығы 2,4 адам-сағ, ал экструдирлікпен - 1,5 адам-сағ құрайды. Жалпақ панельдерді роликті пресстеуді қолдану оданда үлкен әсер береді: еңбек сыйымдылығы 0,73 адам-сағ төмендейді.

Құралмалы темірбетон бұйымдарының өзіндік құнын төмендету маңызды резервтері арматуралық жұмыстардың еңбек сыйымдылығын төмендетуден және зауыттарда арматуралық шаруашылықты жақсартудан тұрады.

Құралмалы темірбетон бұйымдар өндірісінің техникалық және ұйымдастыру көп мәселелері соңғы қорытынды шешім тапқан жоқ. Өндіріс көлемін арттыру үлкен потенциалды мүмкіншіліктері, материалсыйымдылықты, металлсыйымдылықты, өн-діріс энергия сыйымдылығын төмендету, еңбек өнімділігін жоғарылату және жанжақ-ты өндіріс резервтерін әсерлі қолдану жолымен қор қайтарылуын ашу бола алады. ­





Дата публикования: 2015-01-04; Прочитано: 817 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...